Артқа

Жетібаева Әлия Мұратханқызы

ҚР ҚМ Заң қызметі департаментінің директоры

Жалпы ақпарат, білімі

1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Қазақ Мемлекеттік заң университетін, Рединг университетін бітірген. Халықаралық құқық магистрі.

Мансап

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаментінің жетекші/бас маманы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Заң басқармасы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, кодификациялау және құқықтық талдау бөлімінің басшысы.

2003-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Заң басқармасы бастығының орынбасары.

2009 - 2018 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасының басшысы.

2018 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің директоры.

2020 - 2024 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Әдіснама департаментінің директоры.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарады.