Құрылым
«Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
“Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі Приозерск қаласының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тұрғын үй қорында, коммуналдық меншікті басқаруда мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Pecпубликасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім басшысы:
Каскатаев Айдын ҚайратовичТелефон:
8 (71039)5-54-05Электрондық пошта:
kaskataev@karaganda-region.gov.kz«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
«Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функциясын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған.
«Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
«Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды және елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Телефон:
+77103953781Электрондық пошта:
d.tatibekov@karaganda-region.gov.kz"Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ
«Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өңірдің тиімді мемлекеттік жоспарлау жүйесімен экономиканың сапалы теңгерімді өсуін жүзеге асыратын, қалалық бюджетті орындау, бюджеттік есепті жүргізу және қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есептілікті құру, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру, оның ішінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Шамшатов Асет СайранбекұлыТелефон:
8710395-47-42Электрондық пошта:
a.shamshatov@karaganda-region.gov.kz"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ
"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлімнің миссиясы: кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру.
Бөлім басшысы:
Убисов Талгат ТурмахановичТелефон:
8 (71039) 5 33 81Электрондық пошта:
t.ubisov@karaganda-region.gov.kz"Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ
"Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі Приозерск қаласы аумағының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім басшысы:
Балтышев Ерік ТаткенұлыТелефон:
8(71039)53916Электрондық пошта:
e.baltyshev@karaganda-region.gov.kzПриозерск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі
"Приозерск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Жүсіпов Ахан ЖармаханұлыТелефон:
8(71039) 5-28-59Электрондық пошта:
prio_gosaktiv@akimat09.kz"Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Приозерск қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асырады, оның дамуына жәрдемдеседі. Аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектерге және мұқтаж азаматтардың басқа да жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
Бөлім басшысы:
Ахметова Рахима ЕсенаманқызыТелефон:
8(71039)5-48-77Электрондық пошта:
r.akhmetova@karaganda-region.gov.kz"Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ
"Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Негізгі міндеттер: ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды қалада шоғырландыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады;
қаланың жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Бөлім басшысы:
Шарбекова Гульжахан КайроллиновнаТелефон:
8 71039 53082Электрондық пошта:
g.sharbekova@karaganda-region.gov.kz"Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" ММ
Коммуналдық меншік объектілерін және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 6-тармақшасы). Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынады (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1-тармағы) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырады. Қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 7 тармақшасы);
Бөлім басшысы:
Сарсембеков Жумахан АқылгереевичТелефон:
871039-53218Электрондық пошта:
sarsembekov@karaganda-region.gov.kz