Жиі қойылатын сұрақтар
- Қазақстанда дүкендер тауар бағасын өздері белгілейді. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ), мысалы: нан, сүт, жарма сияқты өнімдерге арнайы шектеулер бар.
Негізгі талаптар:
- Сауда үстемесі жеткізуші немесе өндіруші бағасынан 15%-дан аспауы тиіс
- Егер бір тауар бірнеше жеткізушіден келсе — үстеме ең төменгі бағаға есептеледі
- Егер келісімшартта бұл талап көрсетілмесе — ол жарамсыз деп танылады
Бұл шаралар бағаның шамадан тыс өсуіне жол бермей, халыққа қолжетімділікті сақтауға бағытталған.
ӘМАТ тізімі ресми түрде бекітілген және ашық қолжетімді.
Мысал: Дүкен сүтті жеткізушіден 200 теңгеге сатып алды. Заң бойынша, ол ең көбі 15% қосып сата алады.
Яғни: 200 + 30 = 230 теңге.
Егер дүкен 260 теңгеге сатса — бұл заң бұзушылық болады.
- «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне:
- Сауда объектілері
- Қоғамдық тамақтандыру объектілері жатады
Сауда объектілерінің түрлері:
1) сауда автоматы – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре – арнайы белгіленген жерде орналасқан оңай салынатын немесе тасымалданатын сауда орны;
3) автодүкен – жабдықталған, жылжымалы сауда орны;
4) шатыр – құрастырмалы құрылымдардан жасалған, арнайы белгіленген жерде орналастырылатын жеңіл тұрғызылатын құрылыс;
5) дүңгіршек – арнайы бөлінген жер учаскесінде орнатылған сауда жабдықтарымен жабдықталған күрделі емес тасымалданатын құрылым;
6) Дүкен – күрделі стационарлық құрылым немесе оның бір бөлігі, сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмысты қүй-жайлармен, сондай-ақ, тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз ету;
7) сауда үйі – белгілі бір аумақта тауарларды сатуға арналған, біртұтас басқарылатын сауда объектілерінің жиынтығы орналасқан, сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етілген және өз аумағында автокөліктерге арналған тұрақты ұсынатын капиталды стационарлық ғимарат;
8) Сауда нарығы – аумақты шаруашылық тұрғыдан қызмет көрсетуді, басқаруды және күзетуді орталықтандыру функциялары бар, тұрақты негізде істейтін, жергілікті атқарушы органдар айқындаған жер учаскесінде орналасқан, іргелес аумақтан оқшауланған және заңды әрі жеке тұлғалардың тауарларды сатуы (жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі) үшін, мерзімі 10 күнге дейінгі орындарды жалдау шартын міндетті түрде жасамай жүзеге асыруға арналған дербес мүліктік кешен.
Бұл объектілер тауарларды сату, сақтау, жеткізу және қызмет көрсету үшін қолданылады.
Мысал: әсіпкер қалада шағын бизнес ашқысы келеді. Ол екі нұсқаны қарайды: дүңгіршек қою немесе дүкен ашу. Екеуі де ішкі сауда объектілеріне жатады, өйткені олар арқылы тауарлар сатылады.
- Қазақстанда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құзыретіне жатады.
Ішкі істер органдары:
- қоғамдық тәртіпті сақтау
- құқық бұзушылықтардың алдын алу
- құқық бұзушылықтарды тоқтату міндеттерін атқарады
Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда (шу, төбелес, мас күйіндегі адамдар, тыныштықты бұзу, бұзақылық):
- 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу
- Жергілікті полиция бөліміне бару
Сондай-ақ, өтінішті онлайн түрде:
- eGov.kz порталы арқылы
- Ішкі істер органдарының ресми интернет-ресурсы арқылы жіберуге болады.
Мысал: Түнде көршілер қатты шу шығарып, тыныштықты бұзды. Тұрғын 102 нөміріне хабарласып, полиция шақырды. Полиция келіп, тәртіпті қалпына келтірді.
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (су тасқыны, дауыл, өрт, жер сілкінісі және т.б.) кезінде әрекет ету тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» заңмен реттеледі.
Бұл сала Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне жатады.
Мұндай жағдайда:
- Шұғыл көмек үшін 112 нөміріне хабарласу қажет
- Эвакуация, инфрақұрылым, материалдық көмек бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіну керек
- Өтініштерді онлайн түрде eGov.kz арқылы жіберуге болады
Мысал: Қатты жауыннан кейін су тасқыны басталды. Тұрғындар қауіп төнгенін байқап, 112 нөміріне хабарласты. Құтқарушылар келіп, адамдарды эвакуациялады. Кейін тұрғындар материалдық көмек алу үшін әкімдікке жүгінді.
- Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңы арқылы реттеледі.
Егер мемлекеттік рәміздерге қатысты заң бұзушылық анықталса:
- 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлауға болады
- Жергілікті полиция бөліміне тікелей жүгіну қажет
Егер заң бұзушылық:
- мемлекеттік органда немесе әкімдікке қарасты мекемеде болса — жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) хабарлау керек
Сондай-ақ өтінішті онлайн түрде:
- eGov.kz порталы арқылы жолдауға болады.
Мысал: Азамат мемлекеттік мекемеде Тудың дұрыс ілінбегенін байқайды. Ол бұл туралы әкімдікке хабарлайды немесе 102 нөміріне қоңырау шалады. Тиісті органдар тексеріс жүргізіп, заң бұзушылықты түзетеді.
- Қалалық аумақтарды мерекелік безендіру Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
Осы заңға сәйкес:
- елді мекендерді абаттандыру;
- көріктендіру;
- мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру -
қала немесе аудан әкімдігінің міндеті болып табылады.
Бұл жұмыстарды әдетте әкімдіктің құрылымдық бөлімдері жүзеге асырады:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;
- мәдениет бөлімі;
- ішкі саясат бөлімі;
Өтініштерді:
- әкімдіктің ресми сайты арқылы;
- eGov.kz порталы арқылы;
- e-Өтініш АЖ арқылы жолдауға болады.
Мысал: Тұрғындар өз ауданында мерекеге орай көшелерді безендіруді сұрады. Олар "e-Өтініш" АЖ арқылы әкімдікке өтініш жіберді. Әкімдік тиісті бөлімге тапсырма беріп, көшелерге жарық шамдар мен баннерлер орнатылды.
- Қала аумағында іс-шара өткізу үшін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) алдын ала өтініш немесе хабарлама береді.
Егер бұл:
- митинг, шеру, пикет, демонстрация болса — арнайы тәртіппен қаралады.
- мәдени, спорттық немесе мерекелік іс-шара болса — әкімдікпен келісу қажет
Өтініш қаралғаннан кейін әкімдік:
- рұқсат береді немесе
- дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.
Бұл рәсім Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы негізінде жүзеге асырылады.
Өтінішті:
- әкімдіктің ресми сайты арқылы;
- eGov.kz порталы арқылы;
"e-Өтініш" ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.
- Сыртқы жарнама объектілерін орналастыру жергілікті атқарушы органмен (әкімдікпен) келісу арқылы жүзеге асырылады.
Жарнама орналастыру үшін:
- тиісті әкімдікке өтініш беру қажет;
- жарнаманың эскизін (дизайн-жобасын) ұсыну;
- орналастыру орны мен техникалық сипаттамаларын көрсету;
- белгіленген алымды төлеу.
Жарнама объектілері:
- елді мекенді абаттандыру қағидаларына
- сәулет және қала құрылысы талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Рұқсатсыз орналастыру:
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Мысал: Кәсіпкер дүкенінің алдына жарнама баннерін ілгісі келеді. Ол әкімдікке өтініш беріп, баннердің дизайнын ұсынады. Рұқсат алғаннан кейін ғана жарнаманы орналастырады. Егер рұқсатсыз ілсе — айыппұл салынады.
- Атырау облыстық балалар тіс емханасы қабылдауына бірнеше жолмен жазылуға болады:
- емхананың байланыс нөмірі арқылы;
- Damumed мобильді қосымшасы арқылы;
- WhatsApp немесе Instagram желілері арқылы;
- емханаға тікелей барып.
Жұмыс уақыты:
- Дүйсенбі–Жұма: 08:00 – 20:00;
- Сенбі–Жексенбі және мереке күндері: 09:00 – 17:00.
Қосымша:
- Емхана аллерготестке жолдама береді;
- Немесе алдын ала тапсырып келуге болады.
Мысал: Ата-ана баласының тісін қарату үшін Damumed қосымшасы арқылы дәрігерге жазылды. Қабылдауға дейін аллерготест тапсырып, дайын болып келді.
- Аутопсия — қайтыс болған адамның ішкі ағзаларын зерттеу арқылы өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Ол келесі жағдайларда қажет:
- тірі кезінде нақты диагноз қойылмаған болса
- өлім күмәнді жағдайда болса
- медициналық қателіктерді жоққа шығару үшін
Аутопсия міндетті емес, егер:
- адам ауруханада қайтыс болып
- нақты диагнозы белгілі болса
- туыстары келісім берсе — кей жағдайда мүрде ашылмауы мүмкін
Міндетті жүргізілетін жағдайлар:
- нәресте өлімі
- бала өлімі
- ана өлімі
Бұл талаптар заңмен бекітілген.
Мысал: Науқас ауруханада емделіп жүріп қайтыс болды, бірақ нақты диагноз анықталмаған. Дәрігерлер өлім себебін білу үшін аутопсия жүргізді.