Жиі қойылатын сұрақтар
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 589, 590-тармақтарына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі.
Шағымда мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде шағымдарды қарауға жауапты Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда оларды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет немесе бюджеттік жобаны нақтылау кезінде, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына енгізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге арналған шығындарын қысқарту;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін болдырмайтын Тапсырыс берушінің стратегиялық жоспарына, бюджетіне немесе жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу.
Егер тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін көздейтін өзгерістер енгізілген жағдайда, бөлінген бюджетті не осы мақсаттар үшін бөлінген қаражатты басқа тапсырыс берушілерге қайта бөлуге немесе жылдық жоспарды өзгертуге, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Осылайша, тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес көрсетілген негіздер бойынша сатып алудан бас тарта алады.
|
Бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтар 2 түрге бөлінеді: қаржылық бұзушылықтар және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы). Қаржылық бұзушылықтар деп бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдалануға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған деп табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету және (немесе) қаржыландыру жоспарын азайту жолымен қалпына келтірілуге жатады. Мысалы, тәжірибе көрсеткендей, тапсырыс берушінің орындаушыға орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз төлем жасауымен байланысты қаржылық бұзушылықтар жиі кездеседі. Мұндай бұзушылықтар тексеру барысында жойылады және бұл туралы аудиторлық есепте жазба жасалады немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда ұйғарым жолданады. Айта кету керек, өтініш берушілер көбінесе процедуралық сипаттағы бұзушылықтарды қаржылық бұзушылықтармен шатастырып, бюджет қаражатын қайтаруды талап етеді, бірақ бюджетке қайтарылуға тек қаржылық бұзушылықтар жататынын ескеру қажет. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкелмейді. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 510-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар туралы есепті Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысанда орналастырады.
Қағидалардың 511-тармағына сәйкес, бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар туралы есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;
2) өнім берушіні таңдау негіздемесі;
3) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ шарттың өзге де талаптары көрсетілуге тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 401-бабының 1-тармағына сәйкес, келісімшартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімімен жүзеге асырылады, егер Кодексте, басқа заңнамалық актілер мен шарттарда өзгеше көзделмесе.
Ал 403-баптың 1-тармағына сәйкес, келісімшартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.
Осыған байланысты, тараптардың міндеттемелері бұзылған келісімшартпен тоқтатылғандықтан, мемлекеттік сатып алулар веб-порталында келісімшартты қалпына келтірудің мүмкіндігі жоқ.
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 589, 590-тармақтарына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі.
Шағымда мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде шағымдарды қарауға жауапты Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 01.07.2024 жылғы № 106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда оларды жүзеге асыоудан бас тартуға құқылы. Атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет немесе бюджеттік жобаны нақтылау кезінде, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына енгізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге арналған шығындарын қысқарту;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін болдырмайтын Тапсырыс берушінің стратегиялық жоспарына, бюджетіне немесе жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу.
Егер тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін көздейтін өзгерістер енгізілген жағдайда, бөлінген бюджетті не осы мақсаттар үшін бөлінген қаражатты басқа тапсырыс берушілерге қайта бөлуге немесе жылдық жоспарды өзгертуге, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Осылайша, тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес көрсетілген негіздер бойынша сатып алудан бас тарта алады.
Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 401-бабының 1-тармағына сәйкес, келісімшартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімімен жүзеге асырылады, егер Кодексте, басқа заңнамалық актілер мен шарттарда өзгеше көзделмесе.
Ал 403-баптың 1-тармағына сәйкес, келісімшартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.
Осыған байланысты, тараптардың міндеттемелері бұзылған келісімшартпен тоқтатылғандықтан, мемлекеттік сатып алулар веб-порталында келісімшартты қалпына келтірудің мүмкіндігі жоқ.
Уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші бұл шешімге Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымшада көзделген нысан бойынша қарсылық білдіруге немесе қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну арқылы шағым жасауға құқылы.
Камералдық бақылау нәтижелері бйоынша хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік сатып аулдың веб-порталы арқылы ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссияға Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарсылық береді.