Құрылым

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы" ММ "Бақанас орман шаруашылығы "КММ

Бақанас орман шаруашылығы өндірістік мекемесі 12 наурыз 1959 жылы   № 153 санды Қазақ ССР Ауыл шаруашылық Министірлігінің бұйрығына сәйкес 5 мамыр 1959 жылы № 249 санды Алматы облыстық орман шаруашылығы басқармасының бұйрығымен құрылған.Функционалды міндеттері: орманды қорғау, күзету, молықтыру және орман өсіруді ұйымдастыру, жануарлар дүниесін қорғау болып табылады. 2015 жылдан бастап Бақанас орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы ауыстырылды. Мемлекеттік орман қор жері – 1 218 749 га құрайды. Мекеме негізінен 4 орманшылыққа бөлінген Қарой, Көктал, Ақкөл, Бақанас.

Толығырақ

«Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы  облысы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қарашадағы   №483 қаулысымен «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу баскармасы» мемлекеттік  мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі  Алматы облысының аңшылық алқаптарының және балық шаруашылығы су айдындарының (немесе) учаскелерінің резерфтік қорында жануарлар дүниесін қорғау болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат саны 11 адамды кұрайды ,олар қажетті техникамен және арнайы кұралдармен камтылган.

Толығырақ

Шелек орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі

       Шелек орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі 1948 жылы құрылған, мекеме кеңсесі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы Малай—Батыр көшесі 3-ші үйде Шелек- Нарынқол автокөлік жолында орналасқан.

        Алматы облысы Әкімінің  03 ақпан 2003 жылғы №25 қаулысы негізінде Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бұйрығына сәйкес   Шелек орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі болып ұйымдастырылды.Мекеменің негізгі міндеті мемлекеттік орман қоры аумағында орманды өрттен, заңсыз кесуден сақтау, орман қорын көбейтіп, жануарлар дүниесін қасақалықтан қорғап, оның еркінше өсуіне мүмкіншілік жасау болып табылады.

        Шелек орман шаруашылығы аумағында табиғат жағдайына байланысты таулы-тоғайлы зоналарында орналасқандықтан жануарлар және аң – құстардың көптеген түрлері  мекендейді, оның ішінде: марал, таутеке,жайран, сілеусін, қасқыр, қабан,борсық, суыр тағыда көптеген түрлері, және Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енген құстардан ителгі, лашын, бірқазан, аққу, тағыда басқалары мекендейді.

       Мекеменің жалпы жер көлемі 117 437 гектар, оның ішінде 49 024 гектар  орманды алқап.Таулы аумақтарда орман ағаштарынан Тянь-Шань шыршасы, қайың,терек,тал, тоғайлы –жазық аумақтарда орман ағаштарынан тораңғы,жиде, тал, сексеуіл өседі.

       Мекемеде 5 гектар уақытша тұқым бағы бар, осы тұқым бақта 18 түрлі ағаш көшеттері өсіріліп –күтіп бапталуда – олар: сібір қарағайы, қырым қарағайы, тянь-шань шыршасы, көгілдір шырша,катальпа, тал, туя, биота, Қазақстан терегі,  акация, өрік, ирен ағашы,емен ағашы,бирючина,каштан.

     Мекеме 4 орманшылықтан  тұрады, орманшылықтар 47 айналымға бөлінген.

      Мекеменің жалпы жұмыскерлер саны 112 адам.

Толығырақ

«Қарадала орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

         «Қарадала орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан. Оның жалпы жер көлемі-258,812 мың гектар, таза орманды  алқабы –117,269 мың гектарды құрайды.Солтүстіктен оңтүстікке қарай-88 км, шығыстан батысқа қарай-125 км. Мекеме шекарасы солтүстікте Іле өзені жағалаумен Панфилов ауданымен, оңтүстікте Райымбек ауданымен, батыста Шарын мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен Еңбекшіқазақ  ауданымен және Шелек орман шаруашылығымен, шығыста Мемлекеттік шекарамен Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

         Бұл мекеме бұрынғы Кетпен және Іле орман шаруашылықтарының қосылуымен  құрылған.

         1.Кетпен орман шаруашылығы 1947 жылы 31 қантарда № 23 ССРО орман шаруашылығы Министрлігінің бұйрығы бойынша құрылған. Бұдан бұрын Кетпен орман шаруашылығы Жол қатынастар Министрлігінің құзырында болған. Бұл шаруашылық үш орманшылыққа бөлінген: Кетпен, Дардамты, Октябрь. Орталығы Кетпен ауылында орналасқан.

         2.Іле орман шаруашылығы 1947 жылы құрылған, бұрын  бұл шаруашылық  Заилийский орман шаруашылығына қарасты болған, бұл шаруашылық үш орманшылыққа бөлінген: Шарын, Подгорный, Ақсу, орталығы Сартоғай ауылында орналасқан.

Толығырақ

Нарынқол орман шаруашылығы

Нарынқол орман шаруашылығы 1947 жылы «Зайлийский лес промхоз» мекемесінен Қазақ ССРО орман шаруашылығы министірлігіне бүкіл орман қоры жерлерін Қазақ ССРО орман өндірістік министерствасынан берілінуіне байланысты Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып   құрылған. Нарынқол орман шаруашылығы 1967 жылдан бастап Нарынқол механикаландырылған орман шаруашылығы болып қайта құрылған.

Қазақ ССР Орман шаруашылығы министірлігінің 1988 жылғы 10 тамыздағы №118 бұйрығына сәйкес Нарынқол механикаландырылған орман шаруашылығы, Нарынқол орман шаруашылық өндірістік кәсіп орны болып қайта құрылды.

1994 жылы Алматы облысы орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің №1 05.01.1994жылғы бұйрығы негізінде Нарынқол орман аңшылық кәсіпорны.

1997 жылы Қазақстан Респуликасы ауыл шаруашылығы министірлігінң орман және аң шаруашылығы комитетінің №30 31.05.1997 жылғы бұйрығы, негізінде Нарынқол орман, аң шаруашылығы.

1998 жылы ҚР Үкіметінің №328 28.01.1998 жылғы қаулысы негізінде Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.

2005 жылы Алматы облысы әкімінің 3 ақпан 2005жылғы №26қаулысы негізінде Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі.

2015 жылы Алматы облысы әкімінің 19 қараша 2015 жылғы №518 қаулысы негізінде «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орман шаруашылық жұмыстарды табысты орындаудың негізгі анықтаушы көзі – ол орман шаруашылығындағы тәжірибелі мамандар, әкімшілік кадрлар, орман күзетшілері және орман саласындағы жұмысшылар.

Толығырақ

«Күрті орман шаруашылығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

     «Күрті орман шаруашылығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  1972 жылы ұйымдастырылған. Орталығы –Ақши ауылында орналасқан.

      Алматы облысы әкімдігінің 03.02.2003 жылғы №25 қаулысы негізінде «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрығына сәйкес «Күрті орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі болып ұйымдастырылды. Ауданның ауысуына байланысты , қазіргі орналасқан жері Алматы облысы,  Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылы, Балтағұл көшесі № 37 .

      Алматы облысы әкімдігінің  2015 жылы 19 қарашадағы №518 қаулысымен «Күрті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып жарияланды.

Мекеменің негізгі міндеті- мемлекеттік мекеме аумағында орман қорын өрттен, ағаштарды заңсыз кесуден сақтау, орман қорын көбейтіп, жануарлар дүниесін қасақылықтан қорғап, еркінше оның өсуіне мүмкіншілік жасау болып табылады.

Мекеме көлемі 367 720га  3 орманшылықтан тұрады, Ақдала, Ақжар,         Тау-құм. 20 айналымға бөлінген.

Толығырақ

Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі  1946 жылы Қазақ ССР орман шаруашылығы министрлігі мен өнеркәсіптік орман министрлігінің 10 наурыз №386-46 бұйрығымен Таушелек орман шаруашылығы құрылған. 1954-1956 жылдары Қазақ ССР орман шаруашылығы министрлігінің № 96 бұйрығымен Қарқара Темірлік орман саяжайлары қабылданған.

1959 жылдары 12 наурызда Қазақ ССР ауыл шаруашылығы министрлігінің №153 құрамында Подгорно-Мурап, Қырғызсай, Қулықтау және Қарқара орман саяжайлары бар Кеген орман шаруашылығы құрылды.

        1988 жылдары 18 тамыздағы Қазақ ССР орман шаруашылығы министрлігінің №118 бұйрығымен Алматы облыстық орман шаруашылығы бірлестігінің №82 бұйрығына сәйкес Таушелек орман  шаруашылығының таратылуына, Кеген орман шаруашылығының қайта құрылуына байланысты Кеген орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорны құрылды.

         1996 жылдың 3 маусымындағы орман шаруашылығы комитетінің №54 бұйрығына сәйкес және Алматы облыстық орман шаруашылығы бірлестігінң №85 бұйрығына сәйкес Кеген орман-аңшылық шаруашылығы болып өзгертілді. 2004 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысының әкімдігі №187 қаулысы бойынша Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Алматы облысының әкімдігінің 19.11.2015 жылғы  №518 қаулысы бойынша Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

        Алматы облысы   әкімдігінің 2018 жылдың 20 желтоқсанындағы №601 қаулысының №8 қосымшасына сәйкес «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты  пайдалануды  реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің « Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі болып өзгертілді.

            Мекеменің негізгі функциясы табиғатты, оның ішінде орманды алқаптарды, аң құстарды қорғау, орманды алқаптарды көбейту, ұтымды әрі үнемді пайдалануға басшылық жасау және өзіне бекітіліп берілген аймақтардағы орман қорындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне рұқсат беру.

Тянь- Шань тауларындағы негізгі орманды алқаптарындағы ағаштар Шренк шыршасынан тұрады. Мекеменің аумағындағы өсіп тұрған орманды алқаптың 76 пайызы Шренк шыршасын құрайды.

Кеген орман  шаруашылығы  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі осынау аялы  табиғатының 84 582 гектар оның орманды алқабы 26 965 гектар жерін  қорғаумен  қатар, орман  ресурстарын  өсіру, орманның  қорғаныш  желектерін  жасау, сондай-ақ  орман   тұқымбағының   дамуын  жүзеге  асырып  келеді.

Толығырақ

"Қаскелең орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1968 жылы күз айында (қыркүйек) Қаскелең орман шаруашылығы болып құрылған.

         Алматы облысы Әкімінің 23.01.2003 жылғы №25 қаулысы негізінде Қаскелең орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі болып құрылып 2005 жылы Алматы облысы Әкімдігінің 03.02.2005 жылғы №25 қаулысымен Қаскелең орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

         Сонғы рет Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 19 қараша №518 қаулысы негізінде  «Каскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекттік мекемесі болып өзгертілді.

«Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қарамағында өзіне тікелей тұрақты пайдалануға бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында «Орман кодексіне» сәйкес орманды күзету, қорғау, жаңадан өсіру, молайту және орман қорын пайдалану жұмыстарын жүргізуге уәкілетті мекеме.

         Бүгінгі таңда мекеменің барлық жер көлемі 10 736 гектар.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалпы саны-59 адам.

         Орманшылықтарда  5 - өрт бақылау мұнаралары орнатылған. «Тасмұрын» өрт сөндіру бекеті 2013 жылы ұйымдастырылған. Оның құрамында 7 адам бар. Олар: - өрт сөндеру бекетінің бастығы  1 адам;  – радио оператор 1 адам; – тракторист машинист 1 адам; - өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі 1 адам; - орман өрт сөндірушісі 2 адам; -  жөндеу слесары 1 адам;

Толығырақ