Жиі қойылатын сұрақтар
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1. |
Нормашығармашылық |
Егер нормативтік-құқықтық актіде қандай да бір тыйым салу нормасы сипатталмаса немесе белгіленбесе, ол рұқсат болып саналады ма? |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында «тыйым салынбағанның бәрі рұқсат етіледі» қағидатын заңнамалық тұрғыдан бекітетін құқық нормалары немесе нормативтік құқықтық актілер жоқ. Бұл қағида мемлекет пен құқықтың жалпы теориясында көрсетілген. Өз кезегінде, қолданыстағы заңнаманы талдай отырып, Конституцияның 39-бабының 1-тармағында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін мүмкін екенін белгілейтінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (ҚР 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91 Заңымен ратификацияланған) ережелеріне шектеулер мен ауытқуларды түсіндірудің Сиракуз қағидаттарының ережелерінде Пактіде танылатын құқықтардың барлық шектеулері ұлттық заңға сәйкес бекітілуге тиіс деп көзделген. Шектеулерді өз бетінше қолдануға жол берілмейді (5 және 7-тармақтар). Осылайша, нормативтік құқықтық актілерде бекітілмеген шектеулерді заңды деп санауға болмайды, өйткені олардың заңды негіздері жоқ. |
|
2. |
Әкімшілік құқық |
Лауазымды адамдардың өтінішке жауап бермегені үшін жауаптылығы? |
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 174-бабында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіні белгіленген. Осыған байланысты, әкімшілік рәсімді жүргізу кезінде (өтінішті қарау) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, тиісті тұлғалар Қылмыстық кодекстің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі - ӘҚБтК) ережелеріне сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылуға тиіс екенін хабарлаймыз. Бұдан басқа, Кодекстің 76-бабының төртінші бөлігінде Шешім қабылдауға уәкілеттік берілген адам әкімшілік рәсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және өзге де жауаптылықта болатыны регламенттелген. Сонымен қатар, әкімшілік актіні шығару мерзімін өткізіп алу (өтінішті немесе шағымды қарау кезінде) заңсыз әкімшілік актінің күшін жоюға, егер өтінішті қарау мерзімін бұзу дұрыс емес әкімшілік актіні қабылдауға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтырған жағдайда ғана себеп болуы мүмкін екенін атап өтеміз (Кодекстің 84-бабының бірінші бөлігі). Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселесі әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде реттелген. Бұл мәселені қарастырған кезде келесілерге назар аударайық. Егер өтініш берушінің өтінішін немесе шағымын қарау кезінде әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік іс-әрекет жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік іс-әрекет жасаудан бас тартты деп есептеледі. Осылайша, Кодекстің 91-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы. Шағымдану тәртібі Кодекстің 13 – тарауымен «Шағым жасау тәртібі. Шағым беру» регламенттелген. Бұл ретте шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Осыған байланысты, егер мемлекеттік орган немесе лауазымды адам Сіздің өтінішіңізге немесе шағымыңызға жауап бермесе, Сіз осы әрекетсіздікке шағымдануға құқылысыз. |
|
|
|
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін 5 немесе 10 күнге дейін қысқартуға мүмкін бе? |
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақылға қонымды мерзімге екі айға дейін ұзарту мүмкіндігімен (әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімі бойынша) жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің жалпы мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды (Кодекстің 76-бабы). Бұл ретте әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) «шағымды» қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды (Кодекстің 99-бабы) және ұзартуға жатпайды. Сонымен қатар, Кодекстің 87-бабының екінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған әкімшілік рәсімді мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға және олардың лауазымды адамдары Кодекстің «Әкімшілік рәсім» 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен, Кодекстің «Оңайтылған әкімшілік рәсім» 12-тарауында белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырады. Осылайша, «Хабарламаларды, ұсыныстарды, жауаптар мен сұрауларды» қарау кезінде мерзімдерді есептеу Кодекстің 76-бабының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Сіздің назарыңызды Кодекстің 1-бабының ережелеріне аударамыз. Мәселен, қарастырылып отырған баптың екінші бөлігінде Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды ҚР заңдарымен реттелмеген бөлігінде реттейтіні бекітілген. Сонымен қатар, бұрын аталғандай, ҚР заңдарында өтініштерді қараудың өзге мерзімі көзделуі мүмкін. Мысалы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес сұрау салу деп ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш түсініледі. Өз кезегінде, жазбаша сұрау салуға жауап (жоғарыда аталған Заң шеңберінде) ақпарат иеленушіге сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі (Заңның 11-бабының 10-тармағы). Осылайша, сұрау салуды қарау мерзімі (жоғарыда аталған Заңда көзделген) Кодексте белгіленгеннен қысқа мерзімді құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік (әкімшілік) органның әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдау міндеті бар екенін атап өткен жөн (Кодекстің 72-бабының бірінші бөлігі). Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, әкімшілік рәсімнің мерзімі ұзартылуы мүмкін (Кодекстің 76-бабының үшінші бөлігі). Мысалы, өтініш беруші өзіне ғана белгілі фактілер немесе оның иелігіндегі құжаттар туралы қосымша ақпарат беруі керек жағдайлар бар. Немесе қажет болған жағдайда мемлекеттік орган қажетті ақпаратты алу үшін сұрау салуды басқа органға жібере алады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өтініштерді қараудың жалпы мерзімі (Кодексте белгіленген) өтініштерді қарау кезінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жеткілікті деп есептейміз, ал оны 5 немесе 10 күнге дейін қысқарту теріс салдарға әкеп соғуы мүмкін. |
Жиі қойылатын сұрақтар
|
№
|
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1 |
Нотариат |
Қазақстан Республикасында кім нотариус бола алады? |
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар қолданылады. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды. Мыналар: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы; әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан шығарылған адам; нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айырылған адам; егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам да нотариус бола алмайды. 2. Жекеше және мемлекеттiк нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттері тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады. 3. Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (мемлекеттік нотариусты және осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2), 3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық iс-әрекеттер жасауы, не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол iс-әрекеттерден табыс табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға әкеп соғады. 4. Аумақтық әділет органы мемлекеттік нотариустың нотариаттық iс-әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 6-бабы). |
|
2 |
Нотариат
|
Жеке практикамен айналысатын нотариус ретінде кім танылады? |
Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық құпияны сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс. Нотариус нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті. Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық нотариаттық палатаға жібергенге дейін сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге, жекеше нотариустың мөрін аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға міндетті. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 15-бабы). |
|
3 |
Нотариат
|
Нотариус өз қызметін сақтандыруы керек пе? |
Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 15-бабы). |
|
4 |
Нотариат
|
Нотариустың негізгі құқықтарына не кіреді? |
Нотариус: 1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; 2) консультация беруді жүзеге асыруға; 3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге; 5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге; 6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға; 8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге; 9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға); 10) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алуға құқылы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 17-бабы). |
|
5 |
Нотариат
|
Нотариус кеңес бере алады ма? |
Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға: 1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 17-бабы). |
|
6 |
Нотариат
|
Нотариустың негізгі міндеттеріне не кіреді? |
Нотариус: 1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға; 2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге; 3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға; 3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуге; 3-2) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға; 5) кәсiптiк әдептi сақтауға; 6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге; 7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Қағидаларда көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге; 7-1) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде – аумақтық әділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға; 8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге; 9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға; 10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға; 10) жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды; 11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 18-бабы). |
|
7 |
Нотариат |
Нотариус қызметіне заңда қандай шектеулер көзделген? |
Нотариустың: 1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға; 2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге; 3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға; 4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға; 5) нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге; 6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 19-бабы). |
|
8 |
Нотариат
|
Нотариаттық палатаның негізгі функциялары мен міндеттеріне не кіреді? |
Нотариаттық палата жекеше практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталардың міндетті мүшелігіне негізделген, оларды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды. Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 26-бабы). |
|
9 |
Нотариат
|
Нотариаттық палатаның жоғары басқару органы дегеніміз не? |
Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне: 1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) нотариаттық палатаның төрағасын, басқарманың, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың мүшелерiн сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату; 3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау; 3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы есептерді бекіту; 3-2) нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есепті бекіту; 4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады. Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 26-1-бабы). |
|
10 |
Нотариат
|
Нотариаттық палатаның төрағасы болып кім сайлана алады? |
Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады. Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды. Нотариаттық палатаның төрағасы: 1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; 3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді; 4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 26-2-бабы). |
|
11 |
Нотариат |
Нотариаттық палатаның өкілеттігіне не кіреді? |
Нотариаттық палата:1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi; 3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді; 3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады; 3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi; 5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады; 5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді; 6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады; 7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 27-бабы). |
|
12 |
Нотариат |
Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін төлем қандай? |
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады: 1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш; 2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш; 3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш; 4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш; 5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш; 7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш; 8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш; 9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш; 11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде: жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш; заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 30-1-бабы). |
|
13 |
Нотариат |
Нотариустың кеңесі үшін қандай төлем қарастырылған? |
Консультация беруді жүзеге асыру үшін нотариустың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» заңының 30-1-бабының 3-тармағы). Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға: нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 17-1-бабы). |
|
14 |
Нотариат |
Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарта алады ма? |
Егер: мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе, iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса, нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса, заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе, мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi. Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 48-бабы). |
|
15 |
Нотариат |
Жеке нотариусқа төлем жасаудан кім босатылады? |
Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады: жеке тұлғалар - өздерiнің мүлiктi мемлекет пайдасына сыйға тарту өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн; мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн; жеке тұлғалар - оларға: Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне; егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнге мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы тұрғынжайда тұрып жатса, тұрғынжайға немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайға; сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк қарыз облигацияларына, еңбекке ақы төлеу сомаларына, авторлық құқықтарға, авторлық гонорар және ашқан жаңалықтар, өнертабыстар мен өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн сыйақы сомаларына; ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін; Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша; қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық әрекеттер бойынша; «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық әрекеттер бойынша; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн; «Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары – барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)» Кодексінің 617-бабы). |
|
16 |
Нотариат |
Заңды тұлғаның құрылтай шартын нотариуста куәландыру міндетті ме? |
Нотариус шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын: құрылтай шартын және жарғысын куәландырады. Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шарты нотариатты куәландыруға жатады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларының 9-тарауының 111-тармағы). |
|
17 |
Нотариат |
Істер нотариус мұрағатында неше жыл сақталады? |
Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттар 75 жыл, тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен шығару және кепіл туралы шарттар (олардың негізінде куәландырылған құжаттар) 75 жыл, өзге де шарттар 25 жыл, нотариалды куәландырылған өсиеттер 75 жыл, Құпия өсиетті қабылдау туралы куәліктер 75 жыл, Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәліктер 75 жыл, ашу хаттамалары құпия өсиет 75 жыл, мұрагерлік істер 75 жыл, сенімхат олардың ескіру (қолданылу) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл, келісім 25 жыл, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік (егер мұндай куәлік нотариаттық кеңседе басталған мұрагерлік іске байланысты аман қалған жұбайына берілсе, ол мұрагерлік іске тігіледі) 75 жыл, 5 жыл дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар, заңды тұлғалардың істері (Жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, хаттамалар, бұйрықтар) 10 жыл, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тарту туралы қаулы 5 жыл, мұрагерлік істер тізілімі 75 жыл электрондық жеткізгіште, өсиеттерді есепке алу тізілімі 75 жыл электрондық жеткізгіште, атқарушылық жазбалар 3 жыл (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» бұйрығының 4-қосымшасының 2-тармағы). |
|
18 |
Нотариат |
Атқарушы жазбаға қай мерзімде шағымдануға болады? |
Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 92-6-бабының 2-тармағы). |
|
19 |
Нотариат |
Атқарушы жазба жойылған кезде ақшаны қайтаруға бола ма? |
Атқарушылық жазба жойылған кезде нотариусқа оны жасағаны үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» бұйрығының 25-тарауының 233-тармағы). |
|
20 |
Нотариат |
Өсиетті жоюдың тәртібі қандай? |
Нотариус және нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттiң күшiн жою туралы өтініш алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттiң күшiн жоятын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттiң нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмiне (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) бұл туралы белгi соғады. Өсиеттiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өтінішті нотариат куәландыруға тиiс. (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 57-бабы). |
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1. |
Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы |
Жеке кабинетте туу және неке қию туралы ақпарат жоқ немесе олар қате көрсетілген. Қалай өзгертуге болады?
|
Егер сіз өзіңізге немесе кәмелетке толмаған балаларға қатысты тіркелген азаматтық хал актілерінде дұрыс емес мәліметтерді тапсаңыз немесе құжаттар осы қойындыда болмаса, сіз «электрондық үкімет» порталы арқылы мәліметтерді өзектендіруге өтінім бере аласыз. Ол үшін бірінші кезекте ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) болуы және «электрондық үкімет» порталында тіркелуі қажет. Түзету тәртібі туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтынан немесе әлеуметтік желілерінен табуға болады. |
|
2. |
Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы |
Мен некеге тұрғым келеді, неше күн бұрын өтініш беруім керек? |
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі. |
|
3. |
Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы |
Атқарушылық жазбаны жоюға болады ма? |
Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-6-бабына сәйкес атқарушылық жазба жасалғаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін борышкерге жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе борышкердің белгілі тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша тапсырады немесе жібереді. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс. Бұдан әрі «Нотариат туралы» Заңының 92-8-бабына сәйкес, нотариус мәлімделген талапқа қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады. Егер нотариустың қаулысымен борышкердің қарсылығы бойынша жасалған атқарушылық жазба жойылмаған жағдайда, оны даулау сот тәртібімен жүзеге асырылады. |
|
4. |
Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы |
Өтініш берушіге мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден қандай жағдайларда бас тартылады? |
Егер өтініш беруші «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады; Сондай-ақ, егер өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатта болмаса, құқықтық ақпараттандыру, құқықтық кеңес беру, қорғау және өкілдік түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылуы мүмкін. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. |
|
5. |
Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы |
Заң консультанттары палатасының мүшелері Кәсіптік әдеп кодексі бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады? |
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 94 бабына сәйкес, заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, палата жарғысының, қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады. Заң консультанттары палатасының мүшелеріне жазалар қолдану, оларды алып тастау және шағым жасау тәртібі палатаның жарғысында және қағидаларында айқындалады. |
|
6. |
Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы |
Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткерлерді аттестаттау кезінде өткізілетін тесттер мен емтихан билеттеріне енгізуге жататын сұрақтар қандай заңнамалардың негізінде қалыптастырылады? Оларды алуға болады ма? |
Тесттер мен емтихан билеттеріне енгізуге жататын сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады және бекітеді. Үміткерлер үшін сұрақтар ҚР Азаматтық кодексінің, ҚР Жер кодексінің, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексінің, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Нотариат туралы» ҚР заңдарының нормаларынан қалыптастырылады. Тесттер мен емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін таратылмайды. |
|
7. |
Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы |
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алуға шетелдiктерге қандай да шектеулер бар ма? |
«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңына сәйкес, егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және мiндеттерге жауапты болады. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдiктердi қоспағанда) ие бола алады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы. Осыған орай, уақытша жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке ие бола алмайды. |
|
8. |
Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы |
Пәтер иелері ПИК жұмысына риза болғанымен, сонымен қатар ПИК жоймай, басқару объектісін басқаруға МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) құруға мүмкін бе? |
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пәтерлердің тұрғын емес үй жайлардың иелері, кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп ұстауды қаржыландыру үшін, кондоминиум объектісін басқаруды екі нысанының бірін мүлік иелерінің бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қарапайым серіктестігін таңдауға міндетті. 2019 жылғы 26 желтоқсандағы жоғарыда аталған Заңда енгізілген түзетулерге байланысты, ұй-жай (пәтер) иелерінің қолданыстағы кооперативтері, көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады және одан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті. |
|
9. |
Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы |
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бойынша ақпаратты қайдан алуға болады? |
Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты "ашық деректер" веб-порталынан алуға болады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер «ашық деректер» порталында (data.egov.kz) «заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау арқылы күн сайын өзектендіріледі, сондай-ақ машинада оқылатын форматта жүктеуге болады. |
|
10. |
Құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру басқармасы |
Құқықтық сұрақ туындаған жағдайда, тегін құқықтық консультация алуға мүмкіндігі бар ма? |
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа тегін құқықтық консультация береді, құқықтық консультацияны келесі телефон нөмірлер бойынша алуға болады: - 119 Қазақстан бойынша (ұялы операторлардан басқа, Қазақстан бойынша станционарлық телефондардан тегін қонырау шалу) - 58 – 00 - 58 Астана, Алматы ққ. қонырау шалу - 8 7172 580058 (байланыс операторлардың тарифі бойынша мобильді құрылғылдардан қоңырау шалу) - Whatsapp 8 708 693 56 31 |
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1 |
Сот-сараптама қызметі |
Сараптаманың белгілі бір түрі үшін сұрақтардың болжамды тізбесі қандай нормативтік құқықтық актіде көрсетілген? |
Зерттеу нысаны, объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейі, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрі шеңберінде шешілетін үлгілік сұрақтар тізбесі "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан – әрі Қағидалар) жазылған. www.adilet.gov.kz.). |
|
2 |
Зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне кім жауап береді?
|
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 280–бабының 2–тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР АПК) 87-бабының 3-тармағына сәйкес сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындаған орган (адам) кепілдік береді. |
|
|
3 |
Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады?
|
ҚР ҚПК 276-бабына, ҚР АПК 87-бабына және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Сарапшының қорытындысы, зерттеу объектілері және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберіледі. ҚР ҚПК-нің 286-бабына және ҚР АПК-нің 46-бабына сәйкес іске қатысушы адамдардың іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Осыған байланысты сарапшы қорытындысының көшірмесімен сараптаманы тағайындаған органға жүгіну арқылы танысуға болады |
|
|
4 |
ҚР ӘМ ССО қандай филиалында сот сараптамасының сол немесе өзге түрін тағайындауға болады?
|
ҚР ӘМ ССО Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №306 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесіне сәйкес сот сараптамаларын жүргізуге болады. ҚР ӘМ ССО филиалдарында жүргізілетін сот сараптамаларының түрлері туралы мәліметтер ҚР ӘМ ССО сайтында "Жүргізілетін сараптамалардың түрлері" бөлімінде орналастырылған. |
|
|
5 |
Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелеріне қалай қол жеткізуге болады?
|
Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің бір бөлігі ашық қолжетімділікте және ҚР ӘМ ССО сайтында (forensic.gov.kz) "Ғылыми қызмет" бөлімінде орналастырылған. Бұдан бөлек, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар әдістемелер жалпыға бірдей қол жеткізу үшін шектелген, өйткені көрсетілген әдістемелерде сараптама объектілерін зерттеу алгоритмі сипатталады, оның ішінде адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне, меншікке қарсы, ақпарат, экономикалық қызмет саласындағы және т.б. қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты материалдар бойынша да. Дегенмен, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар әдістемелер паспорттарымен жоғарыда көрсетілген ҚР ӘМ ССО сайтында танысуға болады. |
|
|
6 |
Жеке немесе заңды тұлғалардың сот сараптамасын тағайындауы мүмкін бе? |
ҚР ҚПК 272-бабына, сондай-ақ ҚР АПК 82-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу үшін процесті жүргізетін органның қаулысы, ұйғарымы негіз болып табылады. Бұдан басқа, ҚР ҚПК-нің 122-бабы, 272-бабы қорғаушының шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық ету, сондай-ақ сараптама мекемесіне шарттық негізде тиісті сараптама жүргізу туралы сұрау салу жіберу құқығы көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында шарттық негізде сот сараптамасы органында заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде зерттеу жүргізу көзделген. Бұл ретте зерттеуді, бұл жағдайда мамандар ретіндегі сарапшылар ғылыми құралдар мен әдістерді қолдана отырып жүргізеді. Қызметті өткізу құны Бағалар прейскурантымен белгіленеді, онымен Орталықтың сайтында "Ақылы қызметтер" бөлімінде танысуға болады. |
Жиі қойылатын сұрақтар
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1. |
Зияткерлік меншік |
Тауар таңбасын қалай тіркеу керек? |
Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді рәсімдеп және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет. Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында көрсетілген. «ҰЗМИ» РМК өтінімге сараптама кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама мерзімдері Заңның 11 бабында белгіленген). Заңның 12 бабының 1 тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижелері бойынша өтінім-берушіге өтінімнің қабылданғаны туралы не өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қорытынды түрінде хабарланады. Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеу ҚР Әділет министрлігі «ҰЗМИ» РМК директорының 2020 жылғы «23» желтоқсандағы № 254 нқ бұйрығымен бекітілген «ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жүзеге асыратын қызметтері мен жұмыстарының бағаларымен белгіленеді. |
|
2. |
|
Тауар таңбаны тіркеу үшін қандай құжаттар қажет? |
Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген. 1. Өтінім бір тауар таңбасына қатысты болуы тиіс. 2. Өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуы және келесіде: 1) өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргізу; 2) мәлімделген белгісі; 3) тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердің тізбесін қамтуға тиіс. 3. өтінімге қоса берілуі тиіс: 1) сараптама жүргізгені үшін сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат (бір мезгілде алдын ала және толық сараптама үшін). Төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді; 2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі; 3) ұжымдық тауар таңбасының жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтінім берілген жағдайда), ұжымдық тауар таңбасын өз атына тіркеуге уәкілетті ұйымның атауын, осы таңбаны тіркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субьектілердің тізбесін, ұжымдық тауар таңбасымен белгіленетін тауар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен бірыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтиды. |
|
3. |
|
Тауар таңбасын тіркеуге кімдер өтінім бере алады? |
Өтінімді өтінім беруші немесе оның өкілі береді. 1. Өтінім беруші - тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға Заңның 1 бабының (5 т.). 2. Өтінім берушінің өкілі - патенттік сенім білдірілген немесе ҚР АК 167 бабына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін өзге өкіл. |
|
4. |
|
Тауар таңбаларын сараптау мерзімдері қандай? |
Сараптама мерзімдері: 1. Алдын ала сараптама - өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде; 2. Толық сараптама - өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде. |
|
5. |
|
Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу жүйесінде қандай артықшылықтар бар? |
Мадрид жүйесі таңбаларды халықаралық тіркеу және оларды басқару тұрғысынан. Бір тілде бір өтінім беріңіз, баждардың бір жиынтығын төлеңіз – және сіз үшін 97 мүше мемлекеттің аумағында таңбаны қорғау мүмкіндігі ашық. Тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің негізгі артықшылықтары: 1) бір тілде жасалған бір халықаралық өтінімді беру мүмкіндігі, және бір халықаралық бажды төлеу. 2) өтінім берушінің шығыстарынан патенттік сенім білдірілген өкілдердің қаламақысын алып тастау және өтінім бергені үшін баждарды азайту есебінен ұлттық тіркеуді алуға арналған шығындармен салыстырғанда халықаралық баж мөлшерін және т.б. 3) халықаралық тіркеу иесі кейіннен нұсқау арқылы болашақта қорғауды сұрай алатын елдерді қосымша көрсету мүмкіндігі (аумақтық кеңейту). 4) Мадрид келісімі шеңберінде 1 жылдан аспайтын және Хаттама шеңберінде 1,5 жылдан аспайтын 5) көрсетілген мерзімде елдің ведомствосы жауап бермеген жағдайда, халықаралық тіркеу осы елдің аумағында қолданыста болып табылады |
|
6. |
|
Халықаралық өтінімді қайда беру керек? |
Халықаралық өтінім шығарылған елдің ведомствосына беріледі. Ведомство халықаралық өтінімде көрсетілген таңба базалық тіркеумен немесе базалық өтініммен толық сәйкес келетінін куәландырады, өтінім беруші халықаралық өтінім бойынша сол тұлға болып табылатындығын, базалық тіркеудің немесе базалық өтінімнің иесі, сондай-ақ халықаралық өтінім бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі базалық өтінімде немесе тіркеуде көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес келетін фактісі. Бұдан кейін халықаралық өтінім шығарылған елдің ведомствосы Халықаралық бюроға жібереді. |
|
7. |
|
Өнертабысқа патент алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет? |
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 17 бабы 2 тармағына сәйкес өнертабысқа арналған өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс: 1) өнертабыс авторлары мен атына қорғау құжаты сұралатын адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілген қорғау құжатын беру туралы өтінім; 2) маманның тиісті білім саласындағы білімді жүзеге асыруы үшін жеткілікті толық ашатын өнертабыстың сипаттамасы; 3) өнертабыс обьектісін анықтайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыс формуласы. Формула анық, дәл және сипаттамаға негізделуі тиіс; 4) егер олар өнертабыстың мәнін түсіну үшін қажет болса, сызбалар мен өзге де материалдар; 5) реферат; 6) іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізген жағдайда сенімхат. 7) белгіленген мөлшерде өтінім беруге, оның ішінде ресми сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын және өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттар. Тиісті төлем жасалған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспайды. Белгіленген мерзімде төлем туралы құжаттар ұсынылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып танылады |
|
8. |
|
Пайдалы модельге патент алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет? |
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 18 бабы 2 тармағына сәйкес пайдалы модельге арналған өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс: 1) пайдалы модельдің авторлары мен атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілген патент беру туралы өтінім; 2) пайдалы модельдің оны жүзеге асыру үшін жеткілікті толық ашатын сипаттамасы; 3) оның мәнін білдіретін, сипаттамаға толық негізделген пайдалы модельдің формуласы; 4) сызбалар; 5) реферат; 6) сенімді өкілдер арқылы іс жүргізген жағдайда – сенім хат. 7) өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат пен оның мөлшерін азайтуға негіздемені растайтын құжат қоса беріледі, оларды өтінімге қоса немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсыруға болады. Тиісті төлемдер енгізілген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс Белгіленген мерзімде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі. |
|
9. |
|
Өнертабысқа өтінімді қарау қанша уақытты алады? |
Қағиданың 62, 69 тармақтарына сәйкес, өнертабысқа патентті тіркеуді сараптама жасау ұйымы кезең-кезеңімен: 1) Өтінімге ресми сараптама өтінім сараптама ұйымына келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. 2) Өтінімге мәні бойынша сараптама ресми сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні бойынша сараптама жасаған үшін төлемді растайтын құжат ұсынылған жағдайда, өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он сегіз ай ішінде жүргізіледі. |
|
10. |
|
Пайдалы модель өтінімдеріне қай уақыт ішінде сараптама жүргізіледі? |
Қағиданың 98 тармағына сәйкес, пайдалы модельге өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап төрт ай ішінде жүргізіледі. |
|
11. |
|
Өнертабысқа айрықша құқықтың қолданылу мерзімі қандай? |
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 5 бабының 3 тармағына сәйкес өнертабысқа және пайдалы модельге: - өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы. Көрсетілген мерзім өтінім берілген күннен бастап есептеледі. |
|
12. |
|
Пайдалы модельдың айрықша құқықтың қолданылу мерзімі қандай? |
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 5 бабының 3 тармағына сәйкес өнертабысқа және пайдалы модельге: - пайдалы модельге патент өтінім берлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады, қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзім өтінім берілген күннен бастап есептеледі. |
|
13. |
|
Патент иеленуші қорғау құжатын сақтауға қай кезеңнен бастап ақы төлеуге тиіс? |
Патент иеленуші қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін, өтінім берілген күнге сәйкес келетін күнге жыл сайын ақы төлеуге міндетті. |
|
14. |
|
Қазақстан Республикасының ұлттық өтінім берушілері шет мемлекеттерде өнертабыстарға қорғауды қалай ала алады? |
Қағиданың 106 тармағына сәйкес өнертабысқа өтінімді жүргізу, қарау және рәсімдеу, мәліметтерді Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру, халықаралық өтінімді жолдау: 1) халықаралық өтінімнің халықаралық беру күні белгіленген тіркеу данасын сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ Халықаралық бюросына жолдайды; 2) сараптама жүргізу ұйымы халықаралық өтінімді алғаннан кейін, егер ол берілгенге дейін еуразиялық өтінім не ұлттық өтінім берілген күннен бастап үш ай өткен соң берілген жағдайда, тіркеу данасын жібереді; 3) сараптама жүргізу ұйымы халықаралық өтінімнің тіркеу данасын заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің мазмұнына тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілген мерзімнен бұрын жібереді; 4) "іздеуге арналған көшірме" - халықаралық өтінім данасы сараптама ұйымы халықаралық өтінімінде көрсетілген Халықаралық іздестіру органына жібереді. |
|
15. |
|
Қазақстан Республикасының ұлттық өтінім берушілері ТМД елдерінде өнертабыстарға қорғауды қалай ала алады?
|
PCT 19 бабына сәйкес халықаралық іздестіру туралы есепті және Халықаралық іздестіру органының жазбаша хабарламасын алғаннан кейін өтінім берушінің өнертабыс формуласын бір рет өзгертуге құқығы бар. Мұндай өзгеріс Халықаралық бюроға халықаралық өтінім жарияланатын тілде берілуге тиіс. Халықаралық бюроға 19-бап бойынша өзгерістерді ұсыну мерзімі Халықаралық іздестіру туралы есепті жіберген кұннен бастап екі айды немесе қандай мерзім кешірек аяқталатынына қарай басымдық берілген күннен бастап 16 айды құрайды. Егер халықаралық алдын ала сараптама жүргізу туралы талап берілсе, PCT 34 бабына сәйкес халықаралық алдын ала сараптама барысында өтінім берушіде өнертабыс формуласын өзгертудің басқа да мүмкіндіктері (сондай-ақ сипаттамасы мен сызбалары). Бұдан басқа, өнертабыс формуласы ұлттық фаза барысында PCT 28 және 41 баптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Барлық жағдайларда ұсынылатын өзгерістер оны халықаралық беру күніндегі өтінімде қамтылғандардың шегінен шықпауға тиіс. |
|
16. |
|
Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? |
Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін сараптама жүргізу ұйымына патент беруге өтінім беру қажет. 1) өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы өтінім өнеркәсіптік үлгінің авторлары мен атына патент сұралатын адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады; 2) өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері туралы толық егжей-тегжейлі түсінік беретін бұйымның сыртқы түрінің репродукциялауға жарамды бейнелер жиынтығы; 3) өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы; 4) өкілі арқылы іс жүргізу жағдайында сенімхат. Өтінімге формалды сараптама жүргізуді қоса алғанда, өтінімді қабылданғаны үшін төлемді растайтын құжат қоса берілуге тиіс. |
|
17. |
|
Бір өтінім бойынша бірнеше өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжатын алуға болама? |
Иә, мүмкін, бірақ Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне сараптама жүргізу қағидаларының 55-бабы талаптарының бірін сақтау болып табылады. Өтінім бір өнеркәсіптік үлгіге немесе өзара байланысты өнеркәсіптік үлгілер тобына жататыны соншалық, олар бірыңғай шығармашылық ойды құрайды (өнеркәсіптік үлгі бірлігінің талаптары). Өнеркәсіптік үлгінің бірлігі сақталған деп танылады, егер: - бұйым бейнелерінде бір бұйымның, оның ішінде бүтін бұйымның, оның дербес бөлігінің, бірлесіп пайдаланылатын бұйымдар тобынан жасалған жиынтықтың көркемдік конструкторлық шешімі болып табылатын бір өнеркәсіптік үлгі ұсынылған; - бұйымның бейнелерінде бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын және 1968 жылғы 8 қазандағы Локарн Келісімімен қабылданған өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесінің бір кіші сыныбына жататын бір бұйымның көркемдік-конструкторлық шешімдері болып табылатын өнеркәсіптік үлгілер тобы ұсынылған, олардың біреуі тұтастай бұйымның сыртқы түрін айқындайды, ал басқасы (басқа) пайдалану процесінде көрінетін бұйымның оның дербес бөлігінің (бөліктерінің) сыртқы көрінісі; - бұйымның бейнелерінде бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын және тұтастай алғанда бір бұйымның сыртқы түрін айқындайтын және ӨҮХК бір сыныбьна жататын көркемдік-конструкторлық шешімдер болып табылатын өнеркәсіптік үлгілер тобы ұсынылған, бұл ретте шешімдердің әрқайсысы бұйымның сыртқы түрінің өз нұсқасын, ал шешімдерге негізделген бұйымның сыртқы түрінің негізгі эстетикалық және (немесе) эргономикалық ерекшеліктерін айқындайды. |
|
18. |
|
Түпнұсқа дизайнға құқықтық қорғауды немесе тіркеуді қалай алуға болады? |
Түпнұсқа дизайн авторы Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 10 маусымдағы № 427-I Патент Заңының (әрі қарай - Патент Заңы) нормалары бойынша өнеркәсіптік үлгі ретінде құқықтық қорғау түрін таңдауға, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңының нормалары бойынша авторлық құқықты тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департаментіне жүгіну қажет. |
|
19. |
|
Авторлық құқыққа не жатады? |
Авторлық құқық обьектілері; - әдеби шығармалар; - драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар; - сценарий туындылары; - хореография және пантомима туындылары; - мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар; - аудиовизуалды шығармалар; - кескіндеме, мүсіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары; - қолданбалы өнер туындылары; - сәулет, қала құрылысы, дизайн және көгалдандыру өнері туындылары; - суретке түсіру туындылары жіне суретке түсіруге орайлас әдістерімен жасалған туындылар; - карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар; - ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; - өзге де туындылар. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау бастапқы мәтін мен обьектілік кодты қоса алғанда, кез келген тілде жіне кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың барлық түрлеріне (оның ішінде операциялық жүйелер) қолданылады. Авторлық құқық обьектілеріне сондай-ақ жататындар: - туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, инсценировкалар, өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының өңдеулері); - жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдардың іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар. Туынды және құрамдас туындылар олар негізделген немесе олар қамтитын туындылардың авторлық құқық обьектілері болып табылатынына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады |
|
20. |
|
Авторлық құқық обьектілеріне қандай туындылар жатпайды? |
Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; мемлекеттік рәміздер мен белгілер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер); халық шығармашылығының туындылары; ақпараттық сипаты бар оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар. |
|
21. |
|
Авторлық құқыққа өтінімді қалай беруге болады? |
Өтінімдерді қабылдау және «Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкімет - egov.kz» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы, электрондық қол таңбамен жүзеге асырылады . Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (онлайн-беру). Төлем кез келген банктің картасы арқылы электрондық түрде жүргізіледі. |
|
22. |
|
Авторлық құқыққа өтінімді қараудың мерзімі қандай? |
Тізілімге мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен автордың өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі. |
|
23. |
|
Авторлық құқықтың жарамдық (қолданылу) мерзімі? |
Авторлық құқық автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы жарамды. |
|
24. |
|
Лицензиялық келісім дегеніміз не? |
Лицензиялық шарт бойынша зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне немесе дараландыру құралына (лицензиарға) айрықша құқығы бар Тарап екінші Тарапқа (лицензиатқа) тиісті зияткерлік меншік объектісін белгілі бір тәсілмен уақытша пайдалану құқығын береді. |
|
25. |
|
Ерекше лицензия дегеніміз не? |
Зияткерлік меншік объектісін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия беру құқығынсыз пайдалану құқығы. |
|
26. |
|
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқық беруді/беруді тіркеу қандай мерзімде жүргізіледі? |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
|
27. |
|
Сараптама қызметтерін кім төлей алады |
Өтінім беруші, құқық иеленуші (яғни заңдық мәні бар іс-әрекет жасауға өтінім берген тұлға) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда сенімхат негізінде әрекет ететін тұлға ғана сараптама қызметтеріне ақы төлей алады. Жеке тұлғалар екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ электрондық үкіметінің порталы арқылы төлей алады. Заңды тұлғалар төлемдерді қызмет көрсететін банк арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырады. Өзара қағидат негізінде екі жақты халықаралық келісімдерде көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент еместер «ҰЗМИ» РМК көрсететін қызметтеріне патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы ақы төлейді. |
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1. |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу |
Нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткенін қалай анықтауға болады? |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-1 бабы 2-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу: 1) Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес әділет органдары бұрын келіскен нормативтік құқықтық актіге қатысты әділет органдарының заң сараптамасын жүргізуін; 2) мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізуді қамтиды. Тиісінше, әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі болуға тиіс. Бұдан басқа, Заңның 25-бабының 5-тармағында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде осы нөмірді көрсету бойынша талап белгіленген.
|
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу |
Азаматтар нормативтік құқықтық актілердің жобаларына оларды әзірлеу барысында ескертулер мен ұсыныстар енгізе ала ма? |
Ия, енгізе алады. Әрбір НҚА жобасы міндетті тәртіпте «Ашық НҚА» интернет-порталында (legalacts.egov.kz) орналастырылады және әрбір азамат мынадай шарттар сақталған кезде ескертулер және (немесе) ұсыныстар енгізуге құқылы: 1) пайдаланушы «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген; 2) ескертулерде және (немесе) ұсыныстарда балағат сөздер, қорлау сөздері, жарнама, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасына қатысы жоқ өзге де ақпарат жоқ; 3) ұсыныс енгізілетін және (немесе) ескерту берілетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жобасының нақты құрылымдық элементі (бөлім, бап, тармақ, тармақша) көрсетілген. Өз кезегінде, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылданған шешімді ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру қағидаларының 9-тармағы). Бұл ретте, жобаларды жария талқылау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген мерзімдер аяқталғаннан кейін келіп түскен азаматтардың ескертулері және (немесе) ұсыныстары қаралмайтынын ескеру қажет.
|
|
3. |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу |
Қандай мемлекеттік органдардың (немесе өзге де ұйымдардың) нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға өкілеттігі бар? |
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 1-бабының 34) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес құқықтық актілер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Парламент палатасы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, республика Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, орталық атқарушы органдар және олардың ведомствовалары, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, әкімдер, тексеру комиссиялары өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар).
|
|
4. |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу |
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы қандай? |
НҚА иерархиясы «Құқықтық актілер туралы» Заңның 10-бабында көзделген, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғары заңдық күшке ие. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады: 1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдар; 2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; 3) Қазақстан Республикасының кодекстерi; 4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары; 5) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк қаулылары; 6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары; 7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары; 8) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; 9) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары. Төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтiк құқықтық актілер сатысындағы орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен айқындалады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары нормативтiк құқықтық актiлердің осы бапта белгіленген сатысынан тыс тұрады. |
|
5. |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу |
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысуға болатын Интернет-ресурс бар ма? |
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес НҚА-ны ресми жариялау электрондық түрде ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде (бұдан әрі – ҚР НҚА ЭББ) жүзеге асырылады. Өз кезегінде, ҚР НҚА ЭББ - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлген, қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі. ҚР НҚА ЭББ НҚА-ны жариялаудың ресми көзі болып табылады және барлық ниет білдірген азаматтар үшін қолжетімді (http://zan.gov.kz/client/). |
Жиі қойылатын сұрақтар
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қандай ұйымдар қоғамдық бірлестіктер болып танылады? |
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 2-б.). |
|
2 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
ҚР-ң аумағында қандай қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады? |
Экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендірілген құрылымы, түрі, арнаулы айырым белгілері, гимндері, жалаулары, вымпельдері, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше ережелері, қаруы, соның ішінде қару іспеттес заттары бар әскерилендірілген құрамалар үлгісіндегі қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. Азаматтардың денсаулығы мен адамгершілік негіздеріне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 5-б.). |
|
3 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестіктер мәртебесіне қарай қалай жіктеледі? |
Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 7-б.). |
|
4 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктер құруға болады ма? |
Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) құрылып, жұмыс істей алады. Халықаралық және шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін болса, сол бірлестіктердің жарғыларын басшылыққа алады («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 9-б.). |
|
5 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестік құру үшін ең аз дегенде бастамашы азаматтар саны қанша болу керек?
|
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 10-б.). |
|
6 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қандай қоғамдық бірлестіктерге мүшелігінде шетел азаматының болуына тыйым салынады? |
Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында оларға шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігі (қатысуы) көзделуі мүмкін («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 11-б.). |
|
7 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестіктің жарғысы нені қамту керек? |
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында мыналар көзделуге тиіс: 1) қоғамдық бірлестіктің атауы, қызметінің мәні мен мақсаттары; 2) қоғамдық бірлестікке мүшелік (қатысу), мүшелікке ие болу және одан айрылу ережесі мен тәртібі, мүшелердің (қатысушылардың) құқықтары мен міндеттері; 3) қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) құқықтық жағдайы және шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ; 4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың құзыреті мен өкілеттік мерзімдері, қоғамдық бірлестіктің тұрақты жұмыс істейтін басшы органы орналасқан орын; 5) қоғамдық бірлестіктің ақша қаражаты мен өзге де мүлкінің қалыптастырылу көздері, қоғамдық бірлестік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) мүлікті басқару жөніндегі құқықтары; 6) қоғамдық бірлестіктің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; 7) қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі, қоғамдық бірлестік таратылған жағдайда оның мүлкінің тағдыры («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 12-б.). |
|
8 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қалай және қандай мерзімде қоғамдық бірлестік тіркеуден өтуі керек? |
Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін ол құрылған күннен бастап екі ай мерзім ішінде тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бірлестікті құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттар қоса тіркеледі («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 13-б.). |
|
9 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қандай жағдайда қоғамдық бірлестікті тіркеу мерзімі тоқтатылады? |
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден шығару, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады (Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2198 Заңының 9-б.). |
|
10 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қандай жағдайда қоғамдық бірлестікті мемлекеттiк тiркеуден бас тарту жүзеге асырылады? |
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі; тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы; егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса; егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса; сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса; егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса; егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса; егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса; егер мемлекеттік тіркеу кезінде, мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алулар туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан астам берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса; егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесін иеліктен шығаратын тұлғалар атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса; жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы; сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы; егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге үзіледі. Егер мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу әрекеттерінен бас тартылады (Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2198 Заңының 11-б.). |
|
11 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бiрлестiктердің өз рәміздеріне болуына құқығы бар ма? |
Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өз рәмізі (жалауы, гимні, эмблемасы, вымпелдері, омырау белгілері) болуы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктердің толық және қысқартылған атауы мен оның рәмізі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Peспубликасында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмізін толық немесе олардың елеулі бөлігін қайталамауға тиіс («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 18-б.). |
|
12 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бiрлестiк қандай құқықтарды иеленеді? |
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен: - өз қызметі туралы ақпарат таратуға; - соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға; - бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге; - баспа қызметін жүзеге асыруға; - халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге; - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 19-б.). |
|
13 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бiрлестiктің қандай міндеттері бар? |
Қоғамдық бірлестік: - Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға; - өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен олардың танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; - ақша қаражатының келіп түсуі мен жұмсалуы туралы өз мүшелерін хабардар етуге; - тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналасқан жердің және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралы тіркеуші органға хабарлап отыруға міндетті («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 19-б.). |
|
14 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестіктерде кәсіпкерлік қызмет мүмкін бе? |
Қоғамдық бірлестіктер жарғылық мақсаттарға қол жеткізетіндей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызметті қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 20-б.). |
|
15 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бiрлестiктің мүшелері арасында табыс бөлінеді ме? |
Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен алынатын табысты қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшін пайдаланылуға тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің өз қаражатын қайрылымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 20-б.). |
|
16 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестіктің меншігі қалай қалыптасады? |
Қоғамдық бірлестіктің мүлкі, егер кіру жарналары мен мүшелік жарналарды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан, ерікті жарналар мен қайырмалдықтардан, жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуден түскен түсімдерден, өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған кірістерден және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған басқа да кірістерден қалыптасады («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 21-б.). |
|
17 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестіктің қызметін тоқтата тұру мүмкін бе? |
Қоғамдық бірлестіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бірлестік өз жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттерді бірнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, ішкі істер органдарының ұсынулары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негізіндегі сот шешімі бойынша үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін («Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 23-б.). |
|
18 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестікті құру кезінде атауында қандай шектеулер бар? |
Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен үйлесiмдi болмаса не егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын пайдалануға жол берiлмейдi (Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңының 7-б.). |
|
19 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестікті тарату тәртібі қандай? |
Тарату комиссиясы орталық әдiлет органының ресми басылымдарында заңды тұлғаның таратылуы туралы, сондай-ақ оның кредит берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат жариялайды. Талаптарды мәлiмдеудiң мерзiмi коммерциялық емес ұйымды тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауға тиiс. Тарату комиссиясы кредит берушiлердi айқындауға және берешектерiн алуға, филиалдар мен өкiлдiктердi есептен шығаруға шара қолданады, сондай-ақ кредит берушiлердi коммерциялық емес ұйымның таратылғандығы туралы жазбаша хабардар етедi. Кредит берушiлердiң талаптар қоюына арналған мерзiм аяқталған соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлiк құрамы туралы мәлiметтер, кредит берушiлер мәлiмдеген талаптардың тiзбесi, сондай-ақ олардың қаралу нәтижелерi туралы мәлiметтер болады. Аралық тарату балансын коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иеленушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi. Егер таратылған коммерциялық емес ұйымның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен, коммерциялық емес ұйымның мүлкiн ашық сауда арқылы сатуды жүзеге асырады. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның кредит берушiлерiне ақша төлеудi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 51-бабында белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен, аралық тарату балансына сәйкес, ол бекiтiлген күннен бастап тарату комиссиясы жүргiзедi. Кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталған соң тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны коммерциялық емес ұйымның мүлкiн меншiктенушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi. Таратылатын мекеменiң ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғысы талаптардың қалған бөлiгiн осы мекеменiң мүлкiн меншiктенушiнiң есебiнен қанағаттандыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге құқылы (Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңының 27-б.). |
|
20 |
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
|
Қоғамдық бірлестіктің жоғарғы басқару органының құзыретіне не жатады? |
Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңесті қоспағанда, құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады: жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы, қамқоршылық кеңес) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы; басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) - коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi; коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi (Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңының 39-б. 1-т.). |
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
|
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
|
1. |
Зияткерлік меншік |
Тіркелген авторлық құқық объектілерінің тізбесімен қайдан танысуға болады?
|
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ны авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді және оған қол жеткізуді қамтамасыз етеді. https://copyright.kazpatent.kz сілтемесі бойынша Тізілім ашық және қол жетімді болып табылатындығын назар аударамыз. Тізілімде куәліктің нөмірі бойынша, өтініштің түскен күні, куәліктің тіркелген күні, автор туралы мәліметтер, объектінің атаулары, объектінің түрлері және оның құрылған күні бойынша іздеу жүргізілуі мүмкін.
|
|
2. |
Зияткерлік меншік |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтері енгізілген туындылар даналарының көшірмелерін алуға бола ма?
|
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 8-тармағына сәйкес құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының бір данасы және (немесе) оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға автордың келісімімен беріледі. |
|
3. |
Зияткерлік меншік |
Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі және авторлық құқықты қалайша беруге болады? |
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмір бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмір сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды. Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде (заң бойынша немесе өсиет бойынша) берiледi. |
|
4. |
Зияткерлік меншік |
Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылғаны үшін жауапкершіліктердің түрлері? |
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды бұзылғаны үшін азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктер туындайды.
|
|
5. |
Зияткерлік меншік |
Туындыға авторлық құқықты тіркеу міндетті ме? |
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Автор жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн авторлық құқықтың қорғалатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта қажетті мәліметтерді Заңға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізуге құқылы. Осыған байланысты, Тізілімге мәліметтерді енгізу есептік сипатта болады және авторлықты танудың міндетті рәсімі болып табылмайды. |
|
6. |
Зияткерлік меншік |
Тіркелген тауар таңбасының тауарларын Еуразиялық экономикалық одақ шегінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге және алыс шетелге экспорттау кезінде шектеулер бар ма? |
Тауар белгілеріне құқық аумақтық сипатта болады. Яғни, тауар белгілерін құқықтық қорғау тек тіркелген мемлекетте ғана қолданылады. Бұл ретте, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды. Осылайша, тіркелген тауар белгісінің өнімін Еуразиялық экономикалық одақ шегінде экспорттау кезіндегі шектеулер, оны Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымға заңды түрде енгізген жағдайда қолданылмайды; Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге экспорттау кезіндегі шектеулер аумақтылық принципіне байланысты әрбір мемлекетте қолданылады.
|
|
7. |
Зияткерлік меншік |
Өнертабысқа құқықтық қорғау алу үшін қандай талаптарға сәйкес келу қажет? |
Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» ҚР Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi. Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады. Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады. |
|
8. |
Зияткерлік меншік |
Қандай негіздер тауар таңбаны тiркеуге жол бермейді? |
Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын, мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi. |
|
9. |
Зияткерлік меншік |
Тауар белгісіне құқықты не куәландырады? |
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес тауар таңбасына құқық куәлікпен куәландырылады және тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзіндімен расталады. |
|
10. |
Зияткерлік меншік |
Өнеркәсіптік меншік құқығын өзгеге беруге бола ма? |
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 11-1 бабына сәйкес патент иеленушi өзіне тиесілі өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты өзгеге беру шарты бойынша басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқылы. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру туралы шарт осы айрықша құқықтың қолданылу мерзімі шегінде жазбаша нысанда жасалады. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелуге жатады. |