Жиі қойылатын сұрақтар
Бос жұмыс орындар бойынша ақпаратты «Электрондық еңбек биржасынан» (бұдан әрі – ЭЕБ) алуға болады. Бұл – еңбек нарығының ақпараттық базасы болып табылады және толық көлемде жұмыс істейді, сонымен қатар, (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.
ЭЕБ жұмыс берушілерді персоналды іріктеу мүмкіндігімен, ал жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Күн сайын ЭЕБ базасы жаңа бос орындармен және түйіндемелермен толықтырылып отырады.
ЭЕБ арқылы мынадай қызмет түрлерін алуға болады: түйіндеме мен бос жұмыс орындары базасына онлайн режимде кіру, бос жұмыс орындарын жариялау және түйіндемені тарату, жеке кабинетіңізді тіркеу, ұнаған бос жұмыс орындарына өтініш білдіру және әңгімелесуге шақыру алу, Мансап орталықтарымен таратылған бос жұмыс орындары туралы онлайн ақпаратты қарау, сондай-ақ, кәсіптік бағдарлау тестінен өту және нәтижелері бойынша жұмысты таңдау мүмкіндігі бар.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін құрауы мүмкін, төлемнің мөлшері - табыстың орташа айлық мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдар оны тағайындау үшін жүгіне алады:
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
- адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш жасау кезінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына;
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталына;
- Enbek.kz порталында жұмыссыз ретінде тіркелген болса, осы порталда.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін ұсыну қажет:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, мансап орталығына:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі.
Атаулы әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тағайындалмайды:
1) отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асуы;
2) өтініш берушінің тексеру жүргізуден бас тартуы;
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің болмауы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;
4) отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде (бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды, үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда);
5) алушының кінәсінен бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу немесе әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау;
6) көрнеу жалған мәліметтер немесе дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну.
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) - жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына берілетін шартты немесе шартсыз ақшалай көмек.
АӘК оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады. АӘК көрсету үшін отбасының құрамына некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге қабылдаудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ, іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын бірге тұратын адамдар кіреді.
Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға, отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек белгіленеді.
Егер отбасы осы санатқа жататын болса, біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруына болады:
1) жанұя мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) жанұя мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт немесе құжат.
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі.
Гранттар:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
2) ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алушы төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушыларға;
5) қандастарға;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарға;
7) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Гранттар легтер бойынша және комиссия шешімдерімен беріледі.
4 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша үйірмелерді іздеу және оларға жазылу үшін арнайы «DamuBala» платформасы бар. Тегін үйірмелерге жазылу үшін жоғарыда аталған жүйеге тіркеліп, балаларыңыздың профильдерін (аты-жөні, туған жылы, өзге де ақпараттар енгізіп) құрып және өз таңдауыңыз бойынша оларды спорттық үйірмелерге немесе шығармашылық үйірмелерге тегін жаза аласыз. Ескере кететін жағдай - бір бала 1 үйірмеге ғана тегін жазыла алады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит ауылға келген дипломды мамандар мен мемлекеттік қызметшілерге беріледі.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы мемлекеттік қызмет арқылы ұсынылады. Маман қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
- күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
- күнтізбелік отыз екі күн ішінде келісім жасасу рәсімі жүзеге асырылады және келісім жасалғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беріледі;
- әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға дәлелді жауап жібереді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты www.minagri.gov.kz. сайтынан «Дипломмен ауылға» бөлімінен алуға болады.
Қызметті алу үшін elicense.kz порталына кіріп, «Қауіпсіздік» қойындысынан қажетті қызметті және мемлекеттік мекемені таңдау қажет.
Әрі қарай ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепке алу мәртебесінің орналасқан жерін көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктегеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өтінішке қол қою қажет.
Оқу кезеңінде білім алатын азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш;
2) оқып жатқандығын растайтын білім беру ұйымының анықтамасының электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (ата-ана немесе заңды өкіл) құжаттарды портал немесе қағаз тасығыш арқылы тапсыра алады.
1) портал арқылы жүгінген жағдайда қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қажетті ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі) енгізіледі.
Хабарлама алу: Мемлекеттік қызметтен бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ-мен қол қойылған хабарлама жібереді. Хабарламада бас тарту себептері көрсетіледі.
2) қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін келу туралы есептен шығару талонын береді.
Талон тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі туралы ақпаратты қамтиды.
Есептен шығару талоны: оқуға келген білім алушы келетін білім беру ұйымына есептен шығару талонын ұсынады.
Есептен шығару талонының түпнұсқасы білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды алу үшін беріледі.
Келу туралы куәлік: Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы білім алушының кететін орта білім беру ұйымына беріледі. Бұл куәлік басқа орта білім беру ұйымына келгеннен кейін беріледі.
Негізгі талаптар:
1) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке мәліметтері мен оқу орнына қатысты ақпараттың дұрыстығы.
2) құжаттардың толықтығы мен уақытында тапсырылуы.
Егер сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе нақты сұрақтарыңыз болса, жергілікті білім беру басқармасының ресми сайттарына немесе кеңселеріне жүгінуіңізге болады.