Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Газ туралы және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 3 тармағына сәйкес өңірлік газдандыру схемаларын облыстар, республикалық маңызы қалалар, астананың әкімдіктері қалыптастырады.
Сонымен қатар, Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның ішінде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған газды пайдалануының басымдығы ескеріле отырып әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген сұйытылған мұнай газдың көлемін нақты өткізу туралы ақпаратты растау үшін тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген СМГ-ны бөлу қағидаларының 41-тармағына сәйкес мыналар ұсынылады:
- қатарынан үш күнтізбелік айдағы СМГ бойынша сатылымдар туралы ақпарат;
- СМГ сатып алу көлемін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеткізу шарттарын, электрондық шот-фактураларды, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірлері бар тауарға ілеспе жүкқұжаттарын, қорларды басқа жаққа босатуға арналған жүкқұжаттарды, тауар-көлік немесе теміржол жүкқұжаттарын, сондай-ақ «Бақылау-кассалық машиналарды пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген деректерді есепке алу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкаларының көшірмелері;
- мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық форматтағы хабарламаның көшірмесі;
- бақылау-касса машиналарының тәуліктік есептерінің (Z-есептерінің) көшірмелері.
Газдандыру жөніндегі қызметтер, нақтырак айтқанда жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары бәсекелестік және табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтер болып табылмайды.
Газбен жабдықтау жүйелерін салу және жеке инвестормен салынған газ жүйлеріне қосылу қызметтерінің құны бәсекелестік нарыққа жататынын және мемлекет тарапынан реттелмейді. Сонымен қатар, газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы 5 тармағына сәйкес, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығындар газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелері есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 4-тараудағы 51-тармаққа сәйкес, есептеу құралдарының техникалық қызмет көрсетуі және тексерілуі есептеу құралдарының иесі тарапынан жүзеге асырылады. Есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады. Меншік иесімен шарт бойынша есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғының иесі немесе өзге де мамандандырылған ұйым жүргізуі мүмкін. Сонымен қатар, 52-тармаққа сәйкес, есептеу құралдарын тексеру межелік тексеру уақытына сәйкес, мемлекеттік өлшемдер жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдер бойынша, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, құралдардың дәлдігіне күмән болған жағдайда, тексеру мүдделі тараптардың бірі берген өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Есептеу құралдарының тексерілуі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Өлшем құралдары келесі түрлермен тексеріледі: бастапқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық. Мерзімді тексеру пайдаланудағы өлшем құралдарына жүргізіледі. Газ есептегішінің тексеру мерзімі газ есептегішінің паспортында көрсетілген, ол тұтынушыда сақталады. Әрбір газ есептегішінің тексеру мерзімі өзіндік, аралық тексеру уақыты газ есептегішінің паспортында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Газ туралы және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 3 тармағына сәйкес өңірлік газдандыру схемаларын облыстар, республикалық маңызы қалалар, астананың әкімдіктері қалыптастырады.
Сонымен қатар, Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның ішінде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған газды пайдалануының басымдығы ескеріле отырып әзірленеді.
Бұрын мемлекеттік мекеменің стандарттары ММ СТ статуста 5 жыл мерзімге қабылнанған және мүдделі ұйымдардан өтініштер жасауына қарай Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға және басқа стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға қайта өнделген.
ММ СТ 153-39-187-2006 қатысты қайта өндеу және мерзімін ұзарту жөнінде Министрлікке өтініш түскен жоқ.
Осылайша, ММ СТ 153-39-187-2006 жарамсыз құжат болып табылады.
Сонымен бірге, 2006 жылғы бұйрықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына тапсырылғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, сұратылып жатқан ақпаратты алу үшін жоғарыда көрсетілген ұйымға жүгіну керек екенін хабарлаймыз.
Сонымен, сұратылып жатқан құжат қабылданған ұзақ мерзімен ескере отырып, word (.docx) форматында мәтін сақталған жоқ.
СҚҚК-1 «Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқұықтық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың тізбесіне» сәйкес МСП 4.03-103-2005 «Полиэтиленді құбырларын қолдана отырып, газ құбырларын жобалау, салу және реконструкциялау», ВСН 012/88 «Магистральдық және кәсіпшілік құбырларын салу. Сапасын бағалау және жұмысты қабылдау» нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы СҚҚК қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда көрсетілген құжаттарды өзекті және құқықты пайдалану туралы ресми ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жүгіну қажет.
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес газбен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі мынадай:
- газ тарату ұйымынан газ желілеріне қосуға техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) алу;
- берілген техникалық шарттар негізінде жобаны әзірлеу;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
- объектіні қабылдау және газбен жабдықтау желілеріне қосу.
ТШ алу
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)
12-бабының 4-тармағына сәйкес газ тарату жүйесіне қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы береді.
Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 261-тармағына сәйкес ТШ алу үшін тұтынушыларға 4 құжат ұсыну қажет болды.
Бұл ретте ТШ тегін берілетінін атап өту қажет.
Жобаны әзірлеу
Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес берілген ТШ газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады..
Тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жобалауға арналған рұқсат құжаттары бар кез келген жобалау ұйымымен шарт жасасуға құқылы.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары және газбен жабдықтау желілеріне қосылу
Тұрғын үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
18 сәуірдегі №26 бұйрығымен бекітілген көрсетілетін қызметтердің реттелетін түрлеріне жатпайды.
Осыған байланысты, тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес рұқсат беру құжаттары бар кез келген ұйыммен шарт жасай алады.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес газ тарату ұйымдары газбен жабдықтау желілеріне қосуға ТШ береді және орындалған жұмыстардың ТШ-ға сәйкестігін тексереді.
Бүгінгі таңда ҚТГА объектінің қосылуға дайындығына тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі 14-тен 9-ға дейін қысқартылды.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 30-бабы
2-тармағына сәйкес газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізу (газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу) «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 72-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлға жүзеге асырады.
Осылайша, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аттестаттаған заңды тұлғалар жүргізе алады.