Жиі қойылатын сұрақтар
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне және мемлекеттік меншіктегі объектілерге атау беру, қайта атау мәселесіне қатысты өтінішіңізді ауылдық, ауылдық округтік немесе қалалық әкімдікке жолдауыңыз қажет.
Ономастика мәселелері келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
1.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;
2.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-Ү Заңы;
- «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы;
4.«Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №395 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі №367 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссияcы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №397 қаулысы;
6. ҚР «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы
Латынға көшу – заман талабы. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын және Интернет тілін жетік игеруіне мүмкіндік береді.
Артықшылығы:
Біріншіден, қазақ тілінің төл тума заңдылықтарын барынша толық қамту;
Екіншіден, түркі халықтарынан ірге ажыратпай, ортақ ғылыми-ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік тудыру;
Үшіншіден, жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ескеру және соған сай болу.
Ескертпе: қазіргі қолданып жүрген кирилл қарпіндегі әліпби қазақтың төл әліпбиі емес, славян текті халықтарға тән әліпби.
Жыл сайын «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерімен Атырау облысында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметшілері, әскери қызметшілер арасында диагностикалық және сертификаттық тестілеу ұйымдастырылады.
Диагностикалық тестілеу – тегін.
Сертификаттық тестілеу – ақылы (2021 жылға – 4841 теңге).
Толық ақпарат бойынша сілтеме: http://kazakhtest.kz/kz/
Латынға көшу – заман талабы. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын және Интернет тілін жетік игеруіне мүмкіндік береді.
Артықшылығы:
Біріншіден, қазақ тілінің төл тума заңдылықтарын барынша толық қамту;
Екіншіден, түркі халықтарынан ірге ажыратпай, ортақ ғылыми-ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік тудыру;
Үшіншіден, жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ескеру және соған сай болу.
Ескертпе: қазіргі қолданып жүрген кирилл қарпіндегі әліпби қазақтың төл әліпбиі емес, славян текті халықтарға тән әліпби.
Балалар спортын дамыту мақсатында 17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Оның 5-і Атырау қаласында, 12-сі облыс аудандарында.
Сонымен қатар облыс бойынша 8 спорт клубы бар: волейбол, баскетбол, футбол, шайбалы хоккей, бокс, мүгедектерге арналған спорт клубы, су спорты түрлері клубы, ұлттық спорт түрлері клубы.
Спорт мектептері туралы ақпаратты басқарма сайтының "салалық құжаттар" бөлімінен ала аласыздар. Осы мекемелердің барлығында балалар спортпен тегін шұғылданады.
Облыста жоғары жетістікке қол жеткізіп, ресми Қазақстан чемпионаттары мен әлемдік сайыстарда жеңіске жеткен спортшыларға ынталандыру мақсатында жеткен жетістіктеріне орай ай сайын «облыс әкімінің стипендиясы» деп аталып кеткен төлемдер төленуде. Бұл спортшыларымызға үлкен қолдау болып отыр. Төлемдер Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы №274 қаулысына сәйкес төленеді. Қаулыны басқарманың сайтының «құжаттар» бөлімінен көре аласыздар.
Атырау облысы бойынша дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, оның ішінде: облыс көлемінде 2021-2025 жылдары 22 спорт кешенінің құрылысын және халыққа қол жетімді 25 спорт алаңдарының құрылысын салу жоспарланды.
2020 жыл соңында Жылыой ауданының Қосшағыл және Жем ауылдарында дене-шынықтыру-сауықтыру спорттық кешендерінің құрылысы аяқталды. Бүгінгі таңда қабылдау-рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Индер ауданының Жарсуат, Исатай ауданының Жанбай, Махамбет ауданының Махамбет ауылдарында спорт кешенінің және. Мақат ауданының Мақат кентінде көпсалалсы спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.
6-8 жастан - Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау;
7-9 жастан - үстел теннисі, жүзу, суға секіру, теннис, ушу, шахмат, дойбы;
8-10 жастан - баскетбол, футбол;
9-11 жастан - су добы, волейбол, қол добы, коньки спорты, жеңіл атлетика, шайбалы хоккей, ұлттық ат спорты түрлері, саят;
С 10-12 жастан - бокс, велоспорт, еркін күрес, кір тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим күресі, самбо, қазіргі көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, ат спорты.
1.Оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш.
2.Оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін).
3.Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
4.Таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.
5."Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 088/е нысандағы медициналық құжаттама (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасын мүгедектер ұсынады).
2022 жылы құрылыс нысаны қолданысқа беріледі.