Құрылым
ҚР ҚМ Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті
Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаментінің негізгі міндеттері Министрлікке мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асыру, қаржылық-шаруашылық қызметі мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, (ақпараттандыру саласындағы жабдықтарды қоспағанда) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомствалардың аумақтық бөлімшелерімен активтерді басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, Министрлік қызметін жоспарлау, сондай-ақ әкімшілік шығыстар мәселелері бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау және Министрлікті, оның бөлімшелері, аймақтық бөлімшелерін қамтамасыз ету, Министрлік қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
ҚР ҚМ Қаржыландыру процестерін ұйымдастыру және қаржылық шараларды қолдау департаменті
Қаржыландыру процестерін және қаржылық қолдау шараларын ұйымдастыру департаментінің негізгі міндеттері Министрліктің ведомстволық бағынысты қаржы операторларын басқару жөніндегі өкілеттіктерін іске асыруды ұйымдастырушылық-әдіснамалық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады; Министрліктің құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты қаржы операторларының қаржыландыру процестерінің, қызметінің қаржылық тұрақтылығы мен нәтижелілігінің мониторингін, талдауы мен бақылауын қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты ұйымдар мен өзге де қаржылық тетіктер арқылы әкімшілендірілетін шараларды қоса алғанда, Қаржы министрлігі жүйесінде іске асырылатын қаржылық қолдаудың барлық шараларының орындалуын қамтамасыз ету; қаржылық қолдаудың барлық шараларын орындау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру; Министрліктің құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты қаржы операторларында мемлекеттің корпоративтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету
Директор:
Сәрсекеева Жанар ҚоңыржанқызыТелефон:
+7 (7172) 75-02-37Электрондық пошта:
Zh.sarsekeeva@minfin.gov.kzҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Министрліктің дамуы және қызметін бағалау департаменті
Министрліктің дамуы және қызметін бағалау департаментінің негізгі мақсаттары: Министрлік пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін стратегиялық және ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, мақсатты индикаторлардың, негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (KPI) және стратегиялық құжаттардың орындалуын мониторингтеу мен бағалау жүйесін ұйымдастыру, жобалық басқару жүйесін және жобалар портфелін (РМО) сүйемелдеуді ұйымдастыру, Министрлік жетекшілік ететін басымды жобалар мен реформаларды іске асыруды үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу, Министрліктің бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын қарастыруға қатысу, Министрліктің бизнес-процестерінің құрылымын және цифрлық трансформациясын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу, Министр мен Министрлік басшылығы үшін аналитикалық материалдар, болжамдық бағалар және ұсыныстар дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау жөніндегі есептерді дайындауға қатысу.
Директор:
Дүйсембай Асанәлі КенжебайұлыТелефон:
8 (7172) 75-02-51Электрондық пошта:
a.dusembai@minfin.gov.kzҚР ҚМ Республикалық бюджетті талдау департаменті
Республикалық бюджетті талдау департаментінің негізгі міндеттері шығыстарға бюджеттік шолу жүргізуді және бюджеттік шығыстарды жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуді; орта мерзімді кезеңге арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қалыптастыруға қатысуды; бюджетті жоспарлау сатысында республикалық бюджет шығыстарына талдау жүргізуді; бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тізбесі мен көлемін айқындауға қатысуды; сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру және реформалау жөнінде ұсыныстар дайындауды жасайды.
Директор:
Шаймұратова Динара ШәуәлітқызыТелефон:
+7 (7172) 74-90-29Электрондық пошта:
d.shaimuratova@minfin.gov.kzҚР Қаржы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық бюджеті департаменті
Агроөнеркәсiптiк кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджетi департаментiнiң негiзгi мiндеттерi агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман және балық шаруашылығы, экология, табиғи ресурстар, жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы және Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының мәселелерi бойынша бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу болып табылады.
Директор:
Махметов Момыш ЕлтайұлыТелефон:
+7 (7172) 74-29-60Электрондық пошта:
m.makhmetov@minfin.gov.kzҚР ҚМ Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің негізгі міндеттері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының жұмыс топтарында және комитеттерінде оны қорғауды ұйымдастыру; министрліктің құрылымдық бөлімшелері берген талдамалы материалдар негізінде мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын жиынтық талдауды жүзеге асыру; өңірлердің республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді игеруін жинау және талдау; мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасын жүргізу және үйлестіру; бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікті қалыптастыру және беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелетін өзге де міндеттер.
ҚР ҚМ Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаменті
Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің негізгі міндеттері өнеркәсіп, көлік және коммуникация саласындағы бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу болып табылады.
ҚР ҚМ Қоғаммен байланыс департаменті
Қоғаммен байланыс департаментінің негізгі міндеттері Министрліктің бірыңғай ақпараттық саясатын қалыптастыру және іске асыру, Министрлік пен қоғамның коммуникация арналарын дамыту және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Министрліктің оң имиджін құру және қолдау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің баспасөз қызметтерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, веб-порталда ақпараттық материалдың толтырылуына және орналастырылуына мониторинг жүргізу болып табылды.
Директор:
Ақбасова Гаухар ҚуанышқызыТелефон:
+7 (7172) 75-02-91Электрондық пошта:
g.akbasova@minfin.gov.kzҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті
Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаментінің негізгі міндеттері мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасын мемлекеттік реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу веб-порталдарын үйлестіру және әдіснамалық (техникалық) сүйемелдеу болып табылады.
ҚР ҚМ Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті
Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын мен орындалуын ұйымдастыру; бюджеттік заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламалары мен жалпы мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік жасау болып табылады.
Директор:
Байгенжина Әлия ҚұрманқызыТелефон:
+7 (7172) 75-02-03Электрондық пошта:
al.baigenzhina@minfin.gov.kzҚР ҚМ Ішкі аудит департаменті
Ішкі аудит департаментінің негізгі міндеттері қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру, сондай-ақ Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттерінің жетістіктеріне талдау жүргізу болып табылады.
Директор:
Рахымғалиев Нұрлан ӨмірғалиұлыТелефон:
8(7172)70-13-18Электрондық пошта:
n.rakhimgaliev@minfin.gov.kzҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция департаменті
Департаменттің негізгі міндеті ішкі мемлекеттік аудит және камералдық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға (шешімдер) шағымдану кезінде туындайтын дауларды, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның іс-әрекетін (әрекетсіздігін) апелляциялық реттеу болып табылады.
Директор:
Күреңбек тегі Шыңғыс БатырханұлыТелефон:
+7 (7172) 701-301Электрондық пошта:
sh.kurenbektegi@minfin.gov.kzҚР ҚМ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттері Министрлікте құжат айналымының бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және оны жетілдіру; Министрлік жүйесінің органдары қызметкерлерінің атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Министрлік жүйесі органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру; «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасының «Нәтиже» үлгілік базалық бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жобалық офисіне қатысу; іс қағаз жүргізу туралы және тіл туралы заңнаманы іске асыру бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету; мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР ҚМ Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті
Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің негізгі міндеттері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік аудит, ішкі мемлекеттік аудит жән қаржылық бақылау, бағалау қызметі саласындағы әдістемелік жетекшілік болып табылады.
Директор:
Әлиева Ақ-бала ТағаймұратқызыТелефон:
+7 (7172) 75-02-82Электрондық пошта:
А.Аlieva@minfin.gov.kzҚР ҚМ Персоналды басқару департаменті
Персоналды басқару департаментінің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттері мен еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Департаменттің құзыреті бойынша Министрліктің бұйрықтарын, қағидаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін сақтауын бақылау, стратегиялық дамуды жүзеге асыру, Министрлік қызметіне мониторинг, Министрлік қызметін талдау және бағалауды іске асыру, жұмылдыру жұмысы бойынша шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Директор:
Айқымбаева Бекзат ТөлендинқызыТелефон:
+7 (7172) 75-02-24Электрондық пошта:
b.aikimbaeva@minfin.gov.kzҚР ҚМ Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті
Департамент бюджеттік кредиттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есепке алу мен есептілік саласындағы салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
ҚР ҚМ Заң қызметі департаменті
Заң қызметі департаментінің негізгі міндеттері Министрліктің нормашығармашылық қызметін жүзеге асыру, Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және есепке алу,мониторингілеу, талдау, Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, талап қою жұмысын жүргізу болып табылады.
Директор:
Жетібаева Әлия МұратханқызыТелефон:
+7 (7172) 74-90-99Электрондық пошта:
a.dzhetibaeva@minfin.gov.kzҚР ҚМ Мемлекеттік қарыз алу департаменті
Мемлекеттік қарыз алу департаментінің негізгі міндеттері мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты басқаруды қамтамасыз ету, концессиялар мәселелері бойынша мемлекеттік реттеу.
ҚР ҚМ Цифрландыру және мемлекетік қызметтер департаменті
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің негізгі міндеттері Министрліктің қызметін цифрландыру саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерін көрсету үшін бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру, қызметін, оның ішінде орталық аппаратының бар ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бөлігінде жоспарлау.
ҚР ҚМ Халықаралық қаржылық қатынастары департаменті
Халықаралық қаржылық қатынастары департаментінің негізгі міндеттері ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктермен (ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД және т.б.) және халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЭЫДҰ, ЭЫҰ және т.б.) халықаралық қызметін үйлестіру, халықаралық қаржылық ұйымдарымен (Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі және т.б.) өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, халықаралық қаржылық ұйымдарына мүшелік жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау, халықаралық шарттарды әзірлеу және келісу, үкіметаралық комиссиялардың шешімдерін дайындауға және іске асыруға қатысу, ҚР Қаржы министрлігінің басшылығы үшін талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын әзірлеуге қатысу болып табылады
Директор:
Рақымжан Данияр НұғыманұлыТелефон:
+7 (7172) 75-02-27Электрондық пошта:
d.rakymzhan@minfin.gov.kzҚР ҚМ Апелляция департаменті
Апелляция департаментінің негізгі міндеттері салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарын, сондай – ақ оларға қатысты тексеру нәтижелері туралы хабарламалар қойылған декларанттардың немесе кеден дела саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың шағымдарын қарау болып табылады.
Директор:
Айсин Серік ОразалыұлыЭлектрондық пошта:
s.aisin@minfin.gov.kzҚР ҚМ Салық және кеден заңнамасы департаменті
Салық және кеден заңнамасы департаментінің негізгі міндеті қолданыстағы заңнаманы талдау негізінде салық және кеден саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, шетел мемлекеттерімен салық конвенцияларын жасау бөлігінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен тұжырымдамаларын іске асыруды қамтамасыз ету, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын талдау, мониторингілеу және бағалау болып табылады.
Директор:
Құрмашева Бибінұр ҚапышқызыТелефон:
8(7172)75-02-33Электрондық пошта:
B.Kurmasheva@minfin.gov.kzҚР ҚМ Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті
Бюджет заңнамасы департаментінің негізгі міндеттері бюджетті атқару, бюджеттік есеп және есептілік, бюджеттік жоспарлау және бюджеттік сыныптаманы қалыптастыру, есептеу әдісі бойынша бюджеттеу саласындағы қызметке әдіснамалық басшылық ету және реттеу болып табылады.
Директор:
Бейсембаев Олжас ЖылқайдарұлыТелефон:
+7 (7172) 75-04-39Электрондық пошта:
o.beisembaev@minfin.gov.kzҚР Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті
Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс департаментінің негізгі міндеттері ретінде бюджеттік жоспарлау, республикалық бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған шығыс бөлігін әзірлеу, нақтылау және түзетуге қатысу болып табылады.
Директор:
Ысмайылова Айнагүл ЕсімқызыТелефон:
+7 (7172) 74-29-12Электрондық пошта:
A.Issmailova@minfin.gov.kzҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті
Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің негізгі міндеттері – мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және көші-қон, білім беру, туризм және спорт салаларында бюджет жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу болып табылады.
Директор:
Алдасүгірова Жанар ӘлібиқызыТелефон:
+7 (7172) 74-28-72Электрондық пошта:
zh.aldasugurova@minfin.gov.kzҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдар бюджеті департаменті
Мемлекеттік органдар бюджеті департаментінің негізгі міндеттері бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, мемлекеттік органдар саласында жоспарлы кезеңге республикалық бюджеттің шығыс бөлігін әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысу.
Директор:
Молдағожин Жанболат БазарқанұлыТелефон:
+7(7172)74-30-89Электрондық пошта:
zh.moldagozhin@minfin.gov.kzҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті
Бюджеттік жоспарлау департаментінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесін жетілдіру және реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады, бюджет саясатын қалыптастыруға қатысады, мемлекеттің салық, құрылымдық және ақша-кредит саясаты шараларымен өзара іс-қимыл жасауда мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелерін негізге ала отырып, бюджет саясатын іске асыруды жүзеге асырады, республикалық бюджеттің шығыс бөлігін қалыптастыру процесін ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету, республикалық бюджет жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету.
Директор:
Исмағұлов Сейльхан ҚалиақбарұлыТелефон:
+7 (7172) 74-29-41Электрондық пошта:
s.ismagulov@minfin.gov.kz