Жиі қойылатын сұрақтар
Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалау шешімдеріне, оған инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты ауыстыруды қоса алғанда, елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаса, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен түзетілуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары.
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылысы басталмаған ЖСҚ ескірген болып есептеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен жаңа сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жауапкершілік деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) басшылыққа алу қажет.
Көрсетілген Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейін жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реставрациялау, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, тапсырыс беруші айқындайды.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес, құрылысқа белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін жобалау процесінде конструкцияларды (конструкциялық схемаларды) есептеу нәтижелері бойынша, есептеулер, жүктемелер мен әсерлер жөніндегі негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленетін негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) нақтылайды.
Негізгі әскери стандарттың 5.3-тармағына сәйкес
ҚР СТ 1.1-2019 " Қазақстан Республикасының әскери стандарттау. Әскери стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі. Негізгі ережелер " жоспарға оларды әзірлеуге ақшалай қаражатты өз бетінше жоспарлаған әскери стандарттау субъектілерінен әскери стандарттарды әзірлеуге ұсыныстар-өтінімдерді енгізуге жол беріледі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына өз қаражаты есебінен стандарттар жобаларына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарыңызды енгізуге дайын.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес - мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері-15 (он бес) жұмыс күні.
Қару-жарақ пен әскери техника айналымы саласындағы ҚР заңнамасымен лицензия беру мерзімдерін жеделдету көзделмеген.
Лицензиялық алымды бюджетке төлеу үшін деректемелерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетеді және бүгінгі күні КНП (кнп төлемнің тағайындалу коды) – 911 (есептелген (есептелген) және бюджетке өзге де міндеттемелер), КБК(кэбэк – бюджеттік сыныптама коды) – 105402 (жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым)тұрады. Төлем ұйымның тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органының пайдасына жүргізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI Кодексінің 554-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемесі (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым) 22 АЕК құрайды.