«Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы»

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі – ел тәуелсіздігімен үндесіп, құнды жәдігерлермен толыққан рухани орын.

Өзіндік даму тарихын қалыптастырған музей академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғұмырнамасы мен ғылыми еңбектерінен сыр шертіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Академик, геолог Қаныш Сәтбаевтың жеке заттары орналастырылған зал көрермендерін тамсандырып қана қоймай, музейді жаңғырту мақсатында қоғамдық мәні зор мәдени жобаларды  жүзеге асыруда.