Нарынқол орман шаруашылығы
Нарынқол орман шаруашылығы 1947 жылы «Зайлийский лес промхоз» мекемесінен Қазақ ССРО орман шаруашылығы министірлігіне бүкіл орман қоры жерлерін Қазақ ССРО орман өндірістік министерствасынан берілінуіне байланысты Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып құрылған. Нарынқол орман шаруашылығы 1967 жылдан бастап Нарынқол механикаландырылған орман шаруашылығы болып қайта құрылған.
Қазақ ССР Орман шаруашылығы министірлігінің 1988 жылғы 10 тамыздағы №118 бұйрығына сәйкес Нарынқол механикаландырылған орман шаруашылығы, Нарынқол орман шаруашылық өндірістік кәсіп орны болып қайта құрылды.
1994 жылы Алматы облысы орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің №1 05.01.1994жылғы бұйрығы негізінде Нарынқол орман аңшылық кәсіпорны.
1997 жылы Қазақстан Респуликасы ауыл шаруашылығы министірлігінң орман және аң шаруашылығы комитетінің №30 31.05.1997 жылғы бұйрығы, негізінде Нарынқол орман, аң шаруашылығы.
1998 жылы ҚР Үкіметінің №328 28.01.1998 жылғы қаулысы негізінде Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
2005 жылы Алматы облысы әкімінің 3 ақпан 2005жылғы №26қаулысы негізінде Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі.
2015 жылы Алматы облысы әкімінің 19 қараша 2015 жылғы №518 қаулысы негізінде «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орман шаруашылық жұмыстарды табысты орындаудың негізгі анықтаушы көзі – ол орман шаруашылығындағы тәжірибелі мамандар, әкімшілік кадрлар, орман күзетшілері және орман саласындағы жұмысшылар.