Жиі қойылатын сұрақтар
Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекті алу үшін бекітілген халық тізбесіне пациенттердің мәліметтері тіркеліп, пациент медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымына тіркелген болуы және диспансерлік есепте тұруы тиіс. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №666 бұйрығы бойынша диагноздарына қарай дәрілік препараттар бөлінген. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде берілетін дәрілік препараттар сапалы, тіркеуден өткен, сертификатталған. Бұдан басқа, сирек кездесетін аурулары бар және республикалық бюджеттен дәрі-дәрмектері қаралмаған науқастар үшін медициналық ұйымдардың сұраныстарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаралады.
Егер, науқаста жоспарлы түрде емдеуге жатқызуға көрсетілімдері болған және амбулаториялық-емханалық деңгейде емделу мүмкін болмаған жағдайда, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі. «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы дегеніміз бұл жоспарлы түрде берілетін медициналық көмек. Көрсеткіштер болған жағдайда дәрігер ауруханаға жатқызу үшін жолдама береді және емделушінің ауруының түріне сәйкес медициналық қызмет көрсетілетін медициналық ұйымды анықтап «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына енгізеді сонымен қатар ауруханаға жатқызу күні белгіленеді.
ҚР Еңбек кодексінің 109 бабына сәйкес, жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
ҚР Еңбек кодексінің 114 бабының 2 тармағына сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы күнтізбелік он екі ай орташа жалақыны есептеу үшін есеп айырысу кезеңі болып табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген жұмыскерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады.
ҚР Еңбек кодексінің 53 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерді штат саны қысқаруына байланысты еңбек шартын бұзу кезінде еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз бұзуға жол берілмейді.
ҚР Еңбек Кодексінің 93 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Яғни жұмыс берушімен бекітілген кестеге сай ала аласыз, сондай ақ жұмыс берушінің келісімімен жылдың кез келген мезгілінде нақты жұмыс уақытыңызға еңбек демалысының күндерін ала аласыз.
ҚР Еңбек кодексінің 113 бабының 1 тармағына сәйкес Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді, яғни жасаған айыңыздың еңбекақысы келесі айдын 10 жұлдызынан кешіктірілмей түсуі керек.
Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік - еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану үшін «aleumet.egov.kz» сайтына мүгедектігі бар адамның ЭЦҚ-сі арқылы кіреді.
Сонымен қатар, «Поддержка» функциясында барлық инструкциялар орналастырылғанын хабарлаймыз.
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға 16 160 теңге мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. (6,4 АЕК).
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар да: - көлік құралдары салығы мен жер салығын; - тұрғылықты жерін тіркеу, паспорттар мен жеке куәліктер беру кезінде нотариаттық және заңдық маңызы бар іс - әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылды, сондай-ақ 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы. Бұдан басқа, азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсететін болады. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шаралары кіреді, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету және тағы басқалар. Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу еліміздің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсыну бойынша толық ақпаратты Жұмыспен қамту орталықтарынан, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ call-орталықтың "111" тегін нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.
Ия, керек. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу қажет.