Приозерск-Қазақстанның Қарағанды облысындағы қала, 1956 жылы салынған.Приозерск қаласы қолайлы географиялық жағдайға ие, Алматы - Екатеринбург республикалық автожолынан 6 шақырым жерде орналасқан. Өңірде туризмді дамытудың алғышарттары бірегей су қоймасы – Балқаш көлінің болуы, республикалық автотрассаның, темір жолдың, Камбала әуеайлағының жақын орналасуы болып табылады.
Приозерск қаласының қолайлы экологиялық жағдайлары туризмнің мамандандырылған түрлерін дамытуда құнды ресурс бола алады. Ұзақ мерзімді перспективада Приозерск рекреациялық және тарихи туризмнің орталығына айналу мүмкіндігіне ие.
Жалақының өсуіне және халықтың сатып алу қабілетінің артуына байланысты қызмет көрсету саласындағы шағын бизнес біртіндеп кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта Приозерск дамуын жалғастыратын қонақ үй, сауда және басқа да қызметтермен салыстырмалы түрде қанағаттанарлық қамтамасыз етілген.
Қала аумағында әскери гарнизонның болуы қызметтерге сұраныстың артуына ықпал етеді.