Жиі қойылатын сұрақтар
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабы
5-тармағына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады.
Қызметтің бұл түрі бәсекелестік ортада болып табылады, тұтынушы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Теникалық реттеу комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-дан тиісті аккредиттеу аттестаты бар кез келген аккредиттелген ұйымға жүгінуге құқылы.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының 53-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын тексеру мерзімінің уақытын өткізіп алғанда, тұтынылған газдың көлемін есептеу тұрмыстық тұтынушылар үшін тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар Энергетика министрлігі тарапынан мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып тұтынушыны есепке алу аспабаның тексеру мерзімі аяқталғанға дейін 60 күнтізбелік күн бұрын кезекті тексеру қажеттілігі туралы хабардар ету бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жумыстары жүргізілуде.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады.
Осыған байланысты, газды есепке алу аспаптарын тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады.