Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573 сәйкес, құжат қабылданатын және конкурстық іріктеу өткізілетін мерзімді жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда орналастырады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау мерзімдері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады: https://bolashak.gov.kz/ru

Мысалы:

Үміткер белгіленген мерзімде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырып үлгермесе, оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тапсыра ала ма?

Жоқ, үміткер құжаттарды қабылдаудың бекітілген мерзімінде тапсыруы керек.