Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 156-бабының 2-тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z156 өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады, мысалға:
- заңды негіздерсіз, оны тағайындау туралы актісіз тексеру жүргізу;
- өткізудің басталғаны туралы хабарламаның болмауы немесе хабарлама мерзімдерінің бұзылуы;
- тексеру парақтарында белгіленбеген немесе органның құзыретіне жатпайтын талаптарды тексеру;
- тексеру нысанасына жатпайтын құжаттарды талап ету;
- коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету;
- тексеру мерзімінен асып кету;
- сол мәселе және кезең бойынша қайта тексеру (заңда тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда);
- тексеруді тағайындау туралы актіні ұсынбау немесе оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда тіркемеу;
- органның құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеру тағайындау.
Мысалға, Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарын бұзу туралы тексеріс тағайындалған, бірақ лауазымды тұлға тексеріс барысында жоғары оқу орнынан біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы материалдарды талап етіп, қызметіне тексеріс жүргізеді.
Немесе тексері 5 жұмыс күні ішінде жүргізуі тиіс, бірақ тексеріс жүргізетін тұлға осы мерзімнің шегінен шығып кету. Көрсетілген негіздер тексеріс кезінде жасалған өрескел бұзушылықтар болып табылады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 3-тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z154 тексерушілер, мысалға:
- ҚР заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
- тексеруді тек негіздер бойынша және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және (немесе) ҚР өзге де заңдарына қатаң сәйкес жүргізу;
- тексеру кезінде бақылау субъектісінің жұмысына кедергі келтірмеу;
- ҚР заңнамасын бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу;
- бақылау субъектісінің өкілін тексеруге қатысуына жол беру, оған тексеру нысанасы бойынша түсініктемелер беру;
- бақылау субъектісіне тексеру нысанасы бойынша қажетті ақпаратты беру;
- тексеру нәтижелері туралы актіні және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы (егер олар анықталса) белгіленген мерзімде тапсыру;
- тексеру барысында алынған барлық құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мысалға, тексеру нәтижелері туралы актіні және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы тексерудің сонғы күнінде емес келесі күнде жоғары оқу орнына тапсыру немесе тесеруді тексеру парағында көрсетілген негіздер бойынша тексермеу – ол лауазымды тұлғаның тексеру барысында өз міндеттемелерін орындамау болып табылады.
Жоспардан тыс тексерудің негіздері ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасында https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z144 белгіленген.
Жоспардан тыс тексеру, егер:
- ұйым алдыңғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жойған жоқ немесе алдыңғы бақылау шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы бойынша растайтын ақпарат бермеген жағдайда;
- дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері;
- жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттің өміріне, денсаулығына, құқықтарына немесе заңды мүдделеріне қауіп төндіру немесе зиян келтіру фактілері бойынша прокурордың талабы;
- мемлекеттік органдардан адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін бұзушылықтар фактілері бойынша өтініш;
- ұйымның өзі бастапқы тексерумен келіспеушілікпен жүгінген (жедел ден қою шараларын қолданудың заңсыздығы);
- қылмыстық қудалау органының тапсырмасы келіп түскен жағдайда жүргізіледі.
Бұл ретте, жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін өтініш берушіге ҚР заңнамасының бұзылған талаптары туралы дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелерді ұсынуы қажет.
Мысалға, жоғары оқу орнында Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандартының талаптары бұзылғандығы туралы жеке тұлғадан өтініш түсті, бірақ ол өтініште дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болмағандықтан, ол жоспардан тыс тесерудің негізі бола алмайды. Бұндай өтініштер өкілетті органмен тексерудің тіркеуіне жатпайды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеге (ҚР Үкіметінің 19.08.2022ж. № 580 қаулысы) сәйкес Министрлік ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы саясатқа, сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз етуге жауапты.
ҚР «Білім туралы» Заңның 5-3-бабына сәйкес Министрлік меншік нысанына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ҚР заңнамасы мен мемлекеттік білім беру стандарттарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
«Білім туралы» заңның 59-бабының 2-тармағы бойынша бақылау объектілері болып табылады:
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
- студенттердің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі.
Осылайша, тексеру нысаны болып табылмайды:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырмайтын ұйымдардың қызметі (мысалға, біліктілікті арттыру курстарын жүргізетін, шетелдік ЖОО-на түсуге көмектесетін ЖШС, жеке кәсіпкерлер);
- еңбек даулары (мысалы, жалақы немесе оқытушыларды жұмыстан шығару мәселелері);
- қаржылық мәселелер (мысалға, оқу ақысын қайтару, оқуға жеңілдіктер және т.б.) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z68.
Ғылыми атақтар беру үшін ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет), журналдарының мақалалары жарияланған ғылыми бағытқа – тақырып бойынша да, журнал сериясы бойынша да дәл сәйкес келуі керек. Нормативті түрде бұл ереже ғылыми атақтар беру ережелерінде бекітілген (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939).
Мысалы, ізденуші Экономика мамандығына тапсырып отыр, ал оның экономика туралы мақаласы Комитет ұсынған журналда заң бойынша журналда шыққан, бұл жағдайда осы мақала есептелмейді.
Ғылыми атаққа үміткер халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларда автор-корреспондент болуы туралы талап Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелерінде (бұдан әрі – Ереже) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939) көрсетілген.
Ереже бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына үміткердің халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 2 ғылыми мақаласында автор-корреспондент немесе бірінші автор болуы қажет (Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасы).
Осыған ұқсас профессор ғылыми атағына үміткерде осындай 3 мақала болуы керек.
Бұл ретте ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдарда шыққан мақалаларға бұл талап қойылмайды.
Егер докторантураның белгілі мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңестер (бұдан әрі – дискеңес) жоқ болса, онда диссертацияны жапсарлас бағыт бойынша ашылған дискеңес қабылдай алады.
Оған Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929) 20-1-тармағымен рұқсат берілген.
Бұл тармақ бойынша егер докторанттың докторлық диссертациясын қорғау үшін оның білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес болмаса, онда жапсарлас даярлау бағыты немесе білім беру бағдарламалар тобы бойынша докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауға қабылдауға жол беріледі.
Мысалы, «8D01200 Кәсіптік оқыту (сала бойынша)» даярлау бағыты бойынша дискеңес жоқ. Бірақ Кәсіптік оқыту мамандығы немесе білім беру бағдарламасын меңгерген докторанттар жапсарлас «8D014 Жалпы дамудың пәндік маманданды рылған педагогтарды даярлау» бағыты бойынша дискеңесте қорғай алады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Комитет басылымдарының тізбесі) ғылыми журналдар кіру үшін ол Қазақстанда тіркелу керек және халықаралық тіркеуі де болу қажет.
Бұл норма Комитет басылымдарының тізбесіне енгізу үшін бекітілген талаптарда көрсетілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409).
Журналды Қазақстанда тіркеу процесі «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035283) сәйкес өткізіледі. Ол қызметті Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді. Нәтижесінде журналға есепке қойылу туралы куәлік беріледі.
Сонымен қатар ғылыми журнал ISSN (International Standard Serial Number) халықаралық стандартты сериялық нөмірін алып тіркелу керек.
Резидентураның аккредитациясын өткізу үшін танылған аккредиттеу органдарын Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімінен (бұдан әрі – 1-тізілім) табуға болады.
1-тізілім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында» (бұдан әрі – ЖБББП) (https://epvo.kz/#/) қолжетімді.
1-тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары резидентура бағдарламаларының білім беру бағдарламаларының мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуін өткізуге құқылы, себебі резидентура жоғары білім деңгейіне жатады.
Аккредиттеу органы – аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға болып табылады (Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» (1-баптың 2-3)-тармақшасы)
(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319).
1-тізілім Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014438) сәйкес Министрлікпен жүргізіледі.
Мысал:
«Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің еуразиялық орталығы» атты аккредиттеу органы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімінде бар ма екені туралы білу керек.
Ол үшін Сіз интернетте іздеу арқылы Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын табуыңыз керек. Порталдың бірінші бетінде Сіз «Танылған аккредиттеу органдардың тізілімі» батырмасын көресіз. Осы батырмаға басқасын Сіз 1-тізілімге кіретін барлық аккредиттеу органдарды көресіз.
Олардың ішінен «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің еуразиялық орталығы» атты аккредиттеу органын тауып аласыз. Осында бұл орган туралы нақты ақпарат болады – сайтына сілтеме, Министрліктің аккредиттеу органын тану туралы бұйрығы, тану мерзімі, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық және еуропалық желілерге толық мүшелігі.
Шетелде алған PhD немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесін тану процесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығында жүргізіледі. Бұл білім туралы құжаттарды тану бойынша мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет ретінде жүзеге асады.
Мемлекеттік қызмет Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары бойынша тәртіппен жүреді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800).