Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына» сәйкес, яғни тұқым өсіруші шаруашылығына қойылатын талаптарға (2-қосымша) сай болған жағдайда, «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет алып, аттестаттау туралы куәлік берілгеннен кейін ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын өндірумен айналысуға болады.
Аймақтарға бөлу дегеніміз-жер аумағын олардың мақсаты мен пайдалану режимін белгілеу арқылы анықтау. Аймақтарға бөлуді белгілі бір деңгейде ұйымдастыруды тиісті атқарушы органдар жүзеге асырады, аймақтарға бөлу жобаларын өкілді органдар бекітеді. Аймақтарға бөлу кезінде айқындалған және жоғарыда көрсетілген тәртіппен бекітілген аумақты пайдаланудың нысаналы режимі жер құқығы қатынастары субъектілері үшін міндетті болып табылады. Бұл жұмыс жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (8-бап).
ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттарға бөлінеді (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді мекендер, өнеркәсіп және т.б.) және олар үшін белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады.Жерді санаттарға жатқызуды, сондай-ақ нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыруды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүргізеді (1.2-бап).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қағидаларының қабылдануына байланысты, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін: электрондық үкімет порталына өтініш беру қажет. Мемлекеттік қызметті алу жеке және заңды тұлғаларға электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Өтініште жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсете отырып, сұралып отырған нысаналы мақсатын (сіз учаскені не үшін пайдаланғыңыз келетінін) көрсету және учаскені сәйкестендіру үшін қажетті алаңдарды толтыру қажет.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде ауылдық әкімдіктерде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылды. Ол жерде бөлімдердің мамандары электронды цифрлы қолтаңба алу және оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.
Отбасы құрамы өзгерген - отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;өтініш берушінің жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынуын қоспағанда, отбасының жиынтық табысын айқындау кезінде есепке алынбаған фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда - атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген айдан бастап.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар бар табысы аз отбасыларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:
1) жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Геоақпараттық порталды пайдалану азаматтарға жер, қала құрылысы және өзге де ақпаратқа ашық қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндік береді. Геопортал сондай-ақ жерге орналастыру, қала құрылысын жоспарлау, басқарушылық шешімдер қабылдау және Мемлекеттік қызметтерді барынша қысқа мерзімде сапалы көрсету үшін мемлекеттік органдар үшін құрал болып табылады.Жүйенің басты артықшылығыавтоматты түрде жаңартылатын толық және тиісті ақпараттың болуы.
Аталған мәселе бойынша құзіреттілігіне қарай Алматы қаласының қалалық мобильдік басқармасына уақыты жолданады