Жиі қойылатын сұрақтар
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларымен марапатталған көпбалалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, сондай-ақ «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар;
Әлеуметтік жағынан осал топтар;
Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкер кандидаттары, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.»
Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөнiндегi талаптар
-
Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.
-
Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткiзу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.
-
Уәкілетті органның ведомствосы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының нормативтерін әзірлейді және бекітеді.
-
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық қорғаныс аймақтарына қойылатын санитраиялық эпидемиологиялық талаптар» қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-2, бұйрығының 1 қосымшасының 11 бөлімі 9 пункттінің биологиялық камералары бар, күйдіргі аурумен ауырған мал ертеректе көмілген шұңқырға көметін мал қорымдары туралы бұйрыққа сәйкес, көрсетілген аймақтың координаттары бойынша ақпарат беріледі.
Мемлекеттік қызметтің көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін рұқсат алымының бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;
3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
4) "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде рұқсат беру талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 тіркелген) көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда).
Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге келесі аумақтарда тыйым салынады:
1. Қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына арналған жерлер.
2. Елді мекендердің жерлері және оларға іргелес аумақтар (1000 метр қашықтықта).
3. Іс жүзінде пайдаланылып жатқан гидротехникалық құрылыстар орналасқан жер учаскелері (техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілері болып табылмайтын) және оларға іргелес аумақтар (400 метр қашықтықта).
4. Су қорының жерлері.
5. Ішуге жарамды немесе жарамды болуы ықтимал жер асты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурлары.
6. Зираттар, қабірлер мен қорымдардан, сондай-ақ қорымдар мен зираттарға бөлінген жер учаскелерінен 100 метр қашықтықтағы аумақтар.
7. Үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелері, олардың ғимараттары, құрылыстары, көпжылдық екпелері орналасқан және оларға іргелес аумақтар (100 метр қашықтықта) — мұндай тұлғалардың келісімінсіз.
8. Автомобиль және темір жолдар, әуежайлар, аэродромдар, аэронавигациялық және авиациялық техникалық орталықтар, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетикалық жүйелер мен электр желілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбырлар орналасқан жерлер.
9. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бөлінген жер қойнауы учаскелері.
10. Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге тыйым салынған басқа аумақтар.
Индустрияландырудың бірыңғай картасы – бұл өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы. Индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіп саласындағы жобалар енгізіледі.
Жобаларды Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: Бірінші кезең – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жобаның негізгі көрсеткіштері көрсетілген жобалар тізбесін қалыптастыруы; Екінші кезең – жобаларды уәкілетті орган мен ұлттық институттың қарауы; Үшінші кезең – жобаларды Штаб отырысында қарау.
Кісі есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу мәселесі аудан, қала әкімдіктерінен келіп түскен ұсыныстар негізінде жылына бір рет Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.
Кісі есімін ономастикалық нысандарға беру мәселесі Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады. Ең алдымен ұсынылатын тұлғаның есімі республикалық «Тарихи тұлғалар» тізімінде болуы тиіс.
Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс болып саналады және бұл үшін айыппұлдар, түзету жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруға жауапкершілік тікелей сол мемлекеттік органдарға жүктеледі. Бұл талап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №109/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларында» белгіленген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V Заңының 6-2-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мазмұны мен ақпараттық толықтырылуы бойынша талаптарды бекіту уәкілетті органның құзыретіне кіреді.
Осыған орай, әрбір мемлекеттік орган өздерінің ресми интернет-ресурсын уақытылы және өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті.