Жиі қойылатын сұрақтар
Облыс орталығы Талдықорған қаласын газдандыру толығымен аяқталды. Табиғи газға 54,3 мың абонент қол жеткізді. Жоба IV кезекке бөлінген (барлығы 22 іске қосу кешені). Жалпы құны 19,4 млрд.теңге. Желілердің ұзындығы 926 км.23 847 тұтынушы қосылған. Абоненттерді табиғи газға қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 111 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіне аласыз. www.mks.gov.kz, www.elicense.kz сондай-ақ, сіз тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгіне аласыз.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіне аласыз. www.egov.kz сондай-ақ, сіз тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгіне аласыз.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №159 бұйрығымен бекітілген 1-тарауы, 3 тармағында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді» - делінген.Осыған орай, Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы" (ХККО) коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік архивтерге сұраным жолдауыңызға және қызмет берушінің кеңсесі арқылы жіберуіңізге болады.
«Талдықорған орталық жүзу бассейні» облыстық су спорты түрлерінен мамандандырылған мектебі өз қызметін «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес жүргізеді. Спорттық мектепке медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, тестілік сынақтар нысанында іріктеуден өткен балалар қабылданады. Спорт түрлері: жүзу, суға секіру, әртістік (синхронды) жүзу, су добы бойынша бастапқы даярлық топтарына 7 жастан 9 жасқа дейін оқушылар тегін негізде қабылданады, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 15 жасқа дейінгілерді қоса алғанда спорттық-сауықтыру топтарына тегін топтарға қабылдау жүргізіледі.Балаларды топтарға жазу мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы және Талдықорған орталық бассейнінің ресепшнына хабарласып, мамандардан барлық қажетті ақпаратты ала аласыз:Меңлібаева Айнұр Кеңесқызы (әдіскер): 40-25-30. Қабылдау: 40-10-13, 40-09-38.
Аграрлық техниканы кәдеге жарату бағдарламасын іске асыру ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан басталды, кәдеге жаратуға техниканы қабылдауды "Оператор РОП" ЖШС жүргізуде, Талдықорған қаласы, индустриалды аймақ, Центральная көшесі- 19 үй, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі- 4в -үй. Телефон номерлері 8 747 141 19 49, 8 776160 01 27, 8 771 766 43 05.Өтінімдерді қабылдау электрондық түрде "Оператор РОП" ЖШС, recycle.kz. ресми сайтында жүргізіледі, өтінішке жеке куәлік пен техниканы есептен шығару туралы анықтама және техниканың бірнеше фотосуреті қоса беріледі.Жеңілдік сертификатының номиналы 560 мың теңгеден 2 млн.теңгеге дейін. Сертификат тіркелген сәттен бастап оның қолданылу мерзімі-12 ай.
Көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған бағада бекітіліген операторлар арқылы, бекітілген баға бойынша арзандатылған бағада жанар – жағармай беріледі.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын (көшеттерін) өндіру қызметін жүргізу үшін куәлік берілген 32 аттестатталған шаруашылық субъектілері жұмыс істейді, оның ішінде 12 бірегей (оның 8-ы көшеттіктер), 24 элиталық (оның 8-ы көшеттіктер), 14 бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндіруші қызметін жүзеге асырады. Аттестатталған тұқым (көшет) өндіруші шаруашылықтар тізімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында енгізілген.
Шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға қатысты, Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы жайылымдарды суландыру көздеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге шахталы және құбырлы құдықтардың 70%-тен астамы, сонымен қатар барлық су құбырлары күрделі жөндеуді қажет етеді.Су көздерін қайта қалпына келтіру ісі «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шығындарының, оның ішінде суару көздерін салу немесе жаңғырту, су көтеру құрылғыларын орнату, күн панелдері мен автоматты суару жүйелерін енгізу шараларын, мемлекет тарапынан 80 процентке дейін субсидиялау қарастырылған. Облыс әкімдігі шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2014 жылдан 2020 жылға дейін жайылымдарды суландыруға 746,3 млн.теңге субсидия бөлді. 850 құдық салынды, 446,6 мың гектар жайылым қамтылды.Ағымдағы жылы 31 құдық салынып, осы мақсаттарға 175 млн.теңге субсидия қарастырылған.
«Агробизнесс 2020» бағдарламасы аясынада жүргізіліп жатқан екінші деңгейлі банктермен кредиттік сыйақының тиімді мөлшерлемесімен техниканы субсидиялау жолдары арқылы сыйақыны субсидилау мөлшері Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен субсидилау қағидасына сәйкес мемлекет тарапынан 10-пайызын субсидиалау жеңілдіктері күшіне еніп, қазыргі таңда осы бағдарламаға шаруашылықытар тарапынан өтінімдер қабылдану барысында. Аталған бағдарламаға қатысу үшін «КазАгроКаржы» АҚ-ы арқылы лизингке алынған техникалар кіреді, бұдан бөлек екінші деңгейлі банктер арқылы алынған жағдайда техникалардың сиақы мөлшері 17 пайыздан аспау керек.Бағдарламада жаңа, бұрын пайдаланбаған техникалардың сыйақы мөлшерлемесі субсидиаланды.Мысалға «КазАгроҚаржы» компаниясында техника алу барысы келесідей.Өздігінен жүретін техникалар бастапқы құнының 15 пайызы төленіп 7 жылға беріледі, тіркемелі техникалар 25 пайызбен 5 жылға беріледі. Техниканың өзі кепіл ретінде тіркеледі. Негізгі төлем жылына бір рет, техника алушының өзінің ыңғайына қарай төлем мерзімін рәсімдейді, мысалға МТЗ 82.1 тракторын 6,7 млн. теңгеге алса оның алғашқы төлем 15 пайызы алынып тасталып, негізгі сомма 7 жылға бөлінеді (жылына орташа 800 мың).Сонымен қатар, Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін, жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 48 Бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидилау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған инвестициялық субсидиялаудың негізігі мақсаты капитал сиымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен агроөнеркәсіптің басымды бағыттарында (секторларында) инвестицициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс істеп тұрған агроөнеткісәпітік кешендерді қажетті жабдықпен техникамен жарақтандыру, өндірістік қуатын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.Аталған бағдарламаға қатысуға диқаншылық немесе мал шаруашылығын дамытып отырған шаруашылықтар өздерінің қаражаттарына немесе лизингке алған жағдайда қатыса алады.Диқаншылық бағытында жұмыс жүргізетін шаруашылықтар үшін өзінің қаражатына алынған өздігінен жүретін техниканың 25 пайызы қайтарылады. Бұл бағыт бойынша өз қаржысына алынған өздігінен жүретін техникалардың 25 пайызы қайтарылады және тіркемелі техникаларының 25 пайызы қайтарылады.