Жиі қойылатын сұрақтар

2025 жылы грант сомасы 1 572 800 тг, (400 АЕК).

Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.

Пайдаланушыны тіркеу және сәйкестендіру рәсімін аяқтау үшін өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шараны алудың келесі кезеңдері электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып жүзеге асырылады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатты business.enbek.kz порталында оқып алады. Грант алуға өтініш бергенге дейін жеке кабинетте тиісті бөлімінде бизнес идеяны сипаттау үшін егжей-тегжейлі бизнес-жоспар жасау қажет. Ол үшін жеке кабинеттегі бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, оны бизнес-жоба бойынша деректермен толтыру және одан әрі грантқа онлайн өтініш бергенде пайдаланады.

Грант алудың негізгі шарттары:

1.Тіркелген жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер (3 жылға дейін) мәртебесінің болуы.

2.Әлеуметтік санаттың біріне жатуы:

а) көп балалы тұлғалар/көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);

б) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

в) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;

г) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

д) мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы);

е) қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;

ж) қоныс аударушылар.

  1. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы.
  2. Мәртебесін тексеру сәтінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау.

Қабылданған құжаттар қалалық комиссия  қарауына ұсынылатын болады.