Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде докторантурада педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайтын тәртіппен жұмыс өтеуге міндетті.
Мысал: Мен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «Физика мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша докторантураны аяқтаймын. Қанша жыл және қандай ұйымдарда жұмыс өтеуім қажет?
Оқуды аяқтағаннан кейін Сіз меншік нысанына қарамастан, кез келген білім беру ұйымдарында 3 (үш) жыл жұмыс өтеуге тиіссіз.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде авиациялық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайтын тәртіппен жұмыс өтеуге міндетті.
Мысал: Менің қызым 2027 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) аяқтайды. Ол мемлекеттік грант бойынша қанша жыл жұмыспен өтеуге тиіс?
Сіздің қызыңыз ЖЖОКБҰ-дағы оқуын аяқтағаннан кейін 5 (бес) жыл жұмыс өтеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, дербес жұмысқа орналасу құқығын беру, өтеу міндетінен босату немесе өтеу міндетін тоқтату қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 33-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 Қазақстан Республикасы азаматтарын өтеу міндетінен босату «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес Жас мамандарды және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлау бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен беріледі.
Мысал: Алматы қаласының тұрғыны М. азаматы биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «Жалпы медицина» мамандығы бойынша университетті аяқтайды және резидентураға ақылы негізде түсуді жоспарлап отыр. Ол резидентураға ақылы негізде түскен жағдайда өтеу міндетінен босатыла ма?
Қағидаларға сәйкес, резидентураға ақылы негізде түскен жағдайда М. азаматы мемлекеттік грант бойынша оқуына байланысты өтеу міндетінен босатылмайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, жұмыспен өтеу міндетінен босату немесе оны тоқтату қағидаларының 33-тармағына сәйкес (бұдан әрі-Қағида), жұмыспен өтеу міндетінен босату Қазақстан Республикасы азаматтарына «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-2-тармағында көзделген Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
Мысал: Менің ұлым биыл мемлекеттік білім тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім тапсырысы) негізінде «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша университетті аяқтайды және шетелдік жоғары оқу орнының магистратурасына түсуді жоспарлап отыр. Шетелдік жоғары оқу орнының магистратурасына түскен жағдайда ол жұмыспен өтеу міндетінен босатыла ма?
Қағидаларға сәйкес, ұлыңыз шетелдік жоғары оқу орнының магистратурасына оқуға түскен жағдайда, оған магистратурадағы оқуын аяқтағанға дейін жұмыспен өтеу міндетін орындау мерзімі кейінге қалдырылады. Магистратураны аяқтағаннан кейін ұлыңыз кейінге қалдыру мерзімі аяқталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей өтеу міндетін орындауға кірісуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, дербес жұмысқа орналасу құқығын беру, өтеу міндетінен босату немесе өтеу міндетін тоқтату қағидаларының 33-тармағына сәйкес, жұмыспен өтеу міндетінен босату Қазақстан Республикасы азаматтарына «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-2-тармағында көзделген Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен беріледі.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291
Мысал: Менің ұлым биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім тапсырысы) негізінде «Экономика» мамандығы бойынша университетті аяқтайды және ақылы негізде немесе мемлекеттік білім тапсырысы бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отыр. Магистратураға түскен жағдайда ол өтеу міндетінен босатыла ма?
Ұлыңыз магистратураға ақылы негізде немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен жағдайда, оған магистратурадағы оқуын аяқтағанға дейін жұмыспен өтеу міндетін орындау мерзімі кейінге қалдырылады. Магистратураны аяқтағаннан кейін Комиссияның шешімімен ол жұмыспен өтеу міндетінен босатылады.
«AI-Sana» бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттерді шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 82-тармағын https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2500001042 орындау шеңберінде іске асырылатын бағдарлама.
«AI-Sana» бағдарламасына Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты – білім алушы мәртебесінің болуы. Осыған байланысты оқуын аяқтап, білім алушы мәртебесінен айырылған түлектер бағдарламаға қатысушылар санатына жатпайды.
Мысал:
Азамат А. Ғылым және жоғары білім министрлігіне «AI-Sana» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы өтінішпен жүгінді. Өтінішті қарау барысында азамат А.-ның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының студенті, магистранты немесе докторанты еместігі және білім алушы мәртебесінің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты оған «AI-Sana» бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында білім алушы мәртебесі бар тұлғалар ғана қатыса алатыны түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Президентінің өмір бойғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының нақты мүшелеріне, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне тағайындалмайды.
Мысал: Алматы қаласындағы ғылыми ұйым мемлекеттік ғылыми стипендия алуға зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигінің құжаттарын ұсынды. Мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындауға арналған құжаттар академиктің белсенді және нәтижелі зерттеу жұмысын жалғастыруына байланысты жіберілген.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссия академиктің зейнеткерлік жасқа толуын ескере отырып, құжаттарын қабылдамады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 9-тармағында көрсетілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер әкімшіге – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Әкімші) мына құжаттарды ұсынады:
1) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткердің толтырылған сауалнамасы;
2) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі;
3) паспорт және жеке куәліктің түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
4) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады). Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану туралы куәлігі не «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаты;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін, тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
8) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
9) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
10) ғылыми зерттеулердің бағыттарын, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімін, құнын (есеп-қисабы толық жазылған) көрсете отырып, үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық жағдайларды қоспағанда) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармаларымен бірге көшірмелері;
11) ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласы немесе шолуы) немесе бұйрықпен бекітілген және (немесе) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаласы және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі;
12) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
13) үміткер құжаттарын өзі тапсыра алмаған жағдайда өкілге нотариалды куәландырған сенімхаты.
Үміткер ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің сауалнамасының үлгілік нысанын толтыру кезінде осы Қағидалардың ережелерімен танысқандығын растайды.
Мысалы:
Мен Хельсинки университетінен (Финляндия Республикасы) ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі және университеттің жұмыс істейтін ғылыми зертханалары туралы ақпарат қамтитын хат алдым. Осы хатты тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруы ретінде Әкімшіге ұсына аламын ба?
Жоқ, өйткені Қағидалардың 2-тармағына сәйкес, ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуге ресми шақыру болып табылады. Шартсыз шақыруда ғылыми тағылымдамадан өту мерзімдері және тағылымдамаға ақы төлеу туралы шарттары көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, осы Қағидаларға 4-қосымша бойынша жеке зертхана болған жағдайда сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхана куәлігі, зертхананың паспорты.
Зертхананы жалға алған кезде – зертхананы жалға алу шарты, сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың куәлігі, зертхананың паспорты.
Егер зертхана талап етілмейтін болса жүзеге асырылатын ғылыми қызмет түріне зертхана талап етілмейтіндігі туралы түсіндірме (еркін нысанда) беріледі.
Ескертпе: зертханалардың болуы туралы мәліметтер толтырылғанға дейін аккредиттелетін ұйым зертханалар мен жабдықтар туралы деректерді «Е-lab» модуліндегі Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» (бұдан әрі – ҰИЖ БТ) цифрлық жүйесіне енгізеді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мысалы:
«Айтас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – ЖШС) меншігінде өз зертханасы жоқ, бұл ретте жұмыстарды жүргізу үшін оларға зертхана қажет. ЖШС, «Жалын» ЖШС-нің сертификаттталған (аккредиттелген) зертханасын жалға алды. «Жалын» ЖШС жалға берген зертхана туралы деректерді «Е-lab» модуліндегі ҰИЖ БТ-ның «бірыңғай терезесі» цифрлық жүйесіне енгізе отырып, зертхананы сертификаттау куәлігін және зертхананың паспортын қоса ұсынды.
Осылайша «Айтас» ЖШС аккредиттеуден өту үшін талап етілетін құжаттармен бірге жалға алған зертхана құжаттарын, аталған қызметті беруші Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынды.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық қаржыландыру қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шығыстардың түрлері, оның ішінде жабдықтарды, материалдарды және өзге де тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 25-тармағында айқындалған.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613
Бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 1-тармағында белгіленген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035417
Мысалы:
Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институтының зерттеу тобы гранттық қаржыландыру нысанында бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобаны іске асыруда. Жобада көзделген ғылыми зерттеулерді орындау үшін зертханалық микроскопты, химиялық реактивтерді және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу қажет.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес, ғылыми-зерттеу институты белгіленген бәсекелестік сатып алу тәртібін сақтай отырып, аталған тауарларды гранттық қаржыландыру қаражаты есебінен сатып алуға құқылы.