"Қаскелең орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1968 жылы күз айында (қыркүйек) Қаскелең орман шаруашылығы болып құрылған.
Алматы облысы Әкімінің 23.01.2003 жылғы №25 қаулысы негізінде Қаскелең орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі болып құрылып 2005 жылы Алматы облысы Әкімдігінің 03.02.2005 жылғы №25 қаулысымен Қаскелең орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Сонғы рет Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 19 қараша №518 қаулысы негізінде «Каскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекттік мекемесі болып өзгертілді.
«Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қарамағында өзіне тікелей тұрақты пайдалануға бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында «Орман кодексіне» сәйкес орманды күзету, қорғау, жаңадан өсіру, молайту және орман қорын пайдалану жұмыстарын жүргізуге уәкілетті мекеме.
Бүгінгі таңда мекеменің барлық жер көлемі 10 736 гектар.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалпы саны-59 адам.
Орманшылықтарда 5 - өрт бақылау мұнаралары орнатылған. «Тасмұрын» өрт сөндіру бекеті 2013 жылы ұйымдастырылған. Оның құрамында 7 адам бар. Олар: - өрт сөндеру бекетінің бастығы 1 адам; – радио оператор 1 адам; – тракторист машинист 1 адам; - өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі 1 адам; - орман өрт сөндірушісі 2 адам; - жөндеу слесары 1 адам;