Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,69-баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз 11 топтарына жататын, сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған мемлекеттік, бюджеттік мекеме, әскери және сайланбалы мемлекеттік лауазымдағы Қазақстан Республикасының аумағындажеке меншігіндетұрғын үйі жоқазаматтарға пайдалануына беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес, материалдық көмек білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің келесідей санаттарына беріледі.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, мектептер алты жастағы және күнтізбелік жылдаалты жасқатолатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 30-бабы 2-тармағына сәйкес, мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiндебес жастан бастапжүзеге асырылады.
Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар 8,2 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алды. Оның ішінде Электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн алу және «42500 жәрдемақы алуға» өтінім беру қызметтері неғұрлым танымал болып отыр. Алайда, азаматтар арасында әлі де сұранысқа ие болып отырған басқа да бірқатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар. Біз ең танымал деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, оларды қалай алу туралы қысқаша ақпарат бере отырып, шолу жасаймыз. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын анықтау (ТЖ режимі басталғаннан бері 130 мыңнан астам анықтама алынды). Қызметті алу үшін Egov.kz порталында авторизациядан өтіп, онлайн режимінде қызметке тапсырыс беру керек. Содан кейін өтінімді толтырып, жіберіңіз. Осыдан кейін Пайдаланушы «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі дайын анықтаманы оқи алады. Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/pass668_mir.Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу (шамамен 105 мың анықтама берілген). Базалық зейнетақы мөлшерін есептеу қызметіне eGov.kz порталының басты бетінде тапсырыс беруге болады. Ол үшін кез-келген ыңғайлы әдіспен (логин / пароль, ЭЦҚ, SMS паролі арқылы) авторизациядан өту қажет, 3 қарапайым қадамнан өтіп, анықтама алыңыз. Дайын анықтама Жеке кабинеттің «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады. Толығырақ -egov.kz/services/P6.13.2/.Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы ресімдеу (90 мыңнан астам анықтама). Бұл қызметті eGov.kz порталынан онлайн режимінде ала аласыз, ол үшін авторизациядан өтіп, қызметке тапсырыс беру керек. Одан кейін өтінімді толтырып, оған екі әдіспен ЭЦҚ немесе SMS паролі арқылы қол қоюыңыз керек. Екінші әдіс үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Содан кейін 20 минут ішінде Порталдың жеке кабинетінде дайын анықтама көрінеді. Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/pass077_muӨтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама алу (шамамен 71,5 мың анықтама) Бұл анықтаманы алу үшін «Электрондық үкімет» порталында авторизациядан өту қажет, содан кейін өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ қою керек. Пайдаланушының Жеке кабинетіне кіріп, анықтаманы көре аласыз («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде). Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/family_support/pass175_mtsznЗейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру (70 мыңнан астам анықтама). Egov.kz порталында жинақталған зейнетақы қаражатының санын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық кірістерді қоса алғанда) туралы ақпарат беру» қызметін пайдалану арқылы тексеруге болады. Ол үшін Порталға кіріп авторизациядан өту қажет, содан кейін өтінімді толтырып,оған ЭЦҚ қол қою қажет. Бірнеше минуттан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жиналған қаражаттың мөлшері туралы ақпарат шығады. Толығырақ -egov.kz/cms/ru/services/pension/pass111_enpf«Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылғаны туралы естеріңізге сала кетейік. Оларды eGov.kz порталынан, eGovMobile мобильді қосымшасынан және Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлеріндегі чат-боттардан да алуға болады.
Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайлы басқа елдерден келген адамдар Қазақстанда ұсынылатын қажетті профилактикалық шараларды сақтауы қажет: денсаулығының жай-күйін бақылау, жеке гигиенаны сақтау, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған ақпаратты бақылау, респираторлық инфекция белгілері пайда болған жағдайда дәрігерді үйге шақыру.
Уақытылы диагностика Қазақстан аумағында жаңа коронавирустың пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Денсаулық сақтаудың ғылыми ұйымдары жаңа коронавирус гендерінің құрылымы туралы ақпарат пайда болған сәттен бастап 7 күннен аз уақыттың ішінде адам ағзасында вирустың болуын анықтау үшін диагностикалық жиынтықтардың екі нұсқасын әзірледі. Жинақтар полимераздық тізбектік реакция (ПТР) деп аталатын зерттеудің молекулалық-генетикалық әдісіне негізделген. Бұл әдісті пайдалану тест-жүйелерге елеулі артықшылықтар береді. Бірінші – жоғары сезімталдық – әзірленген тест-жүйелерді пайдалана отырып, вирустардың жеке көшірмелерін табуға болады. Екінші – ауруды диагностикалау үшін қан алудың қажеті жоқ, мұрын- жұтқыншақтан мақталы тампонмен үлгі алу жеткілікті. Үшінші-талдау нәтижесін 2-4 сағаттан кейін алуға болады. Қазақстанның барлық аумағы бойынша диагностикалық зертханаларында диагностиканың әзірленген құралдарын пайдалану үшін қажетті жабдықтар мен мамандар бар.
Коронавирус пен тұмау вирусының ұқсас белгілері болуы мүмкін, бірақ олар генетикалық жағынан мүлдем әртүрлі. Тұмау вирустары өте тез көбейеді — симптомдар жұқтырғаннан кейін екі-үш күннен кейін көрінеді, ал коронавирусқа ол үшін 14 күнге дейін қажет.
Жедел респираторлық инфекция белгілері пайда болғанда немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік болғанда тез арада үйге жедел жәрдем шақыру (103), сондай-ақ 1406, 109, 112 коронавирустық инфекция мәселелері бойынша call-орталыққа қоңырау шалу қажет. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ауыр нысандағы жағдайда алдын алу шараларын сақтау (адамдармен қарым-қатынасты шектеу, жөтел этикетін сақтау, маска кию, өзін-өзі емдеумен айналыспау) керек.
Барлық жастағы адамдардың вирусты жұқтыру қаупі бар. Ухань қаласындағы (ҚХР) Денсаулық сақтау жөніндегі комиссияның мәлімдемесінде соңғы 60 жағдай 15-тен 88 жасқа дейінгіні құрайды.
Алайда, басқа да вирусты респираторлық аурулардың көпшілігі сияқты, балалар мен 65 жастан асқан адамдар, иммундық жүйесі әлсіреген адамдар аурудың ауыр өту қаупі аймағында.