Жиі қойылатын сұрақтар

«Ашық кілт» тәсілімен тапсырыс берушілер құрылыс объектілерін салу бойынша кешенді жұмыстарды сатып алатын болады, бұл жұмыстар облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары бекіткен объектілер тізіміне енгізілген объектілерге қатысты жүзеге асырылады.

«Ашық кілт» құрылыс жұмыстарын сатып алуға мыналар кіреді: объектіні салу және оны пайдалануға беру, жобалау, ізденіс, құрылыс-монтаждау, кеңейту, модернизациялау, техникалық қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, реставрация, капитальды жөндеу және осы жұмыстарға байланысты тауарларды жеткізу мен қызметтер көрсету.