Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚысқаша мазмұны
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады: 1) табиғи зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы негіз болып табылады; 4) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы; 5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы; 5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы; 6) жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздік;7) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұруы.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) табиғи зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздік;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру.
Әлеуметтік көмек алу үшін :
www.egov.kz"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.
Құжаттар тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2)адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
Қысқаша мазмұны
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу оқу кезеңіне тоқсанына 7 АЕК төленеді.
Өтінішті:
1) Мемлекеттік корпорацияға;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына беруге болады www.egov.kz.
Құжаттар тізбесі:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедек балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мемлекеттік корпорация арқылы немесе порталға құжаттары қоса берілген нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Құжаттар тізбесі:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Қысқаша мазмұны
Жеке меншіктегі мүліктерді заңда көрсетілген тәртіпте коммуналдық меншікке қабылдауға болады.
Меншік иесі өз мүлкін коммуналдық меншікке беруге шешім қабылдаған жағдайда қала әкімдігіне өтініш жазады. Аталған өтініш қаралып, оң шешім қабылданғанда әкімдік қаулысы қабылданады. Әкімдік қаулысы негізінде тараптарға сыйға тарту шарты жасалып, нысан коммуналдық меншікке қабылданады.
Қысқаша мазмұны
Жеке көмекшінің қызметтері жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылады.
Жеке көмекші қызметтері қозғалуында қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі. Мұндай құқық медициналық-әлеуметтік сараптамадан кейін рәсімделетін жеке оңалту бағдарламасы негізінде расталады.
Қысқаша мазмұны
Өтініш жазып, egov.kz арқылы немесе ХҚКО-кезекке тұруға болады.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін алуға кезекке тұру үшін:
Шарттары:18 жасқа толған, жер учаскесін кезекпен алғысы келетін елді мекенде тұрақты тіркеуі бар ҚР азаматы болуы керек. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын берілген жер учаскесі болмауы тиіс. Жер учаскесі заңнамада белгіленген нормалар шегінде бір рет тегін беріледі. Негізі: ҚР Жер кодексінің 50, 51, 43-1-баптары.
Кезеңдері: 1. Кезекке қоюға өтініш беру.
- Өтінішті уәкілетті органда тіркеу.
- Өтініш берушіні кезекте тұрғандар тізіліміне енгізу.
- Кезекке қосу туралы өтініш берушінің хабарламасы. Егер өтінім онлайн режимінде берілсе, толық процесс eGov-тағы жеке кабинет арқылы бақыланады.
Қажетті құжаттар: № 301 бұйрықтағы 4-қосымшаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін алуға өтініш берген кезде: жеке куәлік
( ХҚКО арқылы берген кезде куәлік көшірмесі); нысан бойынша өтініш (egov арқылы берген кезде автоматты түрде қалыптастырылады); тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (егер "Мекенжай тіркелім" электрондық жүйесінде болмаса).
Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні — өтініш тіркелген сәттен бастап кезекке қою мерзімі. Негіздеме: № 301 бұйрықтағы 4-қосымша.
Беру тәсілдері: электрондық үкімет порталы арқылы (eGov.kz) - неғұрлым ыңғайлы әдіс немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы.