Құрылым

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Мәдениет ұйымдарымен жұмыс жүргізу бөлімі

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру бойынша мемлекеттік орган қызметін үйлестіреді;

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына сәйкес тіл туралы заңнаманың сақталуы, іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелер қызметіне жүргізілетін талдау жасайды;

тіл саясатына мониторинг жасайды, белгіленген индикаторларға қол жеткізуді қамтамсыз етеді.

Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; ұдайы рейдтік шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, Заң талаптары бұзылған жарнама иелеріне ескерту хаттар жолдайды, әдістемелік көмек көрсетеді, Заң талаптарына сәйкестендіруін бақылайды;

Шымкент қаласының аумағында архив iсi және құжаттамалық басқаруды қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға;

«Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс шаралар жоспарына сәйкес, іс-шаралардың жоғары дәрежеде өтуін  ұйымдастыру және  архив ісін дамытудағы жылдық жоспарының жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

Мекемелерде, ұйымдарда іс қағаздарының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізілуін қадағалайды;

Шымкент қаласы аумағындағы  мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін

нақтылайды және олардың  жинақтау көздерімен жүргізетін жұмысын үйлестіру;

 

 

Толығырақ

Телефон:

77-63-48

Электрондық пошта:

b.kadenova@shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи мәдени мұраны сақтау бөлімі

Шымкент қаласы аумағында мәдениет саласы бойынша мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа да ұлттар мәдениетінің сақталуына, дамуына және таралуына қамқорлық көрсетеді. Қала аумағындағы барлық санаттағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуын және оларды пайдалану құқықтарының орындалуын қамтамасыз етеді, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау мен қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласының атқарушы органның іс-шараларын қалыптастыру мен іске асыруға қатысады. Мәдениетті дамытуға бағытталған фестивальдер, конкурстар, ақындар айтыстарын және басқа да іс-шараларды өткізеді.

Толығырақ

Телефон:

77-63-45

Электрондық пошта:

g.lazar@shymkent.gov.kz

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелермен жұмыс жүргізу бөлімі

Басқарманың есеп-қисап жұмысына бақылау жасайды. Басқарманың бухгалтерлік балансын әзірлейді және тапсырады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бекітілген бюджетке сәйкес штат  кестесін түзеді, штат кестесі бойынша еңбек ақының уақтылы төленуін қамтамасыз етеді. 

Толығырақ

Телефон:

8(7252)77-63-50

Электрондық пошта:

s.aitzhanova@shymkent.gov.kz

Ономастика, тілдерді дамыту және архивтермен жұмыс жүргізу бөлімі

Жалпы басқарма бойынша жоғары тұрған органдар, қала әкімі мен оның орынбасарлары, басқарма басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының және хаттамаларының  (оның ішінде: ҚР Президеті әкімшілігінен, ҚР Үкіметі кеңсесінен)  сапалы және мерзімінде орындалуына жауапты және бақылауда ұстайды. Басқармада мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметті өткеруiне байланысты шешiмдердiң жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Кадр мәселелері бойынша жұмыстардың атқарылуын және нормативтік-құқықтық актілердің жобалары әзірленуін және бөлімнің құзыретіне кіретін құқықтық сипаттағы құжаттардың дайындалуын қадағалайды. Кіріс және шығыс құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңда белгіленген мерзімде орындалып, жауап берілуін бақылайды.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 77-63-45

Электрондық пошта:

Utepovamadina@shymkent.gov.kz