Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген "құрылыс саласында құрылыс салуды және рұқсат беру рәсімдерінен өтуді ұйымдастыру" Қағидаларының 41-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі, оның ішінде қайта жаңарту (қайта жоспарлау) үшін құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда, бас тарту үшін осы негіздеме қолданылмайды немесе бекітілген Бас жоспарға өзгерістер енгізу нәтижесінде пайда болған, елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе дамыту және салу схемасы.
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы.
2-Параграф
|
Сіз презентацияңызды digitaloffice@almobl.gov.kz электрондық поштасына немесе пошта арқылы Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 5Б мекенжайына жібере аласыз. |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет»веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.Комиссия нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін қарастырады.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Жер кодексінің 37-бабына сәйкес шаруа қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жер учаскелері 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалғаалу) құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.Шаруа қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары бөлімдері қалыптастырады және бұл қоғамдықкеңестермен,агроөнеркәсіптіккешенсаласындағымемлекеттікемесұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттықкәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзібасқару органдарымен келісіледі.Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаныңнемесеҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікемесзаңдытұлғасыныңуәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.Конкурсты жер комиссиясы өткізеді.Конкурстың қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.
Байланыс сапасына шағымдар туындаған жағдайда тұрғын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына проблеманы, өтініш берушінің байланыс деректерін және нақты мекенжайын көрсете отырып, ресми өтініш жазуға құқылы. Осы өтініш негізінде байланыс операторларына қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды түзету туралы нұсқама беріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет»веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.Комиссия нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін қарастырады.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақтан Республикасы Жер кодексінің 44-1 – бабына сәйкес елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскелерін жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша жергілікті атқарушы орган және оның сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшесі береді.«Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға жазбаша өтінішпен жүгінці қажет.Сәулет және қала құрылысы қызметі мен жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде ауылдық округ немесе қала әкімі өз шешімімен нақты жер учаскесіне құқық береді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.
Жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығыон екі сағаттан кем болмайды