«Күрті орман шаруашылығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

     «Күрті орман шаруашылығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  1972 жылы ұйымдастырылған. Орталығы –Ақши ауылында орналасқан.

      Алматы облысы әкімдігінің 03.02.2003 жылғы №25 қаулысы негізінде «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрығына сәйкес «Күрті орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі болып ұйымдастырылды. Ауданның ауысуына байланысты , қазіргі орналасқан жері Алматы облысы,  Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылы, Балтағұл көшесі № 37 .

      Алматы облысы әкімдігінің  2015 жылы 19 қарашадағы №518 қаулысымен «Күрті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып жарияланды.

Мекеменің негізгі міндеті- мемлекеттік мекеме аумағында орман қорын өрттен, ағаштарды заңсыз кесуден сақтау, орман қорын көбейтіп, жануарлар дүниесін қасақылықтан қорғап, еркінше оның өсуіне мүмкіншілік жасау болып табылады.

Мекеме көлемі 367 720га  3 орманшылықтан тұрады, Ақдала, Ақжар,         Тау-құм. 20 айналымға бөлінген.