Жиі қойылатын сұрақтар

 ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

№

Қызмет бағыты

Сұрақ

Жауап

1

Cот-сараптама қызметі

Сот сарапшысы ретінде кім айқындалады?

Арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  1-б. 12)-т.).

2

Cот-сараптама қызметі

Сот сараптамасын жүргізу мерзімдері?

Сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адам сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және оның объектілерін іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айрықша жағдайлардан басқа, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  34-б. 1,2-т.).

3

Cот-сараптама қызметі

Сот сарапшысына қойылатын біліктілік талаптары қандай?

Жоғары білімі болуға; сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігімен расталған сот сарапшысы біліктілігі болуға; осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен аттестатталған болуға тиіс (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  20-б.).

4

Cот-сараптама қызметі

Сот сараптамысының мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар ма?

Сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес сот сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  34-б. 3-т.).

5

Cот-сараптама қызметі

Эксперттер палатаның мүшесі болуға міндетті ма?

Палатаға мүшелік міндетті болып табылады (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  25-б. 4-т.).

6

Cот-сараптама қызметі

Палатаның жарғысы нені қамтиды?

Палатаның жарғысында: қызметінің атауы, орналасқан жері, мақсаттары және негізгі түрлері; Палатаның өкілеттіктері; мүшелікті алу, тоқтата тұру және оны жою шарттары мен тәртібі; мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі; аумақтық палаталардың ұйымдық құрылымы, құқықтық жағдайы;  басшы органдарды қалыптастыру тәртібі, олардың функциялары мен өкілеттіктерінің мерзімдері; ақша қаражатын және өзге де мүлікті қалыптастыру көздері, мүлікті басқару тәртібі; оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; Палатаны қайта құру және тарату тәртібі, оны таратқан жағдайда мүліктің жай-күйі көзделуге тиіс (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  27-б. 1-т.).

7

Cот-сараптама қызметі

Сот сарапшысынан жауап алу қандай жағдайда орын алады?

Сот сарапшысынан жауап алу: сарапшының қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеулерді талап етпейтін мәселелерді анықтау; сот сарапшысы қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау; сарапшы қорытындысының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу; сот сарапшысының біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  41-б. 1-т.).

8

Cот-сараптама қызметі

Қандай тұлғалар сот сарапшысы бола алмайды?

Мынадай: сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам сот сарапшысы бола алмайды (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  19-б. 5-т.).

9

Cот-сараптама қызметі

Қандай жағдайларда кешенді сараптама тағайындалады?

Кешендi сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім салалары негізінде зерттеулер қажет болған жағдайда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыреті шегінде жүргізеді. Бір сот сарапшысы, егер ол әртүрлі сараптама мамандықтары бойынша зерттеулер жүргізу құқығына ие болса, кешенді сараптаманы жүргізе алады (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  37-б. 1-т.).

10

Cот-сараптама қызметі

Қандай жағдайларда қосымша сараптама тағайындалады?

Қосымша сот сараптамасы сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде анық немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі туындаған кезде тағайындалады (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  42-б. 1-т.).

11

Cот-сараптама қызметі

Қандай жағдайларда қайталама сараптама тағайындалады?

Сот сарапшысының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаған немесе оның түйіндері күмән туғызған не сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде процестік нормалар елеулі түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін қайталама сот сараптамасы тағайындалады. Қайталама сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда алдыңғы сот сараптамасының нәтижелерімен келіспеудің негізделген уәждері келтірілуге тиіс. Қайталама сот сараптамасын жүргізу сот сарапшыларының комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сот сараптамасын жүргізген сот сарапшылары қайталама сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатыса алады және комиссияға түсініктер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. Қайталама сот сараптамасын жүргізу тапсырылған кезде сот сарапшысына алдыңғы сот сараптамаларының қорытындылары берілуге тиіс (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» № 44-VІ Заңының  42-б. 2-т.).

12

Cот-сараптама қызметі

Адам есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін неше сарапшыдан комиссия тағайындалады?

Адам есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін кемінде үш сарапшысы бар комиссия тағайындалады  (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын туралы» 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығының 7-т.).

13

Cот-сараптама қызметі

Сараптама жүргізудің мерзімін ұзартуға болады?

Егер, сараптаманы жүргізу үшін отыз тәуліктен асатын мерзім қажет болса, онда сарапшы іс материалдарымен алдын-ала танысқаннан және сараптама жүргізу үшін қажетті уақыттың тиісті есебін ұсынғаннан кейін, аумақтық бөлімшенің басшысы үш тәуліктің ішінде сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтінішхат жолдайды  (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын туралы» 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығының 12-т.).

14

Cот-сараптама қызметі

Сарапшы қорытындысы өзіне нені қамтиды?

Сараптаманың процестік мәртебесіне (жеке дара, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді) қарамастан сарапшы қорытындысы кіріспе, зерттеу, жинақтау бөліктерінен және қорытындыдан тұрады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын туралы» 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығының 19-т.).

15

Cот-сараптама қызметі

Сарапшыға қарсылық бiлдiру қандай жағдайда орын алады?

Сарапшы: осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде; егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, күдіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де тәуелді жағдайда болған болса немесе болып отырса; егер ол нәтижелерi қылмыстық қудалауды бастау үшiн негiз болған ревизия немесе басқа да тексеру әрекеттерiн жүргiзген болса; егер оның құзыреттi еместiгi анықталса; егер ол iске, осы Кодекстiң 222-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маманның адамның мәйiтiн қарап-тексеруге қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi 93-б. 1-т.).

16

Cот-сараптама қызметі

Қандай жағдайда сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау қажет?

Егер iс бойынша: өлiмнiң себептерiн; денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн; iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктiнiң, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын; күдіктiнiң, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн; жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетi күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн; iстiң басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi 271-б. 1-т.).

17

Cот-сараптама қызметі

Сараптама тағайындау тәртібі қандай?

Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi 272-б. 1-т.).

18

Cот-сараптама қызметі

Сараптама тағайындау туралы процесске қатысушылар өтінішхат бере ала ма?

Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады  (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi 272-б. 5-т.).

19

Cот-сараптама қызметі

Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдері қандай?

Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдері келесі тәртіпте анықталады:

1) жай - 5 тәулікке дейін;

2) күрделілік дәрежесі орташа – 20 тәулікке дейін;

3) күрделі және аса күрделі – 30 тәулікке дейін (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы» 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығының 7-т.).

20

Cот-сараптама қызметі

Сот сараптамасын жүргізу мерзімі қандай жағдайларда тоқтатылады?

Сот сараптамасын жүргізу мерзімі келесі жағдайларда тоқтатылады, егер:

1) сараптама тағайындау туралы қаулыда (анықтама) келтірілген материалдардың барлығы немесе жетіспейтін бөлігі келіп түспесе;

2) сот сарапшысы сараптама тағайындаған органға (адамға): өзіне қосымша материалдарды беру туралы; заттай дәлелдемелерді жоюға немесе бұзуға өтініш мәлімдесе;

3) ірі көлемді объектіні зерттеу үшін оның орналасқан жеріне шығу талап етілсе;

4) сараптама жүргізуге кіріскен сот сарапшысы белгілі бір жұмыс уақытын шығындауды талап ететін басқа іс бойынша сот отырысына қатысса;

5) сот сарапшысы басқа себептермен (іссапар, жұмысқа жарамсыздық) болмаса және материалдарды басқа сот сарапшысына тапсыруға кедергі келтіретін себептер болса;

6) ұсынылған материалдар ол бойынша сараптаманың өзге түрін жүргізіп жатқан басқа сот сарапшысында болса (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы» 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығының 8-т.).