Жиі қойылатын сұрақтар
Қысқа жауап:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (30-бап, 1-тармақ) сәйкес сапалы тауарды, егер ол пайдаланылмаса және тауарлық түрі сақталса, 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады. Алайда, ерекшеліктер бар.
Толық жауап:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (30-бап, 1-тармақ) сәйкес сапалы тауарды, егер ол пайдаланылмаса және тауарлық түрі сақталса, 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады.
Алайда мыналар ерекшелік болып табылады:
- Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар.
- Іш киім, шұлықтар.
- Жануарлар мен өсімдіктер.
- Метражға сатылатын тауарлар (маталар, кілемдер, үлдірлер, таспалар, кәбілдер және т.б.).
- Ұялы телефондар және басқа да абоненттік байланыс құрылғылары.
Егер сізде чек болмаса, алайда сіз осы сатушыдан сатып алынғанын дәлелдей алсаңыз, онда сатушы тауарды бәрібір қайтып алуы керек.
КЕЙС: Қайтаруға немесе айырбастауға болмайтын тиісті сападағы тауарлар.
Егер тауарлар:
- жеке тапсырыс бойынша жасалса;
- жеке өлшемдері (киім, аяқ киім) болса;
- тез бұзылса немесе жарамдылық мерзімі қысқа болса;
- жеке гигиена құралдарын, косметика, парфюмерияны;
- дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды;
- қаптамасы бұзылған кітаптарды, журналдарды, дискілерді, бағдарламалық қамтамасыз етулерді қайтаруға немесе ауыстыруға болмайды.
Дау-дамай туындаған жағдайда, сатушы айырбастаудан бас тартса, чек пен тауарды алып, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне Gov.kz порталы арқылы, жазбаша немесе жеке шағым беріңіз.
Шағымға чекті (бар болса), тауардың суретін және орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса беріңіз.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы»
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_
Қысқа жауап:
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі оның өкілеттігі шеңберінде қабылдады. 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Заңның нормалары негіз болды
Толық жауап:
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 Қаулысымен бекітілді. Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап ел аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданысқа енгізілді. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірқатар өңірлерде бір сағатқа артқа шегерілді.
Үкімет бұл шешімді Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңында және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңда көзделген өз өкілеттіктері шегінде қабылдады.
Қаулы тек уақытты есептеу тәртібіне қатысты және азаматтардың немесе кәсіпкерлердің құқықтарын өзгертпейді. Оны қабылдағанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті келісімдер мен рәсімдер жүргізілді.
Осы тәртіп субъектілер мемлекеттік органға жүгіне алатын барлық кейстерге қатысты қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P000001749
Қысқа жауап:
Уақытты ауыстыру туралы шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысымен қабылданды, оған сәйкес 2024 жылы 1 наурыздан бастап ел аумағында UTC+5 Бірыңғай уақыт белдеуі белгіленді; бұл шешім Үкіметтің өкілеттігі шегінде қабылданды және бүкіл республикада уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеуге бағытталған, ал оқу процессін ұйымдастыру мәселелері мектептердегі сабақ кестелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі оның өкілеттігі шеңберінде қабылдады. 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Заңның нормалары негіз болды.
Толық жауап:
Жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуына байланысты мәселелер еңбек заңнамасымен реттеледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 71-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілейді: жұмыс күні басталуы мен аяқталуы, ауысымның ұзақтығы, үзілістер. Аталған талаптар ішкі еңбек тәртібі ережелерінде, еңбек немесе ұжымдық келісімшартта бекітіледі.
Қажет болған жағдайда жұмыс беруші жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақытын өзгерту құқығына ие — бұл өз бастамасымен де, қызметкерлердің ұсынысы бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай өзгерістер барлық қызметкерлерге немесе бірыңғай уақыт белдеуіне өту айтарлықтай сезілетін жеке бөлімшелерге немесе өңірлерге қатысты болуы мүмкін.
Егер қызметкерде отбасылық жағдайлар туындаса, мысалы, баланы мектептен қараңғыда алу қажеттігі, ол жұмыс берушіге жеке жұмыс кестесін тағайындауды сұрап өтініш білдіруге құқылы. Жұмыс беруші мұндай мүмкіндікті қарастырып, өндірістік процесті бұзбайтын болса, ыңғайлы жұмыс режимін белгілеуі мүмкін.
Кез келген жұмыс уақытына өзгерістердің ресми түрде рәсімделуі және оны еңбек келісімшартына немесе оған қосымша келісімге енгізу маңызды.
Осы тәртіп субъектілер мемлекеттік органға жүгіне алатын барлық кейстерге қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 71‑бабы:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414
Қысқа жауап:
Қазақстан Республикасында бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы шешім уақыт есебін табиғи (астрономиялық) күн уақытына барынша сәйкестендіру мақсатында қабылданды.
Аталған өзгеріс халықтың тәуліктік қызметін табиғи жарық кезеңімен үйлестіруге, уақыт айырмашылығын оңтайландыруға және ел аумағында бірыңғай уақыт тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған.
Толық жауап:
Қазақстан аумағында уақыттың табиғи күн мен түн ырғағына барынша сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады.
Зерттеулер көрсеткендей, аталған уақыт белдеуі өңірлердің басым бөлігі үшін астрономиялық (күн) уақытқа неғұрлым жақын: күннің шығуы мен батуы халық үшін дәстүрлі әрі қолайлы уақыт аралығында өтеді.
2023 жылдың көктемінде ғалымдардан, депутаттардан, сарапшылардан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды.
Аталған жұмыс тобы уақыттың халық денсаулығына әсерін, тұрғындардың пікірін және халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеді.
Талқылау қорытындылары бойынша бірқатар өңірлерде уақыт бір сағатқа кейін шегеріліп, ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуі белгіленді.
Жұмыс тобы жүргізген зерделеу нәтижелері бұл шешімнің азаматтардың денсаулығына және жалпы өзін-өзі сезінуіне оң әсер ететінін, сондай-ақ табиғи уақытқа неғұрлым жақын тәуліктік режимді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Мысалы: Алматы қаласының уақыт белдеуін есептейтін болсақ: Жер шары 24 сағатта 360°-қа айналады. Демек, 1 сағат 15°-қа, ал 1° шамамен 4 минут уақытқа сәйкес келеді.
UTC+5 уақыт белдеуінің орталық меридианы 5 × 15° = 75° шығыс бойлығы бойынша анықталады. Алматы қаласы 76° шығыс бойлығында орналасқан. Яғни айырмашылық 76° − 75° = 1° болады, бұл шамамен 4 минут астрономиялық (күн) уақыттан ауытқуды білдіреді.
Қазақстан аумағы шамамен 46° мен 87° шығыс бойлығы аралығында орналасқанын ескерсек, бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуін қолдану елдің табиғи географиялық созылымы шегінде уақыттың рұқсат етілетін ауытқуын математикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
1) Петицияны қарау нәтижесі бойынша шешім қабылданды. ҰЖ-2024-04319374
https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/820554?lang=kk
Қысқа жауап:
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттерімен Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайтында танысуға болады. Ол үшін жай ғана «Техникалық реттеу және стандарттау» бөлімін ашыңыз — онда барлық қажетті құжаттар жинақталған: қолданыстағы регламенттер, жаңа жобалар, тауарлар тізімдері мен сертификат нысандары. Барлығы бір жерде және ашық қолжетімділікте.
Толық жауап:
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттері Еуразиялық экономикалық комисиясының ресми сайтында «Техникалық реттеу және стандарттау» бөлімінде қолжетімді. Мұнда келесі ақпараттар ұсынылған:
- Қолданыстағы техникалық регламенттердің толық мәтіндері.
- Міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімдердің тізімдері.
- Жаңа регламенттер мен өзгерістердің жобалары.
- Сәйкестік сертификаттары мен декларацияларының үлгілері.
- Сәйкестікті бағалау органдарының тізімдері және басқа нормативтік құжаттар.
Қазақстан азаматтары үшін техникалық регламенттердің мәтіндері Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің ресми сайтында да қолжетімді.
Осы тәртіп субъектілер мемлекеттік органға жүгіне алатын барлық кейстерге қатысты қолданылады.
Қысқа жауап:
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттері — бұл тауарлардың адамдар үшін қауіпсіз екенін тексеруге арналған белгілі бір ережелер. Бұл ережелер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін барлық елдер үшін міндетті. Яғни, егер тауар осы елдердің бірінде өндірілетін, сатылатын, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағына кіргізілетін болса, ол міндетті түрде осы талаптарға сай болуы керек.
Толық жауап:
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттері — бұл Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында өндірілетін және сатылатын тауарларға қойылатын міндетті бірыңғай талаптарды белгілейтін ресми құжаттар. Бұл құжаттарды Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайды және олардың басты мақсаты — адамдардың өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушыларды сапасыз өнімдерден қорғау.
Техникалық регламенттер әртүрлі тауарларға қатысты қолданылады — азық-түліктен бастап балалар ойыншықтары, техника және химиялық заттарға дейін. Онда тауар қандай стандарттарға сай болуы керек екені нақты жазылған. Бұл талаптар орындалса ғана тауарды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде еркін сатуға болады.
Егер тауар қандай да бір техникалық регламентке жатса, онда өндіруші немесе жеткізуші міндетті түрде сәйкестікті растау рәсімінен өтуі керек — бұл сертификаттау немесе декларациялау болуы мүмкін. Осы рәсімнен кейін ғана өнім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығына шыға алады.
Бұл ережелер Еуразиялық экономикалық одақғына (ЕАЭО) мүше барлық елдерге — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Арменияға — міндетті болып табылады. Яғни, осы елдердің бірінде өндірілетін, сатылатын, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағына кіргізілетін кез келген тауар бірыңғай техникалық регламенттеріне сай болуы тиіс.
Осы тәртіп субъектілер мемлекеттік органға жүгіне алатын барлық кейстерге қатысты қолданылады.
Еуразиялық экономикалық одак туралы 2014 жылғы 28 мамырдағы №9 шартқа қосымша
Қысқа жауап:
Иә, мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ерікті негізде қолданылады.
Толық жауап:
Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ерікті негізде қолданылады («Стандарттау туралы» ҚР Заңының 26-бабы). Егер ұлттық стандарттау жүйесінің субъектісі стандарттау объектісінің стандарттау жөніндегі құжатқа сәйкестігі туралы ерікті түрде мәлімдесе, оның ішінде стандарт таңбалауда, пайдалану немесе өзге де құжаттамада қолданылған жағдайда, сондай-ақ егер ерікті түрде стандарт талаптарына сәйкестігі сертификатталған болса, онда талаптар міндетті болады.
Осы тәртіп субъектілер мемлекеттік органға жүгіне алатын барлық кейстерге қатысты қолданылады.
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекетаралық стандарттары интернет-дүкеннің сайтында орналастырылған https://new-shop.ksm.kz / және ҚР резиденттері үшін көруге және жүктеуге болады.Сондай-ақ қолданыстағы стандарттар туралы ақпарат стандарттау жөніндегі Ұлттық органның стандарттарының ай сайынғы және жыл сайынғы ақпараттық көрсеткіштерінде жарияланады (әскери ұлттық стандарттарды, ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) («Стандарттау туралы« Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, бұдан әрі - Заң). Заңның 14-бабына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық стандарттар ретінде қабылданған мемлекетаралық стандарттарды және халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары негізінде қабылданған ұлттық стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттардың ресми басылымдары өтеусіз негізде таратылады.
Стандарттау туралы ҚР Заңы
Қысқа жауап:
Иә, тамақ өнімдерін тексеруді өнім қауіпсіздігін бақылаушы орган жүргізеді. Заң бойынша өнімдердің қауіпсіздік стандарттарын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жауапты. Егер өнімдерге қатысты мәселелер туындаса, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне хабарласыңыз.
Толық жауап:
Заң бойынша, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жұмысы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына жауапты органға жүктелген. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру жұмысы өнім сатылымға шығарылған кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен жүзеге асырылады. Егер сізде қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы сұрақтар болса, осы комитетке хабарласуыңыз қажет.
Осы тәртіп субъектілер мемлекеттік органға жүгіне алатын барлық кейстерге қатысты қолданылады.
1) «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы;
2)«Өнімнің өмірлік циклі сатыларында ҚР Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000396
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000718
Индустриялық сертификат беру мәселесімен тек Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы айналысады. Бұл «Кәсіпкерлер палатасы туралы» заңның 21 бабы 4-тармағы 13-тармақшасында көрсетілген.
ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы ҚР Заңы