Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жергілікті жерде кадр тапшылығын шешу мақсатында облысымызда 2017 жылдан бері жергілікті бюджеттен облыс әкімінің білім беру гранты бөлініп келеді. Бұл білім беру гранты жергілікті жердегі жетіспейтін мамандықтарға, оның ішінде мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығы т.б. мамандықтарына бөлінеді. Облыс әкімдігі жанынан білім беру грантын беру жөніндегі комиссия құрылған. Облыс әкімінің грантына құжат қабылдау жыл сайын республикалық грант қорытындысы шыққанан кейін, яғни тамыз айында өткізіледі. Құжат қабылдау аяқталғаннан кейін комиссия отырысы өткізіледі. Бұл жерде еңі бірінші ҰБТ, КТ балы есепке алынады. ҰБТ, КТ балы бірдей болған жағдайда төмендегі санаттағы түлектерге басымдық беріледі.
1) "Алтын белгi" иегерлері;
2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген, кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;
4) халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар. Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» АҚ арасындағы қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша жасалған келісім шартқа сәйкес, Атырау облысында стихиялық қоқыс үйінділерін жою нәтижелері бойынша қалдықтарды орналастыру кестесі бойынша 484 (координат) рұқсат етілмеген қоқыс тасталған нысандар орналасқан жерлері анықталды, оның ішінде: Атырау қаласында 457 (координат), Махамбет ауданында 27 (координат). Қазіргі уақытта 362 орын тазаланып, қалған 121 орынға тазарту жұмыстарын жүргізілуде.
Тұрғындар арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бағытында жыл сайын бірнеше іс-шараларды жүргізіп келеді. Ағымдағы жылы да осы бағыттағы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан орталықтарында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап бөлек жинауды ұйымдастыру жобаларын енгізу үшін 7 ауданға 14,0 млн. теңге бөлініп,үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жалғасып келеді.
Атырау қаласында 2019 жылдың шілде айында ҚТҚ-ны сұрыптау кешені іске қосылды. Сонымен қатар, Жылыой ауданында қалдықтарды сұрыптау кешені мен ПЭТ бөтелкелерін, басқа да пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу желісін «Эко қала ХХІ » ЖШС жеке инвестор ретінде қыркүйек айында жылына 30 мың тонна қабылдайтын мүмкіндігі бар ҚТҚ-ны қабылдап, сұрыптап, кәдеге жарататын заманауи кешен сатып алып, іске қосты. Қазіргі уақытта жұмысын жүргізуде.
Елді мекендерде құм тоқтату жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 2018 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Исатай селосында және Қызылқоға ауданы Миялы және Жасқайрат селоларында құм тоқтату жұмыстары жүргізілді. Ал, 2019 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған селосында құм тоқтату жұмыстары жүргізілді. 2020-2021 жылдарға Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селосында құм тоқтату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты берген орган оның күшін жаңа рұқсат берілген күннен бастап, не табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде жояды.
Талқылау кезінде өткізілген қоғамдық тыңдаулар аяқталғаннан кейін хаттама толтырылады.
Қоғамдық тыңдаулар екі нысанда өткізілуі мүмкін: ашық және сауалнама нысаны;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө "Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес ашық нысан барлық мүдделі тараптардың жеке қатысуымен өтеді, әзірленген жобаның қызметі талқыланады, барлық қажетті құжаттар ұсынылады. Бұл нысан І және ІІ санатына қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө "Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес сауалнама нысанын жүргізу кезінде бастамашы мүдделі тұлғаларға сауалнама нысанын жібереді. Нысан обьектілердің ІІІ және IV санатына қолданылады.