«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ
Қысқаша анықтама
Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 1 архив мекемесі бар.
Архив Шымкент қаласы әкімінің 1992 жылғы 26 қазанындағы №859 шешімімен, қала көлеміндегі жойылған, жабылған, қысқарған мекемелердің жеке құрам құжаттардың мемлекеттік сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылған.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің (бұдан әрі - Архив) негізгі функциялары архивтік қорларды қалыптастыру, жинақтау, олардың сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу және мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, архивтік құжаттарды жан-жақты пайдалану, жариялау болып табылады.
2015 жылы «Нұрсәт» шағын ауданынан 500 000 сақтау бірлігіне арналған жалпы алаңы 4000 м2 құрайтын заманауи 7 қабатты ғимарат салынып, қолдануға берілген.
2022 жылы архив ғимаратына эстетикалық жаңарту (модернизация) жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда 413 қорда 193 561 сақтау бірлігі бар. Архив қоймаларының орташа толу пайызы 60% құрайды. Архив қорының жинақтау көзі болып табылатын мекемелерінің саны 458, оның ішінде: мемлекеттік - 410, мемлекеттік емес ұйымдар - 48.
2023 жылғы жағдай бойынша архив мекемесінің штат саны 48 бірлікті құрайды, оның ішінде 72 % (35) басшылар мен мамандар, 28 % (13) техникалық қызметкерлер.
Сондай-ақ, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылына 7-8 мыңға жуық азаматтардың өтінішін дер кезінде қабылданып, мерзімінде сапалы қызмет көрсетіп келеді.
Сонымкен қатар, «Архив-20-25» кешенді жоспары және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында құжаттарды цифрлы таңбаға көшіру мақсатында заманауи техникалармен жабдықталып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда.