Құрылым
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мемлекеттік құпияларды қорғау жұмысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік құпиялар туралы», Министрлік туралы ережені, Министрлік бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Басқарманың құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
Басқарма басшысы:
Қиясбек СерікТелефон:
+7 (7172) 74-22-12Жұмылдыру жұмысы басқармасы
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмылдыру жұмысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», Министрлік туралы Ережемен, Министрліктің бұйрықтарымен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және осы Ережені басшылыққа алады.
Басқарма басшысы:
Болатқызы НазираТелефон:
+7 (7172) 74-19-57