Жиі қойылатын сұрақтар
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларына сәйкес Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жүргізу қарастырылған. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады. Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу және газ құрылғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.
Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жүзеге асырылады:
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн. теңгеден кем болмауы тиіс;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу млн. теңгеден кем болмайды, бұл ретте инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) (коммуникациялардың барлық түрлеріне) барынша көп сомасы 1 (бір) млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының/индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.
Кәсіпкер жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі:
1) бизнес-жоспар;
2) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
2020 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 580 жұмыс орнын құрумен құны 10,8 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды:
- «BEST MODULE» ЖШС-нің металл өңдеу зауыты, блок-контейнерлер мен модульдік ғимараттар өндірісі;
- «Бұйырғын» АШӨК қуаты жылына 300 - 1000 тонна құс еті, бройлер- балапандарды бордақылайтын құс фабрикасының құрылысы;
- «Доктор Хаус» ЖШС-ның медициналық бетперделер өндірісі.
- «Caspian Constractors Trust Atyrau» ЖШС-нің ыстық мырыштау әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығаратын цех;
- «Касхим» ЖШС-нің полипропилен қаптарын шығаратын өндірісті кеңейту;
- «Медстарэкспорт» ЖШС-ның инфузиялық ерітінділер құюға арналған тамызғылар өндірісі;
7. «Inder Tuz Company» ЖШС-ның ас тұзын өндіретін зауыт.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірнеше мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, несиені ішінара кепілдендіру, мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер несие алар кезде кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда 85 % - ға дейін, ісін жалғастырушы кәсіпкерлерге 50 %-ға дейін кепілдеме беру қарастырылған. Жобаңыз жаңа бизнес-идея болып жатса, мемлекет тарапынан қайтарымсыз сомасы 2 (екі) млн. теңгеден
5 (бес) млн. теңгеден аспайтын грант ұтып алуға мүмкіндік бар. Яғни, аталған грантты ұтып алу үшін, сіздің жобаңыз сол орналасқан өңірде жоқ немесе бұрын қолданылмаған инновациялық, жаңа технологиялар арқылы жүзеге асуы қажет. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қала және моно қала кәсіпкерлеріне сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайтын, несие мерзімі 5 жыл қала кәсіпкерлеріне 23 млн.теңгеге дейін несие беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 7 жылға дейін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды.
«Ветеринариялық(ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығының талаптарына сәйкес мүйізді ірі қара (сиыр), мүйізді ұсақ қара (қой мен ешкі) малдары 1 жасқа толғаннан кейін жылына 2 рет, ал түйе малы 1 жасқа толғандары жылына 1 рет рет бруцеллез ауруына серологиялық тексерістер жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының 3 тарау 8 тармағына сәйкес иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай залалсыздандырылған және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбелерге енгізілген аса қауіпті аурулар мен аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның 25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.
Осы бұйрықтың 5 тарауының 14 бабына сәйкес
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бруцеллезін қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ әкімі);
2) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
3) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акті;
5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;
6) ветеринариялық паспорт;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде №6321 тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмесін алу Қағидасына сәйкес берілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығына сәйкес, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдар арқылы тіркеу жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес, ветеринариялық анықтаманы Атырау облысының «Ветеринариялық стансалары» КМК-нан алуға болады.
Ветеринариялық анықтамалар жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдерді және жануарларды тасымалдағанда беріледі.
«Атырау облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидасы, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы маслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы №485-VI шешімінің 1 қосымшасына сәйкес, Атырау облысы Ветеринария басқармасы ұйымдастырып, Атырау қаласы және аудандардағы ветеринария стансалар жүзеге асырады:
- Қоғамдық орындарда жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және аулау мен жоюға жатады.
2. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда және басқа да орындарда) иелері байлаулы күйінде қалдырғандардан басқа иттер қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлген жануарларды жинау жөніндегі арнайы қызметтермен аулануға жатады. - Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі.
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, тыныштықты, адамгершілікті, осы жұмыстар жүргізілетін аумақта тұрып жатқан тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып жүргізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа кәмелетке толған, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар тартылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408-бұйрығымен бекітілген «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» өзгерістер мен толықтырулар (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы №190 бұйрығы):
1) бекіре, албырт, тұқы, жайын, цихлид, лат, араван тұқымдас балықтар мен олардың будандарын, шаян тәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды
сатып алу шығыстарының 30 (отыз) пайызын (бұдан әрі – %);
2) балық өсіру материалдарын сатып алу шығыстарының 50%-ын;
3) балық өсіру-биологиялық негіздеме шығыстарының 50%-ын;
4) дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарының 50%-ын;
5) балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50%-ын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналады.
Облыстың балық шаруашылығы мекемелері Атырау халқын балық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы «Сарайшық» коммуналдық базарына, «Көктем» орталық базарларына, сонымен қатар «Идеал», «Лидер», «Марко» ірі сауда орталықтарына өздерінің балық өнімдерін саудаға шығаруда.