Құрылым

"Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Мемлекеттік мекеменің мәні-мәдинет саласында халыққа тарихи-мәдени құндылықтарды  жеткізу,  кешегі қан майданда  соғысып, қан мен жанмен келген мына тәуелсіздікті бағалауды, тәуелсіздік пен азаттықты аңсап өмірден өткен ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы мен  аманаты, төл тарихымызды,  қасиетті көне ескерткіштер мен қазақ халқының байырғы  өмір сүру салты мен қолданыстағы заттары және салт-дәстүр әдет-ғұрыптарын жастар санасына сіңіру. Еліне,  жеріне, отанына деген сүйіспеншілікті ояту. Өскелең  ұрпаққа насихаттау. Алдағы уақытта  халықтың көңілінен шығып,  қазақ тарихинан сыр шертер үлкен тарихи-мәдени кешенге  айналу.

          Мекен жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, тұрғын үй алабы Нұрсәт, даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев, ғимарат-14.

Толығырақ

Директордың м. а.:

Қонтаев Еркін Алмасұлы

Телефон:

87770969296

Электрондық пошта:

direktsiyad@mail.kz

«Шымкент қалалық опера және балет театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2007 жылдың 3 сәуірдегі №126 қаулысына сәйкес  құрылып, 2008 жылы 7 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысумен ашылды.

Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі №143 қаулысына сәйкес Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Облыстық опера және балет театры» Шымкент қаласы  әкімдігінің 2020 жылғы  29 маусым №396 қаулысына сәйкес Түркістан  облысы әкімдігінен Шымкент қалалық әкімдігінің меншігіне қабылданып, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық опера және балет театры»  МКҚК-ы болып қайта өзгертілді.

Мекеменің негізгі қызметі: Кәсіпорын қызметінің мақсаты - қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу үшін опера және балет өнерін таныту, отандық және шетелдік классиктерінің озық дүниелерін көрерменге көркемдеп жеткізу, классика өнері арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды жеткізу, ұлттық дәстүрді жаңғырту мақсатында көрермендерге классикалық спектакльдер қою. Театр солистері өз елімізде ғана емес, шетелдерде де түрлі табыстарға қол жеткізуде.

Штат саны – 201, Жалпы қызметкерлер саны – 21

Шығармашылық құрам – 127, оның ішінде көркемдік құрам – 20, әкімшілік құрам –13, техникалық, шаруашылық  қызметкерлер – 75;

Әртістер – 107: оның ішінде вокал әртістері -20, хор әртістері -36, балет труппасы – 15, оркестр әртістері -36;

Репертуары: Жалпы спектакльдер саны – 22, оның ішінде балаларға арналған – 3 балет қойылымы бар.

Театр ғимараты 1984 жылы салынған, 2007 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілді. Мекеме ішінде 330 көрерменге арналған үлкен зал мен 86 орындық кіші зал бар. Жалпы алаңы: 4758,3 шаршы метр.

 

 

 

 

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 56-77-43

Электрондық пошта:

shymkentopera@mail.kz

«Концерттік-көрме орталығы» МКҚК

Отандық және әлемдік мәдениет пен өнердің үлгі өнегесін және Шымкент қаласының мәдени мұрасын насихаттау; қоғамды мәдени құндылықтарға мүмкіншіліктерін бейнелеу өнері, ән-күй, театр, кино өнері, мүсін, сәулет, дизайн, фото өнері, халықтық көркем кәсіптері және қарекеттері, мәдени мұралар, антиквариат, спорт, туризм, ғылым және техника салалары арқылы кеңейту; қоғамның рухани қажеттілігін қалыптастырып қанағаттандыру; халықтың эстетикалық тәрбиесін және көркем білімін дамыту; аймақаралық және халықаралық даму шенберінде мәдениет пен өнердің, ғылым және техника жетістіктерін өркендету болып табылады.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат тұрғын алабы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 12 ғимарат

Пошталық индексі: 160023

Қызметтік телефоны: 28-41-84

Толығырақ

Директордың м. а.:

Исаков Сапар Амирханович

Телефон:

8 (7252) 28-41-84

Электрондық пошта:

korme1@mail.kz

«Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ

Көпшілік оқырмандардың кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық сұранысын қамтамасыз ету.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Б. Момышұлы даңғылы № 20

Пошта индексі: 160005

Қызмет телефоны: 30-04-72

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 30-04-72

Электрондық пошта:

abaykitaphana@inbox.ru

«Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» МКҚК

Қысқаша анықтама

Шымкент қалалық қуыршақ театры 1983 жылы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың қолдауымен ашылды. Театр бастауында директор Николай Мустакиди, бас режиссер Бекболат Парманов және бас суретші Маяра Дәуренбаева тұрды. Олардың шақыруы бойынша Алматы мен Ленинград қалаларынан театр, музыка және кино институттарының түлектері келді.

Алғашқы театр маусымы 1984 жылы Г. Ландаудың "Ку-ка-ре-ку!" спектаклімен ашылды. Оның ізімен Н. Гернеттің "Гусенок", "Волшебная лампа Алладина", Н. Оспановтың "Мұңлық–Зарлық" спектакльдері пайда болды. Осы қойылымдарын театр ұжымы Ташкент, Чкаловск, Ленинабад қалаларына барған гастрольдік сапарларында көрермендерге ұсынды.

Бас режиссер Тастан Өтебаевтың қойылымдары әлі күнге дейін көрермендердің қызығушылығын туғызып келеді. Режиссерлік дарынымен қатар ол орыс тілінен қазақ тіліне тікелей тәржімалайтын қырынан танылды. Осы кезеңнен бастап барлық спектакльдер екі тілде қойылды.

Жамбыл, Қарағанды, Шымкент, Жетісайда бас режиссер болып қызмет еткен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Әскер Құлданов та бұл театрға елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанның мәдениет қайраткері, бас суретші Маяра Дәуренбекованың баға жетпес үлесі қазақ халқының аңыз, ертегі, эпостары негізінде жазылған "Мұңлық-Зарлық", "Ақ құс туралы аңыз", "Киелі алма", "Гусенок", "Волшебная лампа Алладина", "Бычок – острые рожки" және тағы да басқа қырыққа жуық спектакльдерден көрініс тапты.

"Теремок", "Хозяин леса", "Добрый гусь", "Хочу быть большим", "Волшебная свирель", "Аленький цветочек" және тағы да басқа ондаған қойылымдарымен театр репертуарын ұлғайтқан театрдың суретші-қоюшысы Ольга Кравченко көптеген жылдар бойы жемісті еңбек етіп келді.

Бүгінде театр репертуарындағы жетпістен астам спектакльдері Тараз, Астана, Байқоңыр қалаларына шыққан гастрольдік сапарлары барысында көрсетіліп келеді. Сонымен қатар театр аудандарға барып, балалар үйлерінің жеткіншектерін қайырымдылық спектакльдерімен қуантып жүр.

Халыққа қуыршақ пен жасөспірімдерге арналған театр өнері арқылы, тарихи-мәдени құндылықтар негізінде, дәстүрлі ұлттық патриотизмге баулу және сахнада көрермендердің сұранысына сай қойылымдар қою болып табылады.ымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

Толығырақ

«Шымкент жастар театры» МКҚК

Кәсіпорын қызметінің мақсаты өнерді, музыканы дамыту, отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік идеялары негізінде қала көлемінде жаңа дарындармен танысу болып табылады.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат ықшам ауданы, Nursultan Nazarbaev, 14 ғимарат

Пошта индексі: 160023.

Қызметтік телефоны: 54-74-10

Толығырақ

Телефон:

8-701-819-39-03

Электрондық пошта:

shymkent.madeniet@mail.kz

«Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры» МКҚК

Тарихы  

Алғашқы театрлық маусым 1929 жылдан басталған. 1934 жылы "Шымкент облыстық біріккен драма театры" аталып, құрылды. Режиссері әрі көркемдік жетекшісі М.В. Дроздин болды. 

1972 жылы театрға режиссер, драматург, театр қайраткері Жұмат Шаниннің есімі берілді.

Театр ұжымы 1984 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2014 жылы театр жаңа ғимаратқа көшірілді. 2015 жылы театр "Академиялық" мәртебесін алды.

Режиссерлер  

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары театрға белгілі режиссер А. Құлданов жетекшілік етті.

2001–2008 жылдар аралығында бас режиссер Е. Оразымбетов болды. Оның өзіндік ізденістері ұжым тынысына жаңа леп әкеліп, республикалық және халықаралық театр фестивальдерінен табыспен оралуға мүмкіндік туғызды. "Үздік режиссер", "үздік суретші", сондай-ақ үш мәрте Гран-при сыйлығы сол жылдардағы еңбектің жемісі болып саналды.

Содан кейін  режиссер А. Алтынбеков Шанин театрының репертуарына жаңа туындылар қосты.

Театр жетістіктері   

2002 жылы Қызылжар қаласында Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына орай өткізілген республикалық театр фестиваліне Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" трагедиясымен, 2003 жылы Орал қаласында өткен ХІ республикалық театрлар фестивалінде Иранбек Оразбаевтың "Мен ішпеген у бар ма?!"  қойылымымен қатысып, "Үздік режиссер" номинациясын иеленді.

2005 жылы Бішкек қаласында өткен Еуропа мен Орта Азияның 14 елінің театрлары бас қосқан "Арт-ОРДО" фестиваліне өнер ордасы Шыңғыс Айтматовтың "Жанпидасымен" қатысып, "Бас жүлдені", "Үздік суретші", "Үздік режиссер" номинацияларын қанжығасына байлады.

Халықаралық "Театр көктемі – 2007" фестивалінде театр ұжымы Мархабат Байғұттың "Бозторғайдың ұясы" спектаклімен "Бас жүлдеге" ие болды. Осы жылы ақын, драматург Иран Ғайыптың 60 жылдығына орай 2007 жылы Қызылорда қаласында өткен театрлар фестивалінде Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?!" спектаклімен қатысып "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.

2009 жылы Қарағанды қаласында өткен Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған республикалық театрлар фестиваліне ұжым Дулат Исабековтың "Мұңлық-Зарлық" драмасымен қатысып, "Эпостық шығарманы сәтті меңгергені үшін" номинациясына ие болды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Театр көктемі – 2011" республикалық, аймақтық театр фестивалінде театр Еркінбек Тұрысовтың "Ұлы көш" тарихи драмасымен қатысып, бас жүлдені "Ең үздік тақырыптық қойылым" номинациясымен жеңіп алды.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан      әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 29-61-68

Электрондық пошта:

shanin_teatr@mail.kz

«Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ

Мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын т.б. тілдерді оқыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Гагарин көшесі 122-үй

Пошталық индексі: 160002

Қызметтік телефоны: 31-83-38

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 31-83-38

Электрондық пошта:

shymtilder@mail.kz

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚК

2015 жылғы 22 мамырдағы №103-НҚ бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің қаулысы бойынша  «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі қайта құру жолымен Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет  басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» 2016 жылдың  22 маусымында  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2018 жылы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылуына байланысты, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына өтті. 

Орталықта «Достық», «Салт-дәстүр» және Мәжіліс залдары орналасқан.

Жалпы ауданы – 940,0 шаршы метр, «Достық» залы 192,79 шаршы метр, «Ұлттық салт-дәстүр» залы 158,65 шаршы метр, Мәжіліс залы  207,65  шаршы метрді құрайды.

Орталық қызметкерлерінің жалпы саны — 37. Шығармашылық қызметкерлер — 20, әкімшілік ұйымдастырушылық қызметкерлері — 4, техникалық қызметкерлер -12 адамнан тұрады.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әр – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 47-60-10

Электрондық пошта:

salt_dastur2014@mail.kz

«Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы коммуналдық заңды тұлға болып табылады.

Алғашқы театр маусымы 1929 жылдың 1 қарашасында ашылған. Театрдың алғашқы бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі – М.Раздолин болды, ұйымдастыру жұмыстары В.Б.Сибиринге жүктелді.

1944 жылдың 8 мамырында «Облыстық орыс драма театрын құру жайында» қаулы қабылданды. Театр труппасы бөлініп, іс жүзінде дара қазақ театры құрылды. Алайда ресми түрде театр 1967 жылы 15 қарашада Шымкент облысы мәдениет басқармасының бұйрығымен рәсімделді.

1958 жылы театр қайта құрылды (Құрылыс жұмыстары 1965 жылдың наурыз айында басталып, 1967 жылдың қазан айында аяқталды. 2000-жылдары театр ғимараты қайта қалпына келтіріліп, сыртқы түрі жаңарды).

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 53-02-73

Электрондық пошта:

rus.teatr_zakup@mail.kz

«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ

Мектепке дейінгі балалар мен кіші және орта сынып оқушыларының кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Мангельдин көшесі № 39

Пошта индексі: 160005

Жұмыс телефоны: 33-84-46

Толығырақ

«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ

Қысқаша анықтама

Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 1 архив мекемесі бар.

Архив Шымкент қаласы әкімінің 1992 жылғы 26 қазанындағы №859 шешімімен, қала көлеміндегі жойылған, жабылған, қысқарған мекемелердің жеке құрам құжаттардың мемлекеттік сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылған.

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің (бұдан әрі - Архив) негізгі функциялары архивтік қорларды қалыптастыру, жинақтау, олардың сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу және мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, архивтік құжаттарды жан-жақты пайдалану, жариялау болып табылады.

2015 жылы «Нұрсәт» шағын ауданынан 500 000 сақтау бірлігіне арналған жалпы алаңы 4000 м2 құрайтын заманауи 7 қабатты ғимарат салынып, қолдануға берілген.

2022 жылы архив ғимаратына эстетикалық жаңарту (модернизация) жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда 413  қорда  193 561 сақтау бірлігі бар. Архив қоймаларының орташа толу пайызы 60% құрайды. Архив қорының жинақтау көзі болып табылатын мекемелерінің саны 458, оның ішінде: мемлекеттік - 410, мемлекеттік емес ұйымдар - 48.

2023 жылғы жағдай бойынша архив мекемесінің штат саны 48 бірлікті құрайды, оның ішінде 72 % (35) басшылар мен мамандар, 28 % (13) техникалық қызметкерлер.

          Сондай-ақ, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылына 7-8 мыңға жуық азаматтардың өтінішін дер кезінде қабылданып, мерзімінде сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Сонымкен қатар, «Архив-20-25» кешенді жоспары және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында  құжаттарды цифрлы таңбаға көшіру мақсатында заманауи техникалармен жабдықталып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 42-50-17

Электрондық пошта:

shmgorarhiv@mail.kz

«Шымкент қалалық өзбек драма театры» МКҚК

Тарихы

  Театр Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Сайрам ауылында 2003 жылдың 14 наурызында Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің № 127 Қаулысымен құрылды. Алғашқы директоры Зәкіржан Момынжанов, бас режиссері Хамидолла Құлабдоллаев болды. Театр өз сахнасының шымылдығын Ш. Башбековтің "Темір қатын" спектаклімен ашты.

Театр сахнасында Орта Азия республикаларының барлығынан келетін өнер шеберлерінің қатысуымен "Әшкия" деп аталатын әзіл-қалжың фестивалі өткізіледі. Сондай-ақ театр сахнасында жас ақындарға арналған "Жұлдыздар" деп аталатын жыл сайынғы республикалық байқауы өтеді.  

Өзбек театрының репертуары жыл сайын классиктер мен қазіргі заманғы драматургтердің жаңа комедия, драма, трагедияларымен толығуда. Юморлық көріністер негізінен өмір шындығынан алынып, жергілікті әзіл-қалжыңдар пайдаланылатындықтан жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғызады.

Театр жетістіктері

2011 жылы Көкшетау қаласында өткен Орта Азия, Грузия мен Балтық елдерінің жас режиссерлері арасындағы байқауға "Тойлар құтты болсын!" спектаклімен қатысты.

2013 жылдары театр ұжымы Мақтаарал ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен "Театр көктемі" облыстық театр фестиваліне қатысты. Аталған фестиваль кезінде көрермен қауымға "Жаназадағы той" спектаклін ұсынып, осы спектакль үшін облыстық мәдениет басқармасының арнайы номинациясы дипломымен марапатталды; Тараз қаласында өткен "Оңтүстік Қазақстан облысының Жамбыл облысындағы күндері" атты іс-шараға театр ұжымы "Қарыз" спектаклімен қатысты; Қарағанды қаласында өткен Қазақстан ұлттық театрларының ІІ республикалық фестиваліне театр "Жаназадағы той" қойылымымен қатысып, Қарағанды облысының әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы айында театрға Өзбекстан Республикасының танымал режиссері Тожи Мухаммад Исраилов шақыртылды. Осы жылы Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен "Театр көктемі" облыстық театр фестивалінде "Кейіпкер бейнесін шынайы кескіндеу" номинациясы бойынша марапатталып, жүлдегер болды.

2015 жылы репертуар сапасын арттыру үшін танымал режиссер Әскер Құлданов театрға шақыртылды. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Мұхаммед Хайдар Дулати" тарихи трагедиясын сахналады. Осы жылдың ақпан айында театр актері С. Махмудов Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" атты республикалық фестивальге қатысып, ІІІ орын иегері атанды.

2018 жылы Атырау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың ІІ халықаралық театр фестиваліне қатысып, өзбек драма театры 500 000 теңге, диплом жəне Рақымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған төсбелгімен марапатталды. 

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын), шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

Толығырақ

«Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» КММ

Қысқаша анықтама

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы – әмбебап профильді кітапхана. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айында облыстық Мәдениет басқармасы бұйрығының және Мәдениет Министрлігінің 23.12.1977 жылғы хатының негізінде ұйымдастырылған.

Кітапхананың негізгі міндеті жас оқырмандардың әр түрлі талаптарын қанағаттандыратын кітап қорын жинақтау болып табылады. 1979 жылы кітапханаға Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ғимаратынан бір бөлме берілді.

1980 жылы №3970 ордер бойынша Крегер көшесіндегі бес қабатты №17 тұрғын үйден жай бөлінді.

1981 жылы СОКП-ның ХХV съезі ашылған күні жасөспірімдер кітапханасының салтанатты ашылуы өтті. 19 жыл бойы кітапхана осы мекен-жайда өз қызметін жалғастырды. Осы уақытта кітапхана қала және облыс жастары үшін мәдени, білім, бос уақытты тиімді өткізу орталығына айналып, кеңінен танылды. 

1997 жылы тамыз айында жасөспірімдер кітапханасы Тәуке хан даңғылы, 97 үйде орналасты. Кейін Облыстық мәдениет басқармасы мен жасөспірімдер кітапханасының ғимараты Оңтүстік Қазақстан облысының Даму Қорына берілді. 

1998 жылы тамыз айында кітапхана 656,4 шаршы метрлі екі қабатты жайға көшті.

2003 жылы жастарға патриоттық тәрбие бергені үшін жасөспірімдер кітапханасына «Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбеков есімі берілді.

Бүгінгі таңда жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге – 14 пен 29 жас аралығындағы оқушылар мен жұмысшы жастарға арнайы қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №290 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 53-98-88

Электрондық пошта:

Junlib@mail.kz

«Әл-Фараби» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ

 «Әл-Фараби» қалалық ғылыми-әмбебап  кітапханасы барлық  оқырман  категорияларына  арналған көпшілік  кітапхана  болып табылады.  Оның  негізгі  бөлігін: қызметкерлер,  студенттер,  оқытушылар,  жұмысшылар  мен  зейнеткерлер  құрайды. Кітапхана  ұжымдық  пайдаланушылармен,  қаладағы мекемелер  мен  өндірістер, жоғары  оқу  орындары  және  колледж кітапханалары арасындағы  келісім  шарт  пен  көпшілік  іс-шаралар  өткізу  негізінде  құрылған  жоспар  бойынша  жұмыстар  жүргізеді. 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,Nursultan Nazarbaev даңғылы, 8-ғимарат

Пошталық индексі: 160023

Жұмыс телефоны: 27-00-40

Толығырақ

«Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» МКҚК

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Тарихы

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры (2018 жылға дейін "Оңтүстік Қазақстан облыстық сатира және юмор театры") – 2008 жылы 4 сәуірде құрылған жас театр.

Театрдың ашылу салтанатына Асанәлі Әшімов, Әшірбек Сығай, Есмұқан Обаев және тағы да басқа өзге театрлардан келген әріптестер қатысты. Театр ұжымына "Шаншар" әзіл-қалжың театрымен танылған У.Әбдірайымов жетекшілік етеді. Театр өз жұмысын "Әзілің жарасса" деген концерттік бағдарламасы бойынша бастады.

Біраз уақытқа дейін театрдың өзінің жеке ғимараты болмағандықтан қуыршақ театрымен сахна бөлісуіне тура келді. Қазіргі уақытта оған бұрынғы "Шымкент" кинотеатрының ғимараты берілді.

Театр жетістіктері

Театр түрлі фестивальдерге қатысып, жоғары жүлделі орындарды иеленіп келеді.

2011 жылы өткен "Театр көктемі – 2011" фестивалінде "Бонапарттың тойы" спектаклін қойып "көрермендер көзайымы" сыйлығына ие болды.

2012-2013 жылдары Шымкенттегі "Әлем әзілі" атты халықаралық І, ІІ-ші фестивалінде театр үздік нәтиже көрсетті. Бұл байқауда Ресей, Қытай, Жапония, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан сынды елдердің белді сатириктері бас қосты.

Қазақ хандығының 550, Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған "Театр көктемі - 2015" облыстық фестивалінде "Ең үздік қойылым" номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Театр көктемі – 2016" облыстық театр фестивалінде Р. Отарбаевтың "Қараша қаздар қайтқанда" тарихи драмасымен қатысып "Актерлік ансамбльдік тұтастық" номинациясын жеңіп алды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен "Айтқыштар Ақтөбеде" атты республикалық VІІ әзіл-сықақ байқауында театр артистері І орынды иеленді.

2017 жылы Түркістан қаласында өткен Түркі әлемінің "Күлкі жәрмеңкесі" халықаралық фестивалінде театр "Жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін" грамотасымен және қаржылай сертификатпен марапатталды.

2017 жылы Астана қаласында өткен "ЭКСПО-2017" дүниежүзілік көрмесі аясында "Оңтүстік әзілдері" атты концерт ұйымдастырды.

2018 жылы Х. Шаженовтың 110 жылдығына және ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Р. Сейтметовтың 80 жылдығына арналған "Театр көктемі-2018" облыстық театр фестиваліне М. Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясын ұсынып І орынды иеленді.

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 53-73-97

Электрондық пошта:

satirateatr@mail.kz

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының  «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммуналдық заңды тұлға болып табылады.

Тарихы

Саяси қуғын - сүргін құрбандарының музейі  2001 жылы 2 қарашада ОҚО Тарихи - өлкетану музейінің филиалы болып ашылды.  2002 жылы 13 тамызда облыс әкімінің №248 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК болып құрылды.

Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы №234 қаулысы бойынша музей Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне берілді. Музей Қазақстан Республикасында саяси бағыттағы қуғын - сүргін тақырыбына арналған алғаш ашылған музейлердің бірі.

Саяси қуғын - сүргін құрбандарының музейі  2001 жылы 2 қарашада ОҚО Тарихи - өлкетану музейінің филиалы болып ашылды.  2002 жылы 13 тамызда облыс әкімінің №248 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК болып құрылды.

Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы №234 қаулысы бойынша музей Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне берілді. Музей Қазақстан Республикасында саяси бағыттағы қуғын - сүргін тақырыбына арналған алғаш ашылған музейлердің бірі.

Музей үш залдан тұрады:  Экспозициялық зал;  «Тағзым» залы;  Кино залы.

Бастапқыда музей қоры 2500 - ге жуық экспонатпен ашылған болса, қазіргі таңда музей қорында 16347 экспонат жинақталды. Музей қорын толықтыру мақсатында аудандық, қалалық, облыстық және шетелдік архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, музей саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен тығыз байланыста.

Музей жоғары оқу орындарының (ЕҰУ, ОҚМУ, ОҚМПУ, ХҚТУ және т.б) ғалымдарымен, тарихшыларымен, Алаштанушыларымен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізеді және аталған ЖОО студенттерінің қатысуымен көптеген іс-шарлар  өткізеді.

Алаш қайраткерлері мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының мерейтойларын атап өту мақсатында іс-шаралар,  лекциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп тұрады. 

Музейдегі өткізілетін іс - шаралар, онлайн бейнелекциялар, тарихи деректер және сол сияқты көптеген ақпараттар музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларында (фейсбук, инстаграм, ютюб) және ресми сайтында (www.repressia.kz) тұрақты жарияланып отырады. Қазіргі уақытта музей әлеуметтік желіні пайдалана отырып «Ұрпақтар еске алады», «Музей мұрағатынын», «Алаштың асыл арыстары» атты жобаларды жүзеге асыруда.

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 21-01-40

Электрондық пошта:

shymkentmuseums@mail.com

«Шымкент-Цирк» МҚКК

Шымкент циркі еліміздегі ең жас Цирктердің бірі. Оның аренасында акробаттар, клоундар, иллюзионистер және, әрине, үйретілген жануарлар еңбек етеді . Шымкент циркі бірнеше рет конкурстардың жүлдегері атанды.  Цирк өзінің репертуарын үнемі кеңейтіп, қызықты және қызықты нөмірлер жасайды.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Б.Момышұлы даңғылы, 20 Г үй

Пошталық индексі: 160012

Қызметтік телефоны: 30-12-72

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 30-12-72

Электрондық пошта:

uko_sirk@mail.ru

«Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК

Қысқаша анықтама

Шымкент зообағының құрылысы 1979-1981 жылдары Социалистік  Еңбек ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқарұлы Асқаровтың жеке бастамасымен, әрі тікелей басшылығымен тұрғызылған. Бұл құрылыс жұмыстарына 54 мекемелер мен кәсіпорындар қатысқан.

Зообақ 1980 жылы 19 сәуір күні ашылды. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болды.Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті.

Қазіргі таңда зообақ коллекциясында 194 жан-жануарлардың түрі бар.

Зообақта жыл сайын теңбіл бұғылар арқарлар, понилар, еуропалық кербұғылар, қырғауылдар, үйректер, жолбарысты питондар, арыстандар және тағы да басқадай жануарлардың түрлері көбеюде.

Шымкент мемлекеттік зообағының басты мақсаты сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жабайы аңдарды асырау, оларды көбейтіп табиғатқа қайта жіберу және ғылыми – зерттеу жұмысы, сонымен қатар қызметкерлер келушілерге аңдар туралы лекциялар оқып, экскурсия жасайды. Жыл сайын ғылыми жұмыстар Қазақстан мен ТМД елдерінің журналдарында жарық көрді. 

Зообақта жыл бойына  мектеп оқушылары мен биология және экология факультеттерінің студенттеріне арнап лекциялар, ғылыми консультациялар  және өндірістік, диплом алдыңдағы  тәжірибелер өткізіледі.

Негізгі жұмыс түрі

— Экспозициялық және ғылыми – ағарту жұмыстары;

— Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан аңдарды көбейту;

— Балалардың демалысын ұйымдастыру.

Негізгі мақсаты мен қызметі

Жабайы аңдардың жинағын  қалың бұқараға кеңінен көрсету;

Ғылыми зерттеу жұмыстарын, аңдардың зоология және этология бойынша жүргізу;

Келушілер үшін жақсы демалысқа жағдай жасау;

Басқа қалалардан және шетелдерден әкелінетін аңдардың коммерциялық емес жолмен алмасу, басқа зообақтарымен немесе фермалармен келісім жасау.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

87253476030

Электрондық пошта:

Shymkent-zoopark@mail.ru

«Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ

Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға кітапханалық-библиографиялық және анықтамалық ақпараттық қызмет көрсету

Почталық мекенжай: 160008, Республика Қазақстан, Шымкент қ., Ш. Уәлиханов көшесі , 213/6

Факс, тел.:    +8(7252) 57-23-78; +8(7252) 57-37-06

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 57-79-86

Электрондық пошта:

uksbshm@mail.kz