Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмылдыру кезінде әкімдіктердің рөлі өте маңызды. Олар жергілікті жерде барлық жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Негізгі міндеттері:
🔹 Өз өңіріне арналған жұмылдыру жоспарларын әзірлеп, іске асырады;
🔹 Әскери міндеттілерді тіркейді және қажет жағдайда бронь қояды;
🔹 Техника мен көліктерді, сондай-ақ азаматтарды әскери бөлімдерге жеткізуді ұйымдастырады;
🔹 Арнаулы құрылымдар (мысалы, құтқару отрядтары) құрып, олардың жұмысын басқарады;
🔹 Жергілікті кәсіпорындармен шарт жасап, қажетті ресурстарды дайындайды;
🔹 Халыққа жұмылдыру кезінде не істеу керектігін түсіндіреді, хабарлайды;
🔹 Қажетті мүлікті бөліп береді, инфрақұрылымды бейімдейді.
Әкімдік - жұмылдырудың жергілікті ұйымдастырушысы.

 

Мақсаты: Жергілікті деңгейде жұмылдырудың толық ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, азаматтар мен ресурстардың тиімді жұмылуын үйлестіру.