Жиі қойылатын сұрақтар
Жолаушылар көлігі бөлімі бүгінгі күнге 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
2.«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру»;
3.Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қазан айынан бастап Атырау қаласының барлық қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жобасы енгізілді.
Электрондық билеттеу жүйесіне толықтай көшуіне байланысты 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тасымалдаушылар "Atyrau-Avtopark" ЖШС-гі мен "Alga Bus" ЖШС-гі жолаушыларды отырғызуды реттеу үшін кондукторсыз қызмет көрсететін автобустарды желіге шығарды, өйткені валидаторларға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жол жүру ақысын қолма-қолсыз төлеуге мүмкіндік береді.
Жүргізуші тарапынан бұзушылық фактісіне қатысты қоғамдық көлікте осындай жағдайларды болдырмау мақсатында тасымалдаушылармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастардың стартап жобаларын қолдауға бағытталған «Atyrau youth hackathon» инновациялық идеялар фестивалін ұйымдастыру жоспарлануда. Ұсынылған идеялар арасында ең үздік
12 инновациялық жобаларға қаржылай грант тағайындалады.
Жалпы жүлде қоры – 3, 750 млн. теңгені құрайды.
Сонымен қатар «Бизнес бастау» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында 2020 жылы кәсіпкерлік негіздеріне 506 адам оқуға жіберілсе, 844 жас білімдерін шыңдай түсті, 235 жасқа өз ісін ашу үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді.
Отбасы банк арқылы «Бақытты отбасы», «Өз үйім – Бақыт мекенім», «Шаңырақ» бағдарламалары жүзеге асуда. Бағдарламалар туралы толық ақпаратты www.hcsbk.kz сайтынан білуге болады.
Өңірде 29 жасқа дейінгі жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Жас Отау» жобасы іске асырылуда. Жоба 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда 310 жас отбасы тұрғын үймен қамтылды. Ағымдағы жылы 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. Аталған жоба бойынша толық ақпаратты
8 (7122) 305760 нөмірінен алуға болады.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бағдарламасына
2021 жылы құжат қабылдау сәуір айында басталады. Маусымдық жұмысқа 16 - 29 аралығындағы жастар қатыса алады. Жоба туралы толық ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде @atyrau_jastary парақшасында жарияланатын болады.
Жоғарғы оқу орнының түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» және «Дипломмен – ауылға» бағдарламалары іске асырылуда.
«Жастар тәжірибесі» бойынша оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекет түлектерге алты айлық жастар тәжірибесін ұсынады. Бұл үшін диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының/ауданының әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш береді. Содан кейін жұмыспен қамту орталығы түлек туралы деректі мамандар деректерінің бірыңғай қорына енгізеді және жұмыс беруші компаниялар арасында диплом бағыттары бойынша бөледі.
Жастар тәжірибесіне (практикасына) бағытталған бағдарламаға қатысушылардың айлық еңбекақысы – 18 айлық есептік көрсеткіші (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыларын және банктік қызмет көрсетулерді шегерусіз) құрайды. Егер жұмыс беруші тәжірибе (практика) уақытында сізді өзінің компаниясына жұмыс жасауға қабілетті және сай келеді деп есептейтін болса – ол сізді тұрақты жұмыс жасауға қабылдауға құқы бар. Жас маман үшін бұл нұсқа жұмыс тәжірибесінсіз неғұрлым қолайлы болып саналады, бұл орайда сіз, тәжірибеден өту кезінде өзіңіздің және өзіңіздің кәсіби дағдыларыңызды көрсету мүмкіндіктерін назардан шығарып алмаңыз. Бағдарлама түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.
Түлектің бағдарламаға қатысуы үшін мыналар қажет:
1. Өз қаласының немесе ауданының әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру.
2. Жұмыссыз ретінде тіркелу (жас мөлшері 29-дан аспауы тиіс).
3. Төмендегідей құжаттар тапсыру:
- жеке бас куәлігі;
- диплом;
- үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
- зейнетақы қорымен жасалған шарт;
- Халық банкінен ағымдағы есепшот;
- 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама.
«Дипломмен – ауылға»
Төмендегі мамандықтар:
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мәдениет және спорт;
- ветеринария бойынша ЖОО-ны аяқтаған студенттер үшін.
Мемлекет тиісті әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерлерде жұмыстар ұсынады. Жас мамандарды әлеуметтік қолдауға мыналар кіреді:
• 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру;
• 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жылға арналған мерзімге тұрғынүй сатып алу және салу үшін бюджеттік несие беру;
• ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелерінің мамандарына (қалалық елді мекендерде) тарифтік мөлшерлемелерден 25%-ға кем емес мөлшерде лауазымдық еңбекақыны көтеру.
Бағдарламаға қатысу үшін мыналар қажет:
• сіз таңдаған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешені және т.б.) өз бетімен жұмыс табу;
• жұмысқа қабылдау кезінде үміткер бағдарламаға қатысуға аудандық комиссияға өтініш береді;
• өз бетіңізбен жұмыс іздеу мүмкіндігі болмаған кезде, сіз ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне немесе өңірлердегі жауапты қызметкерлерге өтініш білдіре аласыз;
• өңірлердегі кадрларға деген қажеттілік туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.
Жобаға қатысу үшін құжаттар тізбесі:
• үлгі бойынша өтініш; - жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы;
- білімі туралы дипломның көшірмесі;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алу-сату туралы алдын ала шарт;
- жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік несие алу үшін);
- тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдерін пайдалану құқығына акті.
2020 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 38 жас маман бюджеттік несиеге қол жеткізсе, 120 жас маман көтерме жәрдемақы алды. «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1081 адам жолдама алып, оның 638 - і тұрақты жұмысқа орналасты.
Балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін сала - қосымша білім беру саласы. Білім беру саласындағы қосымша білім беру мекемелерінің саны – 43, қамтылған бала саны – 34 587, бұл оқушы контингентінің 25% құрайды.
Пандемия жағдайында қосымша білім беру ұйымдарының оқу үрдісі дәстүрлі және қашықтықтан ұйымдастырылған. Дәстүрлі оқу үрдістегі үйірмелер Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша белгіленген адам санындағы балалар тобымен өткізілуде. Қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау қызметі автоматтандырылғандығын хабарлаймыз.
e-gyzmetter.kz порталына жеке ЭЦП кілтімен кіре отырып, ата-ана облыстағы қосымша білім беру ұйымдары туралы мәлімет ала алады. Мекемелердің сілтемесі арқылы үйірмелер, педагогтар, сабақ кестесі, жетістіктерімен танысады.
Бұл қызмет ата-ана үшін тиімді және қолайлы.
Пандемия жағдайында тәрбие жұмысы мектептердің, сыныптардың әлеуметтік желілері арқылы болса, ал облыс бойынша «Атырау-тәрбие-мектеп» инстаграмм және фейсбук парақшалары арқылы ұйымдастырылады.
Жаз мезгілінде «Атырау-жаз-2020» инстаграмм парақшасында қашықтықтан лагерь өткізілді. Қашықтықтан лагерьге 7400 қатысушы тіркелді. Парақшада ақпараттар, шеберлік сыныптар, дене шынықтыру жаттығулары, кездесулер, байқаулар ұйымдастырылды.
Соның ішінде, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрсетілген әкелердің балаларды тәрбиелеуге тең құқықты қатысып, араласуын қамтамасыз ету мақсатында Әкелер мектептерінің қызметтері жандандырылуда. Жаз мезгілінде қашықтықтан ұйымдастырылған лагерінде «Отбасым – алтын бесігім» апталығы аясында «Бұл – менің отбасым» отбасылық дәстүрлерге шолу, «Әкеммен өткен бір күн» бейне - жоба, «Әкеммен бірге жасаймыз» қолөнер бұрышы, «Төр – әке орны» әке туралы бейне-сюжет тақырыбында жұмыстар орналастырылды. Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауларға отбасылар жақсы қатысқандығын атап кеткіміз келеді. Баланың құқығын қорғау, ата-ананың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық сауаттылық бағытында ақпараттандыру шаралары жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Акциялар, онкүндіктер кезінде түсіндірме жұмыстары міндетті түрде өткізіледі. Басқарманың Телеграмм - чат желісінде ата-анаға кеңестер беріледі, сұрақтарға жауап жолданады.
Кезекке тұру
- Қадам Кезекке тұру бөлімін басып Өтініш қызмет сипаттамасын оқып шығу, кезекке тұру батырмасын басу.
- Қадам Ата ана туралы мәліметтер енгізу. Ол үшін «*» міндетті жолдарды толтыру. Мобильді тел нөмірін жазып смс жіберуге келісемін ге галочка қойып, смс арқылы растау кодын жіберу басасыз, сізге код келеді соны тересіз. Екінші тел нөмірін енгізесіз. Электронды пошта міндетті емес оны салмасанызда болады. Ары қарай батырмасын басасыз.
- 3. Қадам Ата ана мен бала туралы мәліметтер бөлімі. Ата ана ЖСН- ИИН тересіз ата жөнін толтыру бассаныз өзі толтырылады, бала туралы мәліметтіде солай толтырасыз Тұрып жатқан мекенжайды жазасыз. Ары қарай батырмасын басасыз.
- 4. Қадам Льгота туралы. Егер сізде қолынызда жеңілділікті расттайтын анықтамаңыз болса сол анықтаманы сканерлеп саласыз, Ары қарай батырмасын басасыз.
5. Қадам Барлық толтырылған мәліметтерді тексеріп шығу қажет, расттаймын деген жерге галочка коясыз, келісемін деп өтінішті жіберу дегенді басасыз содан кейін
Жалпы білім беретін ұйымдарда кезекші сыныптарды ұйымдастыру. Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың қаңтар айының 21 жұлдызы шыққан №1 және 27 қаңтардағы №2 қаулысына,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №527 «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345.