Жиі қойылатын сұрақтар
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың белгілі бір санаттары өздері тұратын тұрғын үйлерді (11 санат) өз меншігіне өтеусіз алуға құқылы.
Анықтама:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, сондай-ақ Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтар;
7) күнтізбелік есептеуде жиырма жыл және одан да көп еңбек сіңірген әскери қызметшілер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
7-1) арнаулы мемлекеттік орган және ішкі істер органдары қызметкерінің, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер;
9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
10) күнтізбелік есептеуде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген ішкі істер органдарының қызметкерлері жатады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлерде депутаттар ұсынған санаттар арасынан 9,3 мыңға жуық адам тұр және кезекте тағы 190 мыңға жуық адам бар.
Өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар азаматтар санаттарының тізбесін кеңейту мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түспеуіне әкеп соғады, бұл тиісінше оны республикалық бюджет комиссиясында қарауды талап етеді.
Осыған байланысты жекешелендіру тәртібі қосымша заңға тәуелді актілер деңгейінде пысықталатын болады.
Тұрғын үй алу бойынша басымдық құқығын беру туралы
Қазіргі таңда басымдық құқығын 195 мыңға жуық кезек күтуші алушылар иеленуде.
Ақпарат үшін:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 26 адам.
- Мүгедек балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 61,3 мың адам.
- Көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар – 133,4 мың адам.
Тұрғын үй бөлінісінде басымдық құқығы бар азаматтарға, тіркеуге тұру күніне қарамастан, ең алдымен тұрғын үй беріледі. Бұл жағдай басқа әлеуметтік тұрғыдан осал топтар арасында наразылықтар мен әлеуметтік шиеленістерге алып келеді.
Тұрғын үйді бөлу кезінде негізгі критерийлердің бірі ретінде тіркеуге тұру күні белгіленгенін ескере отырып, ҚР «Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасында бұл құқықты алып тастау қарастырылған болатын.
Алайда заң жобасын талқылау барысында бұл құқықты тек бөлініп жатқан жылдың шегінде сақтап қалу туралы норма қабылданды. Яғни, 2013 жылғы кезекте тұрған азаматтарға қолдау шаралары арасында басымдық құқығы беріледі.
Сонымен қатар, депутаттардың ұстанымын ескере отырып, 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа елдердегі қарулы қақтығыстарға қатысқан ардагерлер және жесірлер де басымдық құқығымен қамтамасыз етіледі.
«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығымен реттеледі.
Қағидалардың 12-бабына сәйкес, Өтініш беруші өз жобасын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін жергілікті атқарушы органға қағаз және (немесе) электрондық нысанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтінім жібереді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспар-кестесі;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім;
4) жоба құнының кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған және өтінім мен оған қосымшаларды дұрыс толтырған кезде жергілікті атқарушы орган өңірлік сараптама жүргізеді.
Құжаттардың толық және дұрыс пакетін ұсынғаннан кейін уәкілетті орган өтінішті штаб отырысында қарауға енгізеді.
Штаб шешімдері отырысқа қатысып отырған Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оған Штаб отырысына қатысып отырғандардың барлығы қол қоюға тиіс. Штаб мүшелерінің шешімдер қабылдау кезінде тең дауыстары болады және дауыстар тең болған кезде Штаб төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Штаб мынадай:
1) жауапты мемлекеттік органды көрсете отырып, жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы;
2) жоба бойынша анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, жобаны жергілікті атқарушы органға пысықтауға қайтару туралы;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бірыңғай индустрияландыру картасына жобаны енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 5 мамырдағы № 269 бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы:
1) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелері;
2) Қызмет түріне хабарламаның электрондық көшірмесі;
3) тауарларды иеленудің (сатып алудың) заңдылығын растайтын құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі немесе делдалдық шарттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты сатудан бас тартқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тазартылған алтынды әкеткен жағдайда);
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты сатудан бас тартқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тазартылған алтынды әкеткен жағдайда);
6) бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжаттың электрондық көшірмесі, онда құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
7)әкетуге арналған қорытындының электрондық көшірмесі (тауар әкетілген жағдайда);
8) қайта өңдеуге арналған қорытындының электрондық көшірмесі (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда).
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету "тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне, "бағалы металдар және асыл тастар туралы" ҚР Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 422 қаулысына және Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес регламенттелген Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 303 және 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрықтарымен бекітілген.
«Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысына сәйкес үшінші елдермен саудада бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды (бұдан әрі – зергерлік бұйымдар) әкелу және әкету тәртібі айқындалады.
Өтініш беруші зергерлік бұйымдарды әкелу және әкету кезінде мынадай рәсімдерді жүргізеді:
- Зергерлік бұйымдарды кедендік рәсімдерді жүзеге асыру үшін мамандандырылған (санатталған) кеден бекеттеріне немесе кеден органдарының бөлімдеріне орналастырады;
- Сараптаманы уәкілетті ұйымдар («Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ; «Сынақ зертханасы «БМАТ СТО» ЖШС) 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
Анықтама: асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сараптау – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдарды бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарда сынап көруді, сынамалық таңбалар бедерлерінің түпнұсқалығын тексеруді қамтитын уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу.
- Өтініш беруші уәкілетті органда (ҚР ӨҚМ) «Е-окно» АЖ арқылы зергерлік бұйымдарды әкелуге және әкетуге мемлекеттік бақылау актісін алады.
4. Өтініш беруші зергерлік бұйымдарды әкелу және әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін кедендік операцияларды жасайды.
Міндетті. Электрондық пошта мекенжайын / телефонын көрсету қажет.
Тараптардың ниеттерін растайтын шарттар/келісімшарттар/инвойстар ұсыну қажет (тірі немесе электрондық мөр және қолтаңба)
Егер ұсынылған құжаттарға өтініш берушіні ұсынатын өзге тұлға қол қойса және куәландырса, импорттық/экспорттық операциялар кезінде құжаттарға электрондық-цифрлық қолтаңба тапсыруға, алуға және қоюға құқық беретін өтініш берушінің өкіліне сенімхат ұсыну қажет.
Шарттың/келісімшарттың деректемелеріне сәйкес сатушының/сатып алушының толық және дұрыс мекенжайын көрсету қажет.