Жиі қойылатын сұрақтар
Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұған дейін оған жер пайдалануға берілген жер учаскесін сатып алу ниетін білдірген кезде, бұл тұлға аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді.Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық құнын (бағасын) бекітеді және 2021 жылға дейін мораторий жарияланған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес – жер учаскесін игерудің мерзімі мен жағдайларын жергілікті атқарушы органдармен осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындалады.Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес - Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
- ӘМАТ бағаны тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 3,0 млрд теңге бөлінді, (2020 жыл – 2 млрд тг., 2021 жыл – 1 млрд. тг.). Оның кәсіпкерлік субъектілерге займ беру механизмі бойынша - 2,3 млрд.тг, өңірлік тұрақтандыру қорын ӘМАТ-мен қамтамасыз ету механизмі бойынша 0,7 млрд.тг.Тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде ӘМАТ сатып алу интервенциясы жүргізілді және 8 667,2 тонна өнім сатып алынды, оның ішінде 7134 тонна өнім форвардтық сатып алу жолымен жүзеге асты. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының қалдығы 2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша 405,9 тоннаны құрайды.Қалыпты нанға баға тұрақтандыру мақсатында 2020 жылдың қазан айында 1564,0 тонна ұн сатып алынды, ол Алматы облысының наубайханаларына пішінді (әлеуметтік) нан пісіру үшін сатылады. Бүгінгі таңда наубайханаларға 1553,5 тонна ұн жөнелтілді.Наубайханалардан бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген қалыптық нанның босату бағасы бір бөлке үшін 85 теңгеден аспайды. Кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу тетігі бойынша қазіргі уақытта 11 кәсіпкерлік субъектісіне 2024,7 млн тенге сомасында несие берілді. Аталған кәсіпкерлік субьектілерінде ӘМАТ бағасы 10-15% нарық бағасынан төмен бағамен сатылуда.Жоғарыда аталған механизмдер аясында тек отандық өндірушілер тауарлары қамтылады.Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Ақсай Нан» АҚ-на 400 млн.тг жеңілдетілген несие берілді (1 бөлке 600 гр – 90 тг). 1022 дистрибьюторлық тарату нүктелерімен Талдықорған қаласы мен жақын аумақтағы аудандарға әлеуметтік нанды 90 тг. қамтамасыздандырады.
Халыққа тауар сатып алу, сауда инфрақұрылымын дамыту, сауда қызметін дамыту мен жетілдіруге жәрдем көрсету, сапалы сауда қызметін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау мақсатында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы аудандар мен қалалардың кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесіп, облыс аумағында орналасқан сауда базарларының иелерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңына сәйкес базарларды стационарлық форматқа жаңғыртуды жүргізу қажеттілігі туралы
- Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бизнесті қолдаудың жүйелі шараларын қамтамасыз ету мақсатында облыста "Бизнестің жол картасы-2025" және "Еңбек "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.Бағдарлама аясында ағымдағы жылы облыс бойынша бизнесті қаржылай қолдау үшін 20,7 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылған. 2000-нан астам шағын және орта бизнес субъектілерін (БЖК-1500 жоба, Еңбек-500 жоба) 13000 жұмыс орнын құрумен және 6000 жұмыс орнын сақтаумен қаржыландыру жоспарлануда.Анықтамалық:2020 жылы 1700 бизнес субъектісі қаржыландырылып, 3000-нан астам жұмыс орны құрылды.Қазіргі уақытта 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 700 жоба қаржыландырылды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 қаржыландырылған жобаға артық.Бұдан басқа, ағымдағы жылы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы шеңберінде 1,6 млрд.теңге көзделген. Алайда, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің арқасында "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ақша қаражатының тапшылығын ескере отырып, субсидиялау құралы бойынша қаржыландыру көлемін 4 есе ұлғайтуға және оны 7,1 млрд.теңгеге жеткізуге мүмкіндік туды. Соңғы 4 жылда облыс бойынша мұндай сома бөлінген жоқ.Кәсіпкерліктің дамуына теріс әсерін тигізген ететін Елдегі және жалпы әлем бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мемлекеттік бағдарламалар олардың одан әрі қызметіне оң әсер етеді.
Алматы облысының инвестициялық жобалары бойынша ақпарат беру.
ҚР-да шетелдік мамандарды шақыру алгоритміне сәйкес қолдаухат негізінде облыс әкімдігі уәкілетті орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына ұсыныс шығаруды жүзеге асырады.
Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын газдандыру үшін «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» АГТС-на бұрулармен «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Газ құбырының жалпы ұзындығы-318 км. ЖСҚ-ны ағымдағы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылға жоспарланған."Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырынан халық саны 156,4 мың адамды құрайтын 148 елді мекенді газдандыру көзделіп отыр.