Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №503 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 40-баптың 1-тармағына сәйкес, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі. Аталған Заңның 9-бабының 1–тармағының 77-тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №503 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 26-баптың 2-тармағына сәйкес, жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Отандық асыл тұқымды ірі қара басына – 150 000 тг, асыл тұқымды жылқы мен түйенің аталық басына – 100 000 тг, отандық асыл тұқымды сатып алынған қой басына 15 000 тг. т.б. тұқымдық түрлендіру ірі қара малдардың аналық бастары мен селекциялық асылдандыру жұмыстарына субсидиялар қарастырылған.
Өсімдік шаруашылығын қолдау бағытында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №107 бұйрығымен бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 3 бағыт:
1)тыңайтқыштардың құнын субсидиялау. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тыңайтқыш жеткізушілерінен сатып алған минералдық тыңайтқыштар құнының 50% көлемі;
2)пестицидтердің құнын субсидиялау. Егістікте арам шөптерге қарсы пайдалану үшін пестицид жеткізушілерден сатып алынған гербицид шығындарының 50% көлемі;
3)тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау. сатылып алынған картоп, мал азықтық дақылдарының элиталық, 1 репродукциядағы немесе 1 будан тұқымдары немесе жеміс-жидек ағаштарының элиталық көшеттерін сатып алу шығындарының 50% көлемі субсидияланады.
Бұл ретте жоғарыдағы бағдарламалар бойынша субсидиялау нормалары бекітілгенде тыңайтқыштар, пестицидтер немесе ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым жеткізушілерінің 1 бірлікке ұсынған (ҚҚС қосылмаған) ең төменгі бағасы есепке алынады.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау туралы» №6-3/597 бұйрығымен бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес су жеткізу шығындары тарифінің 85% көлемі субсидияланады.
Бұл субсидиялық қолдауды Су жеткізушіден (біздің өңірде аумақтағы суару-суландыру жүйелері арқылы 2 жақты келісім шарттары негізінде су жүйелері (каналдар) арқылы су жеткізуші «Қазсушар» РМК мекемесі) егістік, шабындық алқаптарға су алушылар пайдаланады.
Өзіңізге белгілі аумақтың климаттық жағдайларына байланысты егістік тек қана суармалы алқаптарда өсіріледі және егіс алқаптарының негізі орташа және шағын шаруа қожалықтарының иеліктерінде өсірілуде. Негізгі өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары көкөніс, бақша, картоп және мал азықтық дақылдары (жонышқа, бір жылдық екпе шөптер, сүрлемдік жүгері, т.с.с.).
Соңғы бес жылдағы көрсеткіштерді салыстырсақ, 2016-2020 жылдар:
- егістік көлемі 7 604 гектардан, 9 327 гектарға немесе 122%-ға ұлғайып отыр;
Өнім көлемдері:
- көкөністер 71 703 тоннадан, 90 243 тоннаға немесе 125,8%-ға;
- бақша 28 988 тоннадан, 36 764 тоннаға немесе 126,8%-ға;
- картоп 25 236 тоннадан, 28 642 тоннаға немесе 113,5%-ға ұлғайды, тиісінше гектар өнімділігі де артуда. Өнім өндіру көрсеткіштері артуына ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік бағдарламалар аясындағы субсидиялық қолдаулардың, өндіріске озық технологиялардың кеңінен тартылуы және азаматтардың егін шаруашылығымен айналысуға ынта жігерлері нәтижесі деп есептейміз.
Егістік көлемдерін, әсіресе егістік құрылымында мал азықтық дақылдар көлемдерін ұлғайтуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Соңғы 5 жылдық бойынша 2016 жылы егістік көлемі 7 604 га құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 9 327 гектарға немесе 122% ұлғайды. Соның ішінде мал азықтық дақылдар көлемі 2 089 гектардан 3 333 гектарға, немесе 159,5% ұлғайып отыр.
Сонымен қатар егістікте жаңа технологияларды, оның ішінде тамшылатып суару технологиясын кеңінен енгізуге, өнімі мол, сапалы ауыл шаруашылығы сорттарын егу, егістікте минералдық тыңайтқыштар пайдалану үлестерін арттыру арқылы егістік өнімдерін өндіруге мән берілуде. Соңғы 5 жылдық бойынша 2016 жылы егістіктегі тамшылатып суару технологиясы пайдаланылатын алқаптар көлемі 1 927 га құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 000 гектарға немесе 155,7% ұлғайды.
Егін шаруашылығы саласындағы интенсивті бағытқа бет бұрыс және мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар аясындағы cоңғы жаңа технологияларды қолдаулар нәтижесінде егістіктен алынатын өнім көлемдері де артып келеді.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша бекітілген субсидиялау қағидаларының аясында ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілердің жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдарының бір бөлігін субсидиялау қарастырылған.
Мал және егін шаруашылығымен айналысуға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қаржы институттарынан 6%-бен (аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылар үшін - 4%) несиелер беріледі. Ауылшаруашылығы саласын дамытуға және сатып алынған ауылшаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарының және агроөнеркәсіптік кешен жобаларының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекет тарапынан субсидиялар қарастырылған. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды үшін үкімет тарапынан субсидиялау қарастырылып бекітілген.
Осындай жағдайда Сіз Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына немесе қалалық, аудандық жергілікті атқарушы органдардың тілдерді дамыту мәселесімен айналысатын құрылымдық бөлімшелеріне хабарласуыңызға болады.
Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанында «Жедел желі» (Call-center) жұмыс жасайды – 306946 немесе Атырау қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің - 452788 телефонына қоңырау шалып, кеңес алуға болады.
Маңдайшаның мәтініне келісім беру қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдардың тілдерді дамыту мәселесімен айналысатын құрылымдық бөлімшелерінің құзыретінде.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңының 21-бабына сәйкес:
«Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.
Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.
Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.
Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi».
Яғни, дүкеннің маңдайша мәтінін аталмыш Заң талаптарына сәйкес ресімдеу қажет.