Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2018 жылғы
17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 3- тармағына сәйкес, мұнай беру графигі (бұдан әрі – график) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (олар болған кезде), Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - өтінім), мұнайды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерінің жоспарлары мен мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлемі негізінде әзірленеді.
Қағаз және (немесе) электрондық түрдегі график мынадай ретпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі көлемді қалдық қағидат бойынша экспорттық маршруттарға бөлу.
График осы тармақтың бірінші бөлігінде және Қағидалардың 4, 5, 6 және 15-тармақтарында көрсетілген шарттарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде әзірленеді. Ақпараттық жүйе техникалық ақауларға байланысты және (немесе) істен шығуы жағдайларында график қағаз түрінде әзірленеді, бұл ретте график қағаз түрінде қайталанады және электрондық түрде бірдей күшке ие болады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы
8 сәуірдегі № 276 бұйрығымен бекітілген «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 11-тармағына сәйкес, графиктер ай сайын, есепті айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей қалыптастырылады және бекітіледі.
Бұл ретте графиктер келесі реттілікпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі қалдық қағидаты бойынша экспорттық бағыттарға көлемдерді бөлу.
Графиктер ақпараттық жүйеде қалыптастырылады.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін тауар биржаларынан тыс бөлуді жүзеге асырады.
Сұйытылған газды тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын тарату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету басымдығына негізделеді.
Осылайша, ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында министрлік сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салуды енгізді.
Бұл шара сұйытылған газды тұтыну мен өндіру арасындағы теңгерімге қол жеткізгенге дейін әр 6 ай сайын ұзартумен 2023 жылдың 14 қарашасында енгізілді.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу жоспары шегінде бөлінген сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ олардың лимитінен тыс жеткізу, тауар айырбастау айналымын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сатылған сұйытылған мұнай газының сомасы.
Осылайша, жекелеген елді мекендерде газ баллондарында сұйытылған газды таратушылар болмаған жағдайда, тұрмыстық баллондарға сұйытылған газды толтыру мен жеткізуді одан әрі үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
Алайда, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес газ құю станцияларында тұрмыстық баллондарды сұйытылған мұнай газымен толтыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 170-бабының 3-тармағына сәйкес Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Газдандыру жөніндегі қызметтер, нақтырак айтқанда жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары бәсекелестік және табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтер болып табылмайды.
Газбен жабдықтау жүйелерін салу және жеке инвестормен салынған газ жүйлеріне қосылу қызметтерінің құны бәсекелестік нарыққа жататынын және мемлекет тарапынан реттелмейді. Сонымен қатар, газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы 5 тармағына сәйкес, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығындар газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелері есебінен жүргізіледі.
Нормативтік есептеу 2 жағдайда жүргізіледі:
- Жеке газ есептегішінің болмауы.
- Жеке газ есептегішінің аралық тексеру мерзімінің өтуі.
Әрбір тұрмыстық газ есептегішінің өзіне тән тексеру мерзімі бар, аралық тексеру уақыты газ есептегіш құралдың паспортына көрсетілген және әдетте 5 жылдан 10 жылға дейін болады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, есептеу жеке газ есептегішінің көрсеткіштері бойынша емес, бекітілген тұтыну нормаларына негізделіп жүргізіледі. Есептегіштің иесі газ есептегішін тексеру үшін лицензиясы бар тиісті ұйымдарға жүгінуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 46-тармағына сәйкес, тұрмыстық тұтынушының кінәсі бойынша дәлелді себептерсіз қатарынан екі есеп айырысу кезеңі ішінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде жеткізуші тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептей отырып, тұрмыстық тұтынушыға тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша есеп айырысу жүргізеді.
Қазақстан Республикасының «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 4-тараудағы 51-тармаққа сәйкес, есептеу құралдарының техникалық қызмет көрсетуі және тексерілуі есептеу құралдарының иесі тарапынан жүзеге асырылады. Есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады. Меншік иесімен шарт бойынша есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғының иесі немесе өзге де мамандандырылған ұйым жүргізуі мүмкін. Сонымен қатар, 52-тармаққа сәйкес, есептеу құралдарын тексеру межелік тексеру уақытына сәйкес, мемлекеттік өлшемдер жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдер бойынша, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, құралдардың дәлдігіне күмән болған жағдайда, тексеру мүдделі тараптардың бірі берген өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Есептеу құралдарының тексерілуі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Өлшем құралдары келесі түрлермен тексеріледі: бастапқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық. Мерзімді тексеру пайдаланудағы өлшем құралдарына жүргізіледі. Газ есептегішінің тексеру мерзімі газ есептегішінің паспортында көрсетілген, ол тұтынушыда сақталады. Әрбір газ есептегішінің тексеру мерзімі өзіндік, аралық тексеру уақыты газ есептегішінің паспортында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Газ туралы және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсету коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тарату ұйымымен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізуге аттестатталған тәуелсіз мамандандырылған ұйыммен стандартты шартты жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсету қызметтері бәсекелестік ортада жүзеге асырылады, және тұтынушы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсететін кез келген ұйыммен шарт жасасуға құқылы.
Шарт шеңберінде Орындаушы коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №117 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес, тұтынушының газ жабдықтарына сапалы әрі уақытылы техникалық қызмет көрсетуге міндетті.Сәйкесінше, тұтынушы осы ұйымнан үлгілік шартта көзделген қызметтердің сапалы көрсетілуін талап етуге құқылы. Шарт бойынша міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған кез келген басқа газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсететін ұйыммен шарт жасасуға немесе аттестация берумен айналысатын төтенше жағдайлар департаментіне Орындаушының әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы.