Жиі қойылатын сұрақтар
Білім беру ұйымдарында «Ұлттық білім беру дерекқоры» (бұдан әрі -ҰБДҚ) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модулі іске қосылды. Педагог қызметкерлер аталған бұйрықтың 3-тарауына сәйкес конкурстық негізде қызметке орналасады.
Осыған байланысты, білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында, «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модулінде немесе enbek.kz порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған жағдайда, мамандығы қажетті мамандар тізімінде болса, конкурсқа қатынасу үшін құжаттарын тапсырады.
Колледжде тегін білім алуға мемлекеттік гранты алу үшін eGov.kz порталы арқылы өтініш беру немесе колледжге тікелей хабарласу қажет. Сіз 25 маусымнан бастап 4 колледж бен 4 мамандықты таңдай аласыз. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Өтініш беруге болады:
- eGov.kz порталы арқылы;
- колледждің қабылдау комиссиясына тікелей жүгіну арқылы.
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұратын жері, қызметі және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың электрондық көшірмелері;
- мемориалдық тақтаның эскизі;
- қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі.
Баспа өнімдерін, атап айтқанда кітапты ресми басып шығару үшін автор өтініш беруші тұлғасында уәкілетті органға жүгінуі және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасында алдын ала іріктеуден өтуі және қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді одан әрі басып шығару үшін сараптама комиссиясының оң қорытындысын алуы қажет. Баспа өнімі және электрондық нысандағы шығарылатын әдебиеттер ҚР ӘҚБтК 490-бабы 1-тармағының 3-тармағын, сондай-ақ, ҚР ҚК 174-бабының 1-тармағын бұзбауы тиіс.
Отбасының коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығысы табысының белгіленген үлесінен асып кетсе, аз қамтылған отбасыларға субсидия беріледі. Ол үшін қайда жүгіну керек:
-Тұрғылықты жері бойынша әкімдікке;
- немесе eGov порталы арқылы онлайн.
Қажетті құжаттар (негізгі):
- Жеке куәлік;
- Отбасы құрамын растайтын құжат;
- Табыс туралы мәліметтер;
- Коммуналдық қызметтерге төлем түбіртектері.
Қалай төленеді:
Субсидия ақша ретінде берілмейді, ол коммуналдық төлем шоттарынан автоматты түрде шегеріледі.Ол жалдау, жылыту, су, газ, электр энергиясы және басқа да міндетті төлемдер шығындарының бір бөлігін өтейді. Субсидия әдетте 3–6 айға тағайындалады, кейін қайта рәсімдеу қажет.
Қызмет сапасы төмен болса, тұтынушылар коммуналдық кәсіпорынға немесе жергілікті әкімдікке ресми арыз бере алады.
Коммуналдық қызметтер үшін заңсыз есептеулерге шағым айту үшін тұтынушының ұстанымын растайтын құжаттарды жинап, басқарушы компанияға немесе тіисті органға, мүмкін сотқа жүгінуге болады.
Коммуналдық тарифтер табиғи монополиялар саласы ретінде қаралады, сондықтан мемлекеттік орган — Табиғи монополияларды реттеу комитеті, жергілікті жерде табиғи монополияларды реттеу агенттігі тарифтерді реттейді, бекітеді және өзгерту құқығына ие. Энергетика министрлігі шекті тарифтерді қалыптастыруға қатысады.
Төлем тәртібі: Төлем ай сайын бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі: есептегіш құралдары бар болса — нақты тұтыну бойынша, есептегіш жоқ болса — белгіленген нормативтер бойынша.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша эскиздер бойынша жобалау құжаттамасыз жүзеге асыра алады:
1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;
2) шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды;
3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;
4) үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;
5) қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;
6) техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;
7) ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары, жылыжайлар, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;
8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;
9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды;
10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;
11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды;
12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар маңында тас төсеніштер төсеуді;
13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;
14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;
15) жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;
16) пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды;
17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлауды;
18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;
19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;
20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;
21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.
Отбасының жиынтық кірісін есептеу кезінде, жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы кіріс ретінде қарастырылмайды.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған кірістің барлық түрлері отбасының жиынтық кірісі ретінде қаралады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032609). Олар:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер;
2) алимент түріндегі кіріс (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518);
3) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кіріс;
4) жеке шаруашылықтан түсетін кіріс;
5) жылжымайтын мүлікті жалға беруден және сатудан түсетін кіріс;
6) бағалы қағаздардан түсетін кіріс;
7) жылжымайтын мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған кіріс;
8) өтеусіз алынған ақша түріндегі кіріс;
9) ақша салымдары және депозиттер бойынша кіріс;
10) ақшалай аударымдар түріндегі кіріс;
11) ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және заттай түріндегі кіріс;
12) ерікті қоныс аударуға қатысушыларға көшуге арналған біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер.