Құрылым

«Мемлекет тарихы институты»

Мемлекет тарихы институты Қазақстан тарихын зерттеуге арналған жетекші ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Институт еліміздің бай және жан-жақты тарихын ашуға бағытталған кең ауқымды қызметпен айналысады. Негізі қаланған сәттен бастап оның эволюциясы мен қазіргі қоғамға әсері туралы түсінігімізді байыту мақсатында Қазақстанның өткеніне сүңгу басты мақсат болып қала береді.

https://history-state.kz/#/aboutus/AboutInstitute

Толығырақ

«Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы»

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі – ел тәуелсіздігімен үндесіп, құнды жәдігерлермен толыққан рухани орын.

Өзіндік даму тарихын қалыптастырған музей академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғұмырнамасы мен ғылыми еңбектерінен сыр шертіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Академик, геолог Қаныш Сәтбаевтың жеке заттары орналастырылған зал көрермендерін тамсандырып қана қоймай, музейді жаңғырту мақсатында қоғамдық мәні зор мәдени жобаларды  жүзеге асыруда.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі

Толығырақ

«Ұлттық тестілеу орталығы»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім  министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі ҰТО) 1992 жылы құрылған. 

Ұлттық тестілеу орталығының миссиясы – Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі аясында өткізілетін шараларды ұйымдастырушылық-технологиялық қамтамасыз ету.

ҰТО қызметінің басты мақсаты Қазақстанның білім беру жүйесіндегі сырттай тапсырылатын емтихандар мен мониторингтердің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар оларға тест тапсырмалары базасын қалыптастыру болып табылады.

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Толығырақ

«Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

ҚР ҒЖБМ «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы.

Қазақстан 2010 жылы Болон Декларациясына қол қойып, Болон процесіне қатысушы елдер қатарында 47 орынға ие болды және Еуропалық білім кеңістігінің толық құқықты мүшесі болып танылған бірінші Орта азиялық мемлекет.

Әр қатысушы ел Болон процесінің міндетті, ұсыныстық және қосымша параметрлері бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.

Орталық 2012 жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейде Болон процесі параметрлерінің жүзеге асырылуын әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу мақсатында құрылды.

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Толығырақ