Жиі қойылатын сұрақтар
Өтінішті ресімдеу туралы Нұсқаулық Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 маусымнан № 374 шешімімен бекітілген.
Сізге қажет СЭҚ ТН коды болмаған жағдайда «Е-лицензиялау» порталының әзірлеушілеріне – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық пошта арқылы жүгіну қажет: sd_el@nitec.kz
Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні ("Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығы);
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру - 15 (он бес) жұмыс күні ("Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 Бұйрығы);
Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру - 5 (бес) жұмыс күні ("Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 392);
Өңделмеген бағалы металдардың экспортына лицензия беру - 5 (бес) жұмыс күні ("Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы);
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының экспортына лицензия беру - 5 (бес) жұмыс күні ("Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы);
Минералдық шикізат түрлерінің экспортына лицензия беру-5 (бес) жұмыс күні ("Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы);
Есірткінің және психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импорты - 5 (бес) жұмыс күні ("Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы);
Жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың импортына/экспортына лицензия беру-10 (он) жұмыс күні ("Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы);
Шифрлау (криптографиялық) құралдарының импортына/экспортына лицензия беру - 10 (он) жұмыс күні ("Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы);
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия беру - 30 (отыз) жұмыс күні (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 ерекше тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы бұйрығы)
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия беру-30 (отыз) жұмыс күні (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 ерекше тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы бұйрығы)
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экстерриториялық реэкспортына рұқсат беру - 30 (отыз) жұмыс күні (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 355 экстерриториялық реэкспортқа рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары туралы бұйрығы)
ҚР түпкілікті пайдаланушы сертификатын және ҚР халықаралық импорттық сертификатын беру ‒ 7 (жеті) жұмыс күні (кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын)ресімдеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығы);
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіру туралы қорытынды беру ‒ Мемлекеттік органдармен келісуге жататын, 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін қорытындыларды қоспағанда 7 (жеті) жұмыс күні (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 ерекше тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы).
Лицензия/рұқсат беру мерзімін жеделдету мемлекеттік заңнамасымен қарастырылмаған.
Лицензиялық алымды бюджетке төлеуге арналған деректемелерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсетеді және бүгінгі күні : ТМК– 911 (есептелген (есептелген) және бюджетке өзге де міндеттемелер), БСК– 105402 (жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым) тұрады. Төлем ұйымның кез келген банкте тіркелген жері бойынша салық басқармасының пайдасына жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 554 бабына сәйкес қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкасы (қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензия беру үшін алым) 10 АЕК құрайды.
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес натрий циандиді экспорттық бақылауға жататын өнімге жатады. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №300 Заңының 9-бабына сәйкес өнімнің экспорты мен импорты лицензия негізінде қорғалады.
Тауарыңыздың лицензиялауға жататыны не болмаса жатпайтынын анықтау үшін eliсense.kz порталында «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну қажет.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысымен бекітілген Қағидалармен регламенттелген.
Қажетті нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу үшін әзірлеуші мемлекеттік органның атына мынадай ақпаратты ұсыну қажет:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі;
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесі;
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі болып табылатын өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуге құқылы.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары.