Жиі қойылатын сұрақтар
Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тіршілік-тынысының шектелуіне және оңалту әлеуетіне қарай мүгедектік мынадай мерзімдерге белгіленеді:
– жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және жеті жасқа толғанға дейін;
– жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін;
– он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз.
Организм функцияларының бұзылу және тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектігі бар деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік белгіленеді. Жеті жасқа дейінгі адамға «мүгедектігі бар бала» санаты, ал жетіден он сегіз жасқа дейінгі адамға «бірінші топтағы мүгедектігі бар бала», «екінші топтағы мүгедектігі бар бала», «үшінші топтағы мүгедектігі бар бала» санаттары белгіленеді.
1) өтініш берген күні;
2) сырттай проактивті жолданған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін.
Бұл ретте сырттай проактивті куәландыруға өтінімдер көп түскен жағдайда күту парағы қалыптастырылады.
Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамды МӘС-тен өткізу оның тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасымен жүргізіледі:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
5) үйде;
6) сырттай;
7) сырттай проактивті түрде.
Бір бүйректің болмауы мүгедектікті белгілеуге негіз болып табылмайды. Барлығы жалғыз бүйректің функционалдық жағдайына байланысты.
МӘС бөлімі куәландыру кезінде объективті қарап-тексеру және медициналық құжаттарды зерделеу барысында жалғыз бүйректің функционалдық жағдайын бағалайды. Оның функциясының жеткіліксіздігі болған кезде организм жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалау негізінде мүгедектік белгілейді.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, егер бұл ретте өзге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, дербес деректерді таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда жол беріледі.
Балаларды және әрекетке қабілетсіз науқастарды қарап-тексеру кезінде заңды өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
|
Анатомиялық кемістіктері қоспағанда медициналық ұйымдар кемінде төрт айдан кейін жібереді.
Анатомиялық кемістіктері, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), сондай-ақ организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын адамдар жоғарыда көрсетілген мерзімнен бұрын жіберілуі мүмкін. |
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау келесі нормативтік құжаттар негізінде жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі»;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары».
|
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу алушының өтініші негізінде ұсталатын зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген зейнетақы сомаларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі. |
Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 81 бабының 5-тармағына сәйкес бір жарым жасқа толмаған екі және одан көп балаға күтім жасалған жағдайда, бала күтіміне байланысты жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.