Жиі қойылатын сұрақтар
Балаларды кезекке қою үшін тұрғылықты мекен - жайы туралы анықтаманың қажеті жоқ.
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру indigo24.kz электронды портал арқылы жүргізіледі. Кезекке қою туралы өтініш электрондық нысанда ғана беріледі. Өтінішті беру процесінде өтініш беруші мынадай ақпаратты көрсетуге міндетті:
- қолданыстағы екі мобильді телефон нөмірі;
- заңды өкілдің ЖСН-і;
- баланың ЖСН-і.
СМС түрінде хабарлама (кезекке тіркелгендігі және жолдама алғандығы туралы) алады.
Шымкент қаласының аумағында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 119 984 азаматтардың өтініштері тіркелген.
Қала аумағында соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 1 180 жер учаскелері 2008 жылы Достық т/а табысталған.
ҚР Жер кодексінің 44 бабының 5-3 тармағына сай жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беру үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана жол беріледі.
Жоғарылардың негізінде, азаматтардың өтініштері арнайы алаңшалардың дайындығына қарай қанағаттандырылатындығын хабарлаймыз.