Жиі қойылатын сұрақтар

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру саласындағы заңнаманың және білім берудің мемлекеттік стандарттарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z1343).

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 2-тармағына, 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізілімі және (немесе) тексеру кестесі негізінде бақылау органы бақылау субъектісін мемлекеттік бақылаудың басталуы туралы оның басталуына кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын күнін көрсете отырып жазбаша түрде ескертуге міндетті (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375).

Хабарлама қолма-қол табыс етіледі, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық поштасына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.

Мысалы, Алматы қаласындағы ЖЖОКБҰ-лардың біріне мемлекеттік бақылауды жүргізудің басталатыны туралы хабарлама жіберіліп, оны бақылау субъектісі ағымдағы жылдың 20 сәуірінде алған. Осы субъектіге қатысты мемлекеттік бақылау тек ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап, яғни 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана жүргізіледі.