Жиі қойылатын сұрақтар
Объектілерді пайдалануға комиссиялық қабылдау алып тасталғанын ескере отырып, құрылыс объектілерін бақылау жүйесі реформаланды және құрылыс процесіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары анықталған, атап айтқанда:
- мердігерлік компанияның жеке өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыру жөніндегі міндеті;
- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сұрау салуы бойынша мердігерлік компанияның орындалатын (орындалған) құрылыс-монтаж жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың сапасына зерханалық бақылау жүргізу міндеті;
- тапсырыс берушінің құрылыста техникалық және авторлық қадағалаудың міндетті түрде сүйемелдеуі жөніндегі міндеті;
- техникалық және авторлық тұрақты негізде құрылыс объектісін қадағалауды қамтамасыз ету, тапсырыс беруші мен Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органдарына олардың берген нұсқамаларын орындамау туралы хабардар ету 11 бойынша міндеті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады деп көрсетілген:
1) Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу, яғни СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы);
2) Эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу. Жобалауға лицензиясы бар мекемелерден эскиздік жоба дайындап,
elicense.kz/LicensingContent/ActivityField?ActivityField.Id=37 немесе www.eeAtyrau.kz порталдары арқылы келісімге тапсыруыңыз қажет және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілген мерзімде өтінішіңіз қаралатындығын қаперіңізге беріледі;
3) Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу;
4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi. Тұрғын үй беру мәселесі Заңнамаға сәйкес тек кезек ретіне қарай шешімін табады. Сонымен қатар кезектегі реттік санының өзгеруін еgov.kz сайты арқылы білуге болады.
2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау заңының» 83-бабына сәйкес қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өкілінің төрағалық етуімен комиссия жүргізеді.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1)денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
4-1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:
1) отбасы жағдайлары бойынша;
2) білім алуды жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа да себептер бойынша беріледі.
Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
Мемлекеттік мүлікті сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүргізіледі және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz cайтында жүзеге асырылады.
Бағдарлама талаптары бойынша 2004 - 2009 жылдардағы кезеңде берілген қарыздарды, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасында берілген қарыздарды 2035 жылға дейін қайта қаржыландыру көзделген. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушы өзінің кредит берген банкіне өтініш жасауы қажет. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру/конвертациялау 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады. ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету және баспананы баланстан қайтару мерзімі 2021 жылғы 1 шілдеде аяқталады.
Банктердің тізімін «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі №69 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №114 қаулысының мәтінінен https://finreg.kz/?docid=1310&switch=kazakh сілтемесі бойынша табуға болады. Банктердің Қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарын түсіндіретін қызметкерлерінің байланыс деректерімен, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізбесімен https://finreg.kz/?docid=1310&switch=kazakh сілтемесі арқылы танысуға болады.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N149 Заңының 15-бабына сәйкес уәкілетті орган жұмыс іздеп жүрген адамды тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжат негізінде немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеуге алады және жұмыс берушілерден түскен ваканттық жұмыс орындарына жұмысқа жолдайды. Жұмыссыз ретінде тіркелген соң келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
- даярлау және қайта даярлау курстары;
- әлеуметтік жұмыс орындары;
- қоғамдық жұмыс;
- Жастар практикасы;
- ваканттық жұмыстарға жұмысқа орналасу;
- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына қатысу;
- бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне қатысу.
Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарласу қажет. (тел.: 32-46-22).
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 70-бабына сәйкес, азамат (әйелі және кәмелетке толмаған балаларымен бірге) жалпыға ортақ пайдаланылатын тұрғын үй талабында бір ғана тұрғын үйге ие болуға құқылы, егерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысында некеге дейін осындай тұрғылықты жер болмаса ғана.